«Қазақстан жолы - 2050: Бір халық, бір ел, бір тағдыр» атты тәрбие сағаты/3-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақстан жолы - 2050:

Бір халық,бір ел,бір тағдыр»

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер,слайд.

Тәрбие сағатының барысы: -Сәлеметсіңдер ме,балалар. Мен сендерді бүгінгі Білім күні мерекесімен құттықтаймын! Жаңа оқу жылында білімдерің одан әрі шыңдалып,биік белестерден көрінулеріңе тілектеспін.

  • Білім күніне арналған тәрбие сағатымыздың тақырыбы не туралы деп ойлайсыңдар?

  • Қазақстан туралы не білеміз?

1-оқушы: Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып

жатырмын.Мен еліммен мақтанамын.Елімнің гүлдене бергенін

қалаймын.

Ой қозғау:

- ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек?

- ҚР -ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.

- Біздің тұңғыш президентіміз кім?

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Мұғалім сөзі. - Міне,балалар, біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.

2-оқушы:

Алтын бесік, туған жер, далам менің,

Қанат қаққан ұяңнан балаң едім.

Сырлы сазын жүректің төгейін деп,

Сағынышты сан жылғы ала келдім.

3-оқушы: Еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында жарияланды.


4-оқушы:

Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде:

«Бір халық» - бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.

«Бір ел» - бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.

«Бір тағдыр» - бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

-Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды,- деді.

5-оқушы: Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея - барша қазақстандықтың мүддесі! - деген болатын.

6-оқушы: Біз: «Мен - қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» - деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз.Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық.Біз көппіз және бәріміз - бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу - әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой,- деп атап өтті Н.Ә.Назарбаев.

7-оқушы: Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек.Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.

8-оқушы:

Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз.

Бәріміздің де туған жеріміз біреу - ол қасиетті қазақ даласы.

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тәуелсіз Қазақстан.

Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.

9-оқушы: Астана - жаңа қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның бейнесі, жаңарудың символы, республикамыздың тәуелсіздігінің символы. Астана -қазіргі заманғы маңызды мемлекеттік, экономикалық, инвестициялық және саяси жоба.

Мұғалім сөзі: - Білім сабағының бір бөлігін елорданың қалыптасу тарихына арнауды ұсынамын.

10-оқушы: 2017 жыл - Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме өткізу жылы. Көрме «Болашақ энергиясы» ұранымен өтеді. Энергияның балама көздері - бұл әлем қоғамдастығын толғандыратын ең өзекті тақырып.

11-оқушы: 2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында «ЭКСПО-2017» 100 қатысушы мемлекет пен 10 халықаралық ұйымды қабылдайды. Олар жаңартылған энергия көздерін қолдану саласындағы жетістіктерін, олардың экологиялық тазалығы,қолданыстағы төмен бағасы және қоршаған ортаға зиянсыздығы сияқты артықшылықтарын көрсетеді.

12-оқушы: Бұрын мұндай масштабтағы халықаралық көрме Орталық Азия және ТМД елдерінде ешқашан болып көрмеген. «ЭКСПО-2017» өткізілуі - халықаралық көрме және ақпараттық-тұсау кесер алаң ретінде Қазақстанның дамуындағы үлкен қадам.

Ән: Елім менің.( тыңдалады)

Өлеңдер оқылады. (тіл, тәуелсіздік, отан туралы)

13-оқушы:

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің - тірегім,

Құшағында гүл атам.

14-оқушы:

Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң.

Сенен бақыт тарайды

Баршамызға Ұлы Отан.

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!

15-оқушы:

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен - тек,

Елдің ашық қабағы.

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз.

Бақытты елде тұрған соң,

Бақытты өмір сүреміз.

16-оқушы:

Қуат алған өзіңнен,

Туған елдің қызымын.

Бақытты етіп өсірген,

Отанымның гүлімін.

17-оқушы:

Азаттық жері, Қазақтың елі,

Шаттыққа толы бүгінгі төрі.

Достықты берік, еткен бір серік,

Бейбіт күн тұрсын сәулесін төгіп.


Қорытынды:

«Мен президент болсам халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.

Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)

18-оқушы:

Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.

Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.

19-оқушы:

Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.

Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.

Аңсарлы азаттығымыз бен тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Мұғалім сөзі: Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! -деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!



© 2010-2022