Жоспарлан тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша есеп

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Жоспарлан тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша есеп Бүгінгі оқу саласындағы өзгерістер мұғалімдер қауымынан оқыту мен тәрбиелеуде асқан жауапкершілікті, еңбек белсенділігін, шығармашылық ізденіс пен іскерлікті талап етеді.Оқу- тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ тиімділігін арттыру болып табылады. Бүгінгі сабақтардың өзегі: шәкірттердің алатын білім негіздерін интеграциялау, жан-жақты жарасымды дамыған жаңа жас жеткіншектердің жеке дамуына, қызығушылығы мен икем қабілетін арттыруға жағдай жасау үшін білім беру жүйесін оқушы ұғымына түсінікті дәрежеде жеткізу.Ахмет Байтұрсынов: «Ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика әдістемесінен хабары мол, оқыта білетін мұғалім»,-деген болатын. Яғни осы айтылған ойды басшылыққа ала отырып, оқыту үдерісіне өзгерістер енгізу және оқушылардың осы өзгеріске көзқарасын бақылау мақсатында мектептегі тәжірибемнің екінші аптасы да басталды. Аптаның бірінші күні 3-сыныпқа «Шегіртке мен құмырсқа» тақырыбына бірінші сабағымды өттім. Сабақтың жоспарына сәйкес оқушылардың белсенділігін тудыратын тапсырмалар жазылған таратпа қағаздарды дайындадым. Мен сабағымды оқушыларыммен сәлемдесіп, сабақ барысында сәттілік тілеуден бастадым. Сонымен қатар сабағымның ұйымдастыру бөлімінде оқушылармен жағымды ахуал туғызу мақсатында, сергіту сәтін жасатуды ұйғардым. Келесі кезеңде топтар арасында тұлғааралық қатынасты жақсарту мақсатында топтарды ретімен 1,2,3 реттілік арқылы үш топқа бөлдім. Бір санын атаған оқушылар бірінші топқа ,екі санын санаған оқушылар екінші топқа, үш санын санаған оқушылар үшінші топқа орналасты. Бұл менің алғашқы сабағымдағы топқа бөлу болғандықтан, оқушылар аса қызығушылық танытты. Оқушыларға кері байланыс жасау мақсатында талқылау сұрақтарын бердім. Талқылау сұрақтары: -Жыл мезгілдерін ата? -Күз мезгілінің ерекшелігі қандай? Балалар жыл мезгілінің 4-ке бөлінетінін атап айтты. «А» есімді оқушы күзде мол өнім болатынын және балалар жарыса күзде жапырақтардың жерге түсетінін, көкөністер мен жемістердің пісіп, күннің салқындап құстардың жылы жаққа ұшатыны туралы баяндады. Оқушылардың бір- бірімен ақылдасып, пікірлерін ортаға салу мақсатында балаларға топтық жұмыс берілді. Выготскийдің пікірі бойынша,оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін қайраткер жандармен әлеуметтік қарым- қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады.Оқушының аса епті және хабары мол адаммен интерактивті вербалді алмасу нәтижесінде біртіндеп сыртқы, әлеуметтік-жанама диалог орнатуы, күнделікті міндеттерді шешуге қатысуы әлеуметтік тәжірибе ретінде бала бойына сіңіп, оның өз бетімен ойлануына қатысты ішкі жеке қоры ретінді қалыптасады. (МАН, 28-бет ) Яғни осы айтылған ойды басшылыққа ала отырып, сабақ барысында қандай да бір тапсырманы жоспарлағанда оқушы өз жұбында немесе топта пікір алмасу негізінде тақырып төңірегінде ойлауын шоғырландырып, жаңа ақпаратпен бөлісіп, білімін талқылау барысында кеңейтіп отырады деген ой келді. Демек, мен сабағымда осы ойды әркез назарда ұстауымды мақсат еттім. Осы орайда сабақ үдерісінің келесі бөлімінде оқушыларға тақырып төңірегінде тапсырма берілді. Топтық жұмыстың мақсаты, күз мезгілі туралы нені білетінін еске түсіру болып табылады.Әр топқа плакаттар таратылып, тапсырманы осы плакат бетіне түсіруді тапсырдым. Осы тұста оқушылар топ болып күз мезгілінің көрінісі туралы өз ұсыныстарын айта бастады, бірлесіп жұмыс жасады. Бірі сурет салса , бірі бояп,әр оқушы өз үлесін қосуға тырысты. Балалар осы тұста сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытатын тапсырма орындады деп ойлаймын. Өйткені оқушылар бойынан еркін ойлау, өзгенің пікірімен санасу, жауаптарына дәлелдемелер келтіру және тапсырманың орындалу ерекшеліне мән беру сияқты қасиеттерді байқадым. Топтағы диалог оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытып, тапсырманы орындау барысында шапшаңдық танытуына әсер етеді. Осы іс-әрекеттер нәтижесінде бағдарламаның екі модулінің өзара бір-бірімен байланыстылығын және интеграциясын көруге болатынына көзім жетті. Осы жоғарыдағы жүргізілген диалогтар негізінде оқушылар білім алып, сурет салу жұмысында өзара байланыс пен келісушілікті көрсетіп жатқанын аңғардым. Әр баланың қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болды. Мен бағыт- бағдар беріп, оқушылардың өзара әңгімелесу белсенділігін қамтамасыз етіп, олардың түсінігін дамытуға тырыстым. Оқушылар плакаттарын безендіріп, жұмыстарын әр топтан бір оқушы қорғады. Және әр топ жұмыстарын алмастырып, критерийлерін жазып өзара топтар арасында бағалады. Әрбір топ бағалауды өз дәрежесінде жүргізді. Мұнда балалар критерийлерін өте дұрыс қоя білгені мені аса қуантты. Соның ішінде 3- топтың 2- топтың жұмысын бағалау механизімі атап өтерліктей болды.


Критерийлер

Түсіндірмелері Суреттің тазалығы
Суретті өте таза, ұқыпты, сала білген Нақты бейнелеуі
Суреттерді анық, нақты, бейнелеген Тақырыпқа сәйкестігі
Тақырыпқа сәйкес салынған
Жоспарлан тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша есепЖоспарлан тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша есеп
Сабақтың осы тұсы сәтті өтті деп айта аламын.Мен әрбір тапсырмадан кейін оқыту мақсатындағы бағалау түрлерін қосып отырдым. Бағалау- одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған кызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.(МАН, 56- бет) Менің байқағаным дәстүрлі сабақпен, сындарлы оқыту теориясы аясында өткен сабағымды салыстыра отырып оқушылардың топтық жұмысты орындаудағы ынтымақтастығының артып, ауызбіршілігінің нығаюы. Сабағымның келесі оқыту формасы оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында, сабақ тақырыбын жұмбақ шешу арқылы табу. 1.Ат басты, бөрі кеуделі, бөкен санды, арқар мүйізді. Бұл не? (Шегіртке) 2.Ине бел, қылқа мойын, қара батыр. Қара тауды арқалап бара жатыр. Бұл не? (Құмырсқа)

Жұмбