Айбынды айшықты Ата Заң

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Айбынды, айшықты Ата Заң»

Мақсаты:

1.Білімділік:Оқушыларды Ата Заңда бекітілген баланың құқықтары атты тараулармен таныстыру.

2.Дамытушылық: Саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру; қоғамдағы заңдарды білуге, оны құрметтеуге баулу.

3.Тәрбиелік: Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейрімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, буклеттер.

Барысы:

Егеменді республикамыз 1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз - Конституццияны қабылдады. Бұл қазақ тарихына «30 тамыз - Конституция күні» деп белгіленді. Конституция қабылданған күн - барлық Қазақстан халқы мерекелейтін жалпы мемлекеттік мейрам.

Конституция дегеніміз латынның «constitution» сөзінен шыққан, яғыни орнату, құрылым деп аударылады. Жалпы айтқанда қоғамда, біз өмір сүріп отырған мемлекетте тәртәп орнату деген сөз. Әрбір қоғам мүшесі белгілі бір ережені орындау үшін, мемлекет тарапынан міндеттеу әдістерін заңдастырады. Олай болса әрбір қоғамды ұйым десек, ал Конституция - осы ұйымның жарғысы болады. қандай да ұйым өзі қабылдайтын құжаттардың бәрін белгілі бір жарғыға сәйкес болуын талап етеді. Бұл талапты «Мемлекеттік жарғы» деп атай аламыз.

Конституция - халықтың жалпы еркіндігін білдіретін, ең жоғарғы заңдық күші бар және рухани-адамгершіліктің маңызды ұстанымдары бекіген қоғам мен мемлекеттік заң.

Ата Заң - біздің азаматтарымыздың құқығы мен бостандығының кепілі. Барлығымыз Ата Заң бойынша өмір сүрудеміз. Барлық мәселе әр азаматтың Ата Заңды реттеп, өз құқықтарын біліп, сол заңдарды ұстану керек. Ата Заң биліктің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата Заңы қорғайды.

Әлихан: Конституция - ерікті елдің құқы,

Адам құқы алдымен елдің құқы.

Мемлекетім жан-жақты дәйектелген

Конституция - алтын заң ,елдің құты.

Жансая: Туған жерім күн санап әсемденіп,

Көз тартады көркімен әсер беріп.

Ата Заңым елімнің мақтанышы,

Бірге есейген халқыммен бекемденіп.

Санжар:Жаса мәңгі тәуелсіз арысты елім,

Ата Заңмен әрқашан табысты едің.

Соның бәрін дамытып кең даламда,

Болашағың болсын так Барыс сенің!

Қасиет:Ғұрпымыз бар ел сенген,

Дәстүрлері ең ізгі.

Әділдікпен өлшенген,

Заңымыз бар ең ізгі.

Бас иетін бар адам,

Әрбір сөзі салмақты.

Қорғар бәлә-жаладан,

Ата заң бұл салмақты.

Сабыржан:Өркендеп өз қолына алған ісі,

Биікке қазағымның самға құсы.

Халық боп қадір тұтып қастерлеген

Ата Заң - азат елдің ар-намысы.

Ақниет:Елге арналатын тілге шын,

Ей ұлым, Отанымның түлегісің.

Іргесін туған елдің тіреп тұрған

Қадірін Ата Заңның білемісң?

Тимур:Ешкім де мін таға алмас елдігіме,

Дауласып жармаспайды белдігіме.

Бойында Ата Заңның өріліп тұр,

Даламның кеңдігі де, теңдігі де!

Алина:Бағындырған өз заңына жұмыр ғалам,

Сондықтан күннен жерім суынбаған.

Қоғамның сан саласын реттейтін,

Әрбір заң Ата Заңнан туындаға,.

Ақтоты:Бастайтын болашаққа бақ кемені,

Осы жол халықтың да нақ сенері!

«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға

Елбасы қолын қойып ант берді!

Мадияр:Болғанмен бұл өмірде айлаң күшті,

Ел үшін кім тындырар қайран істі?!

Елінің дамуы мен дағдарысы

Олдағы Ата Заңға байланысты.

Әнел: Қасиетті қазақ жері байырғы ,

Әлеуметтік, құқықтық ел зайырлы.

Конституция алтын арқау қоғамға,

Бола берсін баршамызға қайырлы

Аружан:Әр бабы, әр тармағы жойылмайды,

Шектеуде және тегін қойылмайды.

Келісімшарт жасасқан барлық шет ел

Қазақтың Ата Заңын мойындайды.

Ақерке:Өмірде әділдік пен бақ табатын,

Құқығым қорғалды деп шаттанатын

Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп,

«Бұл біздің - Ата Заң» деп мақтанатын.

Бекарыс:Бостандық деп атар әр күн, таңымыз,

Ар-намыстан тасынады қанымыз.

Ғасырларды ертегімен жалғаған,

Елдік негіз құрған Ата Заңымыз.

Оқшылардың орындауында «Елім менің» әні.

-Балалар, конвенция дегеніміз не білесіңдер ме?

Конвенция - дүниежүзілік құжат. Бұл құжатта баланың негізгі құқықтары мен міндеттері, бала құқықтарын қорғау, бала тәрбиесіне әсер ету ерекшеліктері қаралған.

Бала құқықтары туралы халықаралық конвенция:

  • Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынып және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.

  • Әрбір бала өз отбасында, өз ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.

  • Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

  • Бала кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға, кемсітіп, қорлауға құқығы жоқ.

  • Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.

  • Бала білім алуға құқылы

  • Бала демалуға, бос уақытқа және мәдени өмірге құқылы.

  • Бала еңбек бостандығының құқығы.

Сондай-ақ 20-бап бала міндеттері:

Әрбір бала ҚР-ның Конституциясын және Заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-ожданы мен қадір-қасиетін, Республикамыздың мемлекттік нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұраларды сақтауға,тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтауға, табиғатты сақтауға міндетті.

Ата Заңым - мерейің,

Мәртебең мен беделің.

Ата Заңмен өркендеп,

Өсіп, өрлей берейік.


© 2010-2022