Қош бол құтты Әліппе!

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қош бол құтты Әліппе!Қош бол құтты Әліппе!

Бөрлі негізгі орта қазақ мектебі











Қош бол

құтты

Әліппе!


ертеңгілік



Өткізген : Майманов Н.Д.


Мақсаты:

Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау, ата- анаға өнерлерін көрсету.

Оқушылардың эстетикалық талғамын ұластыра түсу.

Көрнекілігі: суреттер , әріптер , проектор , экран

Ертеңгіліктің өтілу барысы:

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар!

Бала - біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпағымызды «хан баласындай нық , бидің баласындай тік» сөйлейтіндей етіп тәрбиелеу - бүгінгі біздің ұстаздардың, ата-аналардың міндеті. Соның бір көрінісі бүгінгі «Қош бол, құтты Әліппем!» ертеңгілігін көріп тамашалағалы отырсыздар!

Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы - Әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Әліппе 42 әріпті танытып, оқуға жазуға үйретіп сауаттылықтарын арттырады. Сондай жағдайға жеткізген Әліппемен қоштасқалы отыр.

Бала деген шіркін-ай балдай екен,

Тәттілігі жая мен жалдай екен.

Арып-ашып даладан келгеніңде,

Бал иісін таттырып алдайды екен,

деп Кенен атамыз айтқандай, кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік.

Ерте, ерте, ертеде Бөрлі негізгі орта қазақ мектеп шаһарында Әліппе хан билік жасапты. Ханның 40 уәзірі және екі күтушісі болыпты. Әліппе хан сондай қатал болған екен. Ол уәзірлеріне ел аралатып білімсіз балаларды жинатып, жазалап сауаттандырады екен. Әліппе хан елін жинап тақтан кететінін жарияламақшы.

  • Уа, халайық, келіңіздер көріңіздер, Әліппе хан тақтан кеткелі жатыр.

  • Уа, жараңдар, жараңдар! Әліппе хан орнына өз ұлын сайламақшы. 40 уәзірі мен 2 күтушісінің,ханды шығарып салу салтанатының куәсі болыңыздар!

Әліппе хан: Уәзірлерім, сендер неге тұрсыңдар! Ел ішін аралап келіңдер! Мына мен таққа ұлымды отырғызар кезде, елде сауатсыз балалар болмауы керек.

  • Әміріңізге құлдық хан ием! Біз ел ішін түгел араладық. Сіздің қатал мінезіңіз бен бұйрығыңыздың арқасында елде сауатсыз бала жоқ. Барлығы білімді, сауатты, өнерлі екен.

Әліппе хан: (көңілденіп). Тамаша, тамаша. Мен осыншама уақыт неге көңілсіз болдым? Неге қатал болдым? Барлық балалардың сауаты ашылғанша мен де уайымдап, көңілсіз жүрдім. Бүгін менің де, мына дүйім жұрттың да көңілін көтеріңдер.

Менің жарлығымды орындаңдар!

  • Хан жарлығына құлақ салыңдар. Дәл бүгін хан ием мен дүйім жұрттың көңілін көтеріп өнер, білім көрсетейік. Олай болса бүлдіршіндердің өнері мен біліміне кезек берейік.

Аян

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар!

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!

Еркеназ

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар!

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Аманғали Аянат

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те,

Оқимыз қазір ертек те,

Үйретті оны Әліппе.

Нұржанат

Әсем ою-өрнекпен

Көмкерілген әліппем!

Сен болмасаң білімге

Бастайтын жолды біліп пе ем

Амир

Енді біз жаза аламыз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза болып саған біз,

Рахмет саған Әліппе.

Әлихан:

Әліппем менің Әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Дана:

Қымбатты менің Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Жамбаева Аянат:

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым анасы.

Әліппеден басталған

Даналардың данасы.

Мирас:

Іші толған әріпке-

Мынау әйбат Әліппе

Барлық ілім- білімнің,

Әжесі осы - Әліппе.

Аяулым:

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны әліппе.

Мұхамбет:

Әліппем, менің әліппем,

«А» деген басты әріптен.

Сөз құрап жаза бастадым,

Тақылдап таңба танып мен.

Диас:

Ыстық әрбір беттерің,

Жазуыңды ұғамын

Ақыл бердің Әліппе,

Ақылды сен мұғалім.

«Ұстазымыз үйретеді » хор.

-Балалар, өнер-білімнің барлығы да мектептен басталады. Біз әліппенің арқасында көп нәрсені оқып-үйрендік. Жүрекке жылы тиетін: «Отан. Ана. Мектеп» сөздерімен таныстық.

О Т А Н:

Дамир:

О: Ораз барды орманға,

Он шақты оған бала ерді,

Омарташы оларға,

Ожау-ожау бал берді.

