Математикадан қозғалысқа арналған саяхат -сабақ (4-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Саяхат-сабақ

Тақырыбы: Бірінен -бірі қарама-қарсы бағытта қозғалған

қозғалыс денелері. Алыстау жылдамдығы.

Мақсаты: қозғалыс денелерінің шамалары-

v, t, S-на берілген есептерді шығаруды пысықтай түсу. Бірінен-бірі қарама-қарсы бағытталған қозғалыс денелері, жылдамдықтары туралы түсінік беру, алыстау жылдамдығын таба білу. Ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, тест, машина суреті

Түрі. Жаңа сабақты түсіндіру.

Әдісі: түсіндіру, жинақтау, есептеу.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Түгендеу.

-Балалар, бүгін бізге қонаққа көрші ауылдардан қонақтар келіп отыр екен. Қонақты қалай қарсы аламыз?

(Балалар орындарынан тұрып амандасады)

-Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем беріп сіздерге,

Бас иеміз біз.

-Жақсы, рақмет. Ал енді қонақ аз отырып, көп сынайды деген аталы сөз бар. Ендеше, біз қонақтарға жақсы тәртібімізбен, білімімізбен есте қалатындай бүгінгі сабаққа белсенді қатысып, бар күшімізді салып көрейік.

Топтарға бөлу. Топ басшысын сайлау. Ережемен таныстыру.

1-топ «Білім»

Ұраны: Оқу-білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы.

Топ басшысы-Данияр.

2-топ «Дарын»

Ұраны: Дарын, жанып тұрған жалын.

Топ басшысы- Арайлым

2. Үй тапсырмасын тексеру.(80-бет, №8)

Бүгінгі күнді жаздыру.

«Ой шақыру» стратегиясы

Интербелсенді тақтамен жұмыс

Қозғалыстағы денелердің шамаларын еске түсіру

Өлшем бірліктерін жазу

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

-Балалар, біз білімімізді әрі қарай толықтыру үшін саяхатқа шығамыз. Сендер екі топ болғандықтан екі қалаға сапар шекпекпіз. Әрине, жаяу емес. Техниканың дамыған заманында саяхатқа екі машинамен шығамыз. «Білім» тобы- Ауди, «Дарын» тобы - Тойота көлігімен.

Жылдамдықтары әртүрлі - 70,80 км/сағ

Жол бойы бізге әртүрлі көлік түрлері тапсырма беруі мүмкін. Сондықтан жақсы дайындалайық. (Әр тапсырманы орындаған сайын жол бойындағы ауыл аттары шығып отырады)

1-тапсырма. Есеп құру, шығару

Проблемалық сұрақ

Арайлым мен Томирис мектепке баруға сағ.12.00-де үйден шықты. Олар бір-біріне жақындады ма, әлде алыстады ма? (дұрыс, жақындады)

-оны қандай жылдамдық дейміз? (жақындау)

-Оны қалай табамыз? ( қозғалыстағы екі дененің жылд-н қосамыз)

Ал енді сабақ біткен соң олар үйлеріне жинала бастады. Бір мезгілде Арайлым мен Томирис мектептен шығып екі жаққа үйлеріне кетті. Олар бір -бірінен алыстады ма, жақындады ма? Оны қандай жылдамдық деп атайды? Дұрыс, алыстау жылдамдығы. Ендеше, бүгінгі тақырыбымыз да осы жайлы болмақ.

Оқулықпен жұмыс. №1 81-бет. Сұрақтарға жауап беру.

Сергіту сәті.

Қызықты есептер

1-топ

1. 1м-де неше см бар?

2. 4-тің кубы

3. Санды бірге көбейткенде не шығады?

4. 63:9

5. екінші кластың 50 бірлігі, бірінші кластың 50 бірлігі қандай сан?

6. Ұзындығы 5 см, ені 3см тік төртбұрыштың периметрін тап.

7. 64 қай санның квадраты?

8. Ұшақ семейден Алматыға дейін 1сағ 20 мин ұшады, ал кері 80мин ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең, 1сағ 20мин =80мин

9. Барлық араб цифрларының қосындысы неге тең? (0)

10. Тордағы көжектердің аяқтарының саны 84, сонда торда неше көжек бар? (21)

2-топ

1. 1тоннада неше центнер бар?

2. Шаршының ауданы 81см, қабырғасы нешеге тең?

3. Ең үлкен төрт таңбалы санға 1-ді қоссаң, неше шығады? (10000)

4. 2700:х =9, х-нешеге тең?

5. 7х8 нешеге тең?

6. 4531 санында неше бірлік мың бар?

7. 1ғасырда неше жыл бар?

8. Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды?

9. Телжанның кілең 1теңгеліктен тұратын барлығы 100теңге ақшасы бар еді. Ол оқу-құралдарын сатып алғанда 97 теңге төлеуі тиіс еді. Мұны қалай тез санап беруге болады?(3 теңгесін өзіне қалдырады)

10. Теміржол кассасында Алматыға дейінгі ұшақтың 57 билеті, ал Ақтөбеге дейінгі пойыздың 25 билеті сатылды. Теміржол кассасында барлығы неше билет сатылды? (25 пойыз билеті, себебі ұшақтың билеті теміржол кассасында сатылмайды)

Мини-тест

1. Екі мың он тоғыз саны:

а) 2019 ә) 2190 б)2109

2. Ұшақ 9000м биіктікке ұшты. Осы биіктікті км-мен өрнекте.

а) 90км ә) 9км б)900км

3. Уақыттың өлшем бірлігі

а) км, м, см ә)ғасыр, тәулік, секунд б) тонна, кг, г

4. 1 тонна қамыр илеу үшін 60кг май жұмсалады. 30тонна қамыр илеу үшін неше кг май керек?

5. 7-нің квадраты

а) 14 ә)49 б) 343

6. Санды нөлге бөлуге бола ма?

а) болады ә)болмайды б)кей кезде

7. Қай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?

а) 2 ә)3 б)1

Рефлексия

-Сонымен, балалар біз екі қалаға сапарға шықтық. Біз бір-бірімізден алыстадық па, әлде жақындадық па?

-Жол бойы қандай ауылдарды кездестірдік?

Ертіс Ертіс

Қожамжар Панфилов

Ақтоғай Ұзынсу

Мүткенов Ағашорын

Әуелбек Ленин

Алғабас Амангелді

Ленин кенті Русская поляна


Павлодар Омбы


Енді әр ауыл бір сағат деп алып, әрқайсыларыңның жылдамдықтарың белгілі, жүріп өткен қашықтықтарыңды есептей қойыңдар.


© 2010-2022