Көкшенің көрінісі Әдебиеттік оқу

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні:Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Сәбит Мұқанов «Көкшенің көрінісі»
Мақсаты: Автор туралы мәлімет беру,мәтіндегі негізгі ойды табу.

Мәтіннің мазмұнын түсіне отырып, Көкше табиғаты туралы түсінік алуларына жағдай жасау.
2. Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.
3. Табиғатты сүю, оны аялауға тәрбиелеу.

Оқытудың әдіс тәсілдері: топпен жұмыс, сұрақ - жауап әдісі,
Көрнекілігі және құрал жабдықтары: карточка,суреттер.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
-оқушы ережесін еске түсіру;

-пәнге назарларын аудару;

2. Үй тапсырмасын сұрау.
Әуелбек Қоңыратбаев. Киіктің айласы
«Ханталапай»ойыны

Талапай-ау,талапай,

Басталды ойын ,алақай,

Сұрақтарды шашайық,

Талапайға басайық!

- Басқа аңдар мен жануарлардың өз жауларынан қорғанатын қаруы қандай?
- Киіктер суатқа неге келді?
- Қасқырлардың қалай шабуыл жасады?.
- Текенің айласы қандай?
- Киік туралы не білесің?

-Қасқырлардың жағдайы не болды?
Әрбір жауап берген оқушыларды мадақтап отыру.

3. Жаңа тақырып:

-Мына суретке назар аударайықшы. Сурет туралы кім не айтады? Бұл қай жер?

Көкшенің көрінісі Әдебиеттік оқуКөкшенің көрінісі Әдебиеттік оқу



- Бүгін сендер аса көрнекті жазушы - Сәбит Мұқановпен танысасыңдар және оның «Көкшенің көрінісі» тақырыбындағы мәтінін оқып танысамыз.
Мұқанов Сәбит Мұқанұлы (1900 - 1973) - қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі.
Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Сәбит Мұқанов атындағы ауылда туған.
Көкшенің көрінісі Әдебиеттік оқу
Көкшетау туралы түсінік беру (картамен жұмыс)
Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік - шығыс бөлігінде оқшау орналасқан, жақпартасты, орманды - көлді тау. Ең биік жері - Көкше шоқысы (947 м).Мұнда көптеген саяхаттаушылар келеді,санаторийлар орналасқан.
4. Мәтінді тізбекпен оқушыларға оқыту.

-Инсерт стратегиясы.
Гауһар - асыл тас
Селеу - шөптің аты
Құз - биік жартас
Сағым - алыстағы көрініс, елес

Топтарға тапсырма:
1 топ: Табиғат туралы мақал - мәтел немесе көркем сөз айту
2 - топ: Көкшені сипаттау теңеу сөздермен.
3 - топ: Қазақстандағы тағы да әдемі жерлерді айту.

Сергіту сәті
Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік!

«Сен білесің бе?»

Бурабай
Жұмбақтас, Оқжетпес суреттері, олар туралы аңызды айтып беру.
Құстың көптігіне қарап "Орманды"(Боровое) қазақтар"Бурабай"деп атап
кеткен. Бурабайдың ауасы таза әрі хош иісті. Бурабайдағы алғашқы сауықтыру орны 1910 жылы ашылды. Сол Көкшенің төбесіне тек бура ғана шығыпты деген аңыз бар.
Бір күні Абылайдың баласы Қасым хан садағынан жараланған бура көлге жете алмай өліп, тасқа айналыпты. Тас мәңгіліктің, беріктің сұлулықтың символы. Бурабайда қарағай өспейтін жер жоқ. Бурабайды Екінші Швейцария деп атайды. Бұл жерге дем алуға Қазақстанның әр жерінен адамдар келеді.

Оқжетпес
Абылайхан әскерлері қалмақ қызын қолға түсіреді, бәрі мен аламын деп таласқанда қыз шарт қояды. Көкшенің ең биік шыңына найза ағашқа байланған орамалды кім атып түсірсе соған тием дейді, бірақ ешқайсысы сыннан өте алмай шың "Оқжетпес"деп аталған. Оқжетпес - ең биік шың.

Жұмбақтас
Жұмбақтас - Оқжетпестің дәл қарсысында, судың ортасындағы жартас. Пішіні пирамида тәріздес, жиектері дөңгеленген граниттен тұрады.
Биіктігі 18 м. Жұмбақтастың пайда болу тарихы туралы халық жадында сақталған аңызда: 17 жастағы тұтқынға түскен қалмақ қызы Оқжетпес шыңынан Бурабай көліне секіріп кетеді де, сұлудың түскен жерінен таңғажайып жартас пайда болған. Егер Жұмбақтасқа көгілдір шығанақтан қараса, қыздың бейнесі байқалады, ал қарама - қарсы жағынан қараса мыстан кемпірдің бейнесін көруге болады.
5. Ойды қорытындылау
Тірек сызба арқылы сабақты қорыту
Көкшетау

табиғаты сұлу
орманды, тоғайлы
ауасы таза
көлдері шипалы
Жеке батыр
Жұмбақтас
Оқжетпес

5. Мадақтау, бағалау.

Үй тапсырмасы.
1. «Көкше көрінісінің» суретін сал.
2. Көкшенің біз білмейтін құпияларын оқып, біліп кел.



© 2010-2022