Мұрагер:

Т: Таңданысты есіткен

Түлкі тәсіл тауыпты

Төбедегі тесіктен.

Тағы әкетті тауықты.

Али:

Асқар аға Астанаға

Асанды алғаш ала барды.

Алып тауды Алатауды,

Алматыны аралады.

Аружан:

Н: Нағыз малсақ-Нұркенже,

Нарға келіп нан берді.

Нары нанды жегенше,

Ноқталап та үлгерді

Али

Келгенімде алдыңа

Қызыл арай гүл алып...

Жақын тарттың жаныңа,

Шәкіртім деп қуанып.

Сипадың да басымнан,

Әліппені ұсындың.

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім

Арайлым

Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

Мектебің мынау класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың.

Мұғалім:

-Балалар, біздің Отанымыз қай Республика?

-Қазақстан Республикасы.

-Біз қайда тұрамыз?

- Қазақстан Республикасында

Би « Қарлығаш » орындайтын Асар Нұржанат

Мұғалім:

-Біздің білім алатын ордамыз-мектеп.

-«Мектеп-кеме, білім-теңіз». Мектеп -екінші үйіміз, себебі, біздің бір күніміздің жартысы мектепте өтеді.

-Біз мектепке не үшін келеміз?

-Оқумен қоса ән-би үйренеміз, ойын ойнаймыз

Мұғалім:

-Балалар, біз әліппеден әріп, дыбыс, буын, сөз, сөйлем деген ұғымдармен таныстық

-Әріп пен дыбысты қалай ажыратамыз?

-Әріпті-көреміз, жазамыз; дыбысты-айтамыз, естиміз

-Рахмет, балалар! Ал, енді алфавиттегі алғашқы үш әріпті атайықшы-А, Ә, Б.

1-оқушы:

Алфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадың ба Б тұрады үшінші,

Ал, осының сыры неде түсінші.

2-оқушы:

А деген ол-аналар ғой ардақты,

Ә деген ол-әкелер ғой салмақты.

Б деген ол-балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі

Алшақ кетпей сондықтан да расында,

Тұрады олар алфавиттің басында.

Мұғалім

-Балалар, сендер 4 ай ішінде көп нәрсені үйрендіңдер

-Осының бәрін үйреткен кімдер?

Оқушылар (хормен):

-МЕКТЕП!

- ӘЛІППЕ!

- МҰҒАЛІМ!

- АТА-АНА!

Хор «Әліппе»

Мұғалім:

-Рахмет, шәкірттерім!

-Міне, білімнің кілті - Әліппемен қоштасар уақыт та жақындады.

-Қане, әліппеге Қош айтайық!

Оқушылар хормен:

-Бізге білім салып берген,

Қош бол, құтты Әліппем,

Қош бол, құтты Әліппем!

Әліппе сөйлейді:

Білмінің көп қой саласы,

Әліппе соған жолбасшы.

Ғылымның қиын жалғасын,

Басқа кітаптан табарсың!

-Қош болыңдар, балалар!

Балалар хормен:

-Жақсы кітап - ӘЛІППЕ!

-Қош бол құтты ӘЛІППЕ!

Әліппе хан: Мен сондай риза болдым. Өзімнің орнымды балам «Ана тілі» басады деп сенемін. «Ана тілді» шақырамын.

«Ана тілі» хан:

Туған елдің тілімін,

Ақылымен танылам.

Түсіндірер бәріңе,

Ана тілі пәнімін.

Ана тілім-елдігім,

Ана тілім - ерлігім.

Ана тілі болмаса,

Бүтінделмес кемдігім.

-Балалар, енді сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.

-Мен сендерге жұмбақтар айтайын, сендер шешіңдер:

1. Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама (кітап)

2. Тақтада жазып, жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған (бор)

3. Үйреткен ілмді,

42 білмді (алфавит)

4. Алты түрлі түсі бар,

Сурет салар ісі бар (қарындаш)

-Рахмет, балалар, жарайсыңдар!

Мұғалім:

-Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымызға ризашылығымызды білдіреміз:

Вальс

Мұғалім:

Әліппе даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған

Барлығы хормен:

-Рахмет, ұстаз алғашқы!

Содан елді «Ана тілі» ханы басқарыпты. Уәзірлері «Әліппе ханның» қаталдығы мен талапшылдығының арқасында «Ана тілі» ханына тез үйреніп білімді болып сол мектеп шаһарының есімін елге әйгілі еткен екен.

Мұғалім: Құрметті қонақтар!

Сіздер бірер сәт 1-сынып бүлдіршіндерінің сүйікті Әліппелерімен қоштасуларының куәсі болдыңыздар.

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға, тілек айтар қонақтар - дей отырып ата-аналарға құттықтау сөз беріледі.

© 2010-2022