Тәрбие сағаты: АТА СӨЗІ - БАТА СӨЗ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты:

Ата сөзі-бата сөз.

Орындаған: Оразбаева.Р.О.



Тақырыбы: Ата сөзі-бата сөз.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:Оқушы бойына рухани адамгершілік,имандылық қасиеттерді ұғындыру,дамыту.

2. Дамытушылық:Бабалардан қалған ұлағатты,ғибрат алрлық сөздерден өнеге алуға баулу.

3.Тәрбиелік:Ата-бабаларымыздан қалған бай мұраны оқып,үйренуге тәрбиелеу.

Психологиялық дайындық.

-Балалар,ата деп кімді атаймыз?

-Отбасының үлкені,ақсақал,қария,қарт кісі.

-Үйде кімнің атасы бар? Аты кім?

- Бата дегенді қалай түсінеміз?

-Өнегелі сөз,алғыс,тілек,өсиет.

-«Жаңбырмен жер көгереді,батамен ел көгереді» деп халық батаны«киелі сөз» деп жоғары бағалаған.Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан,атақты батыр,билерден,шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған.

-Сіздерге аталарың қандай жақсы сөз,тілектер айтады немесе қандай баталы сөз естідіңіздер,қандай алғыс алдыңыздар?

«Үйінде атасы бардың берер батасы бар» дейді қазақ.Бата- қарт адамның ризалық сезімін,өсиетті ой тұжырымдарын,жақсы тілектерін білдіреді.

Диктофоннан Н.Айтовтың«Алтын сөз» өлеңін тыңдату.

Қайырлы болсын қадамың,

Білімге қанат басқаның.

Сөмке асынып арқаңа

Мектеп есігін ашқаның.

Білімнен бақыт табармыз

Өсе берсін санамыз.

Балаларым дарын бол,

Сөнбейтұғын жалын бол!

Жақсы оқып,ер жетіп,

Қатардан асқан ғалым бол!

Әумин!

-Ата сіздерге не айтты?

-Бата берді

-Дұрыс-ақ,балалар,сіздер қыркүйекте алғаш мектепке келгенде аталарың осылай бата берген екен.

Бата беру - адал ниет,жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі.

Халық ақ батадан рухани қуаталады,ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді.

-Батаны кімдер береді?

-Қарт кісілер,ақсақалдар.

-Бата беретіндер :көпті көрген құрметті ақсақалдар,ауызды билер,өз ісінің хас шебері.

Батаны халық арасында жас болса да бас боларлық жолы,жөні бар адам береді. Ер адамдар отырғанда әйел адам бата бермейді.

Егер әйелдер арасында сөз білетін ер бала отырса,оған бата беруге болады.

Бата көбінесе өлең түрінде болып келеді.

«Ата сөзі-бата сөз» деп ата-бабамыздың нақыл сөздері мен ақыл сөздерін,өрнекті өсиеттерін қастерлей қабылдап,жадымызда сақтайық.

Бұл қасиет ұлттық әдептілік деп аталады.

-Балалар,үлкен кісілер батаны қандай мерекелерде береді деп ойлайсыңдар?

Осы біз білетін бата түрлері қалай беріледі екен,соған тоқталсақ.

Бесікке саларда.

1.оқушы:

Алихан

А,құдай ұзақ ғұмыр бер,

Күлкісі мөлдір бұлақтай.

Ойыны елік лағындай

Қыдыр дарып басыңа

Бақ-дәулет келіп қасыңа

Алла тағалам қолдасын!

Әумин !

Шаш аларда:

2.оқушы:

Әліби

Жортқанда балам ,жолың болсын,

Қалтаң ділдаға толсын.

Бір толмасын,жылда толсын

Өмір жасың ұзақ болсын!

Жамбылдың жасын берсін,

Абайдың басын берсін.

Қажымұханның қайратын берсін,

Алла саған бақ берсін.

Әумин !

Әскерге барарда:

3.оқушы:

Диас

Оң болсын балам сапарың,

Молықсын дәмің , татарың.

Туған елің тапсырған

Парызын өте Отанның.

Әумин !

Балаға енші беру:

4.оқушы:

Азамат

Қоныстарың құтты болсын!

Босағасы мықты болсын.

Отауларың елге сән болсын

Өмірлерің бал болсын.

Дастарқандарың мол болсын

Үйлеріңе ырыс толсын!

Әумин !

Наурыз тойында:

5.оқушы:

Мұрат

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алсаң

Сонда олжалы жол болар .

Әумин !

Дастарқанға бата:

6.оқушы:

Әділет

Сұрасаң бата берейін

Үстем болсын мерейің.

Ықыласпен қол жайсаң

Ақ тілекті төгейін.

Дастарқаның мол болсын!

Абыройың зор болсын

Абзал досың көп болсын

Берген батам сол болсын.

Әумин !

-Міне,балалар,батаның бірнеше түрлеріне толталдық.Негізгі бата-халықтікі,ал лебізді бата-халықтың арман тілегі,келешекке деген үміт-сенімі.

Көрініс «Әдепті балалар».

-Осы көріністе әже мен ата балаларға қандай баталы сөздер айтты?

Өркендерің өссін!

Қадірлі азамат болыңдар!

Алла жарылқасын!

Ізетті,инабатты,иманды болыңдар!

Өмірлерің ұзақ болсын!

Көргендерің қызық болсын!

-Осы бата тілекті не үшін айтты деп ойлайсыңдар?

-Балаларға риза болғаннан.

-Көмектескені үшін.

-Қарт кісілерді сыйлағаны үшін.

Жағдаяттар

  1. Жағдаят:

  2. Жағдаят :

  3. Жағдаят :

Аталар сөзімен өсіп өнген,

Бабалар бұлағынан нәр алған.

Даналар өсиетінен тәрбие алған.

Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен,

Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен.

Ниет-ықылас білдіру

Әр адамға аманат.

Ата-баба дәстүрі

Батаны біл жамағат!,-деп сабағымызды үйге тапсырма берумен аяқтаймыз.

© 2010-2022