Іздегенде табылатын қасыңнан

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Іздегенде табылатын қасыңнан

Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту.

Міндеті: адам қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру, оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету, оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: сызбалар, слайдтар

Сабақтың түрі: Дөңгелек үстел басындағы ой бөлісу

Сабақтың барысы: І. Танысу тренингі

Іздегенде табылатын қасыңнан Іздегенде табылатын қасыңнан

2. Топқа бөлу/1-ден 4-ке дейін санау арқылы/

3. Дос туралы кіріспе сөз /слайд/

-Дос. Осынау үш әріпте қаншама мән-мағына жатыр десеңші! Адам бойындағы асыл қасиеттерді осынау ұғыммен жалғастырсақ "Достық" деген әдемі сөз пайда болады. Бұл сөзге талдау жасар болсақ, ұлттар арасындағы достық, сыныптағы қыз бен ұл арасындағы достық, қыздар арасындағы достық, ұлдар арасындағы достық т,б жалғаса береді. Дос болу, дос таба білу, досқа көмектесу, досты кешіре білу деген ұғымдар таныс.

Дос барлық уақытта да қажет,әсіресе жеткіншек шақта достық болуы өте маңызды. Адам достықты ұзақ уақыт бойы сақтай білгені дұрыс. Адал достық қана ұзақ әрі берік болады.

4. Ой шақыру:"Дос дегеніміз кім?" (Оқушылар постер арқылы өз ойларын ортаға салады.)

Іздегенде табылатын қасыңнан

Іздегенде табылатын қасыңнан

5.Сауалнама жүргізу.

а)Менің достарым көп болуы үшін не істеуім керек?

ә)Мен жақсы доспын ба, жаман доспын ба?

б)Дос болуды алдын-ала жоспарлайсыз ба?

6. "Досыма сыйлық" ойыны

Шарты: Ойында әр бала өзінің жан досына сыйлағысы келетін заттың суретін қағазға бейнелейді де, ортадағы қорапқа салады. Сурет салған қағазға өз есімін көрсетпейді, досының есімін жазады. Барлық бала қорапқа өз жұмысын салғаннан кейін кезекпен балалар келіп кез-келгенін алады. Суреттегі сыйлық кімге арналған болса сол адамға суреттегі бейнеленген затты іс-қимылмен көрсетеді. Ал, ол болса не нәрсе екенін табуы тиіс.

Іздегенде табылатын қасыңнан

7. Проблемалық сұрақ:-Дос табуда немесе дос болуда шешуші рөл атқаратын не нәрсе? Оның мінезі ме,байлығы ма, киім киісі ме?

8. "Жариялау" стратегиясы

Әр топ оқушылары "Іздегенде табылатын қасыңнан" атты қабырға газетін шығарады да, өз тұстарына іледі.

9."Галереяны аралау"

Барлық оқушылар келесі топтың қабырға газеттерін көріп, салыстырады және стикерге өздерінің әр түрлі пікірлерін жазып сол газетке жапсырады.

10. Топтастыру "Достық"

Д-досын Д-дүниедегі

о-ойлайтын о-озық ойлы

с-сыйлайтын с-сабырлы

т-тұрақты т-тұрақты

ы-ыстық ы-ықтиярлы

қ-құрбы қ-қарым-қатынас

11.Ән "Іздегенде табылатын қасыңнан..."

12. "Достық-Тілек ағашы" (досына арнап тілекті стикерге жазып ағашқа іледі)

Іздегенде табылатын қасыңнан

Іздегенде табылатын қасыңнан Іздегенде табылатын қасыңнан

13.Қорытынды: Достасу, серік табу адамның бақытына бақыт қосады. Достасудан бірлік, бірліктен тірлік, тірліктен жеңіс, жеміс, қуаныш бақыт туады.

Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасы-достықтың Отаны. Еліміз мемлекеттермен үнемі достық қарым- қатынас жасап келеді. Бұл Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасы. Қазірде, келешекте де достық атты мұнара биіктей бермек.



© 2010-2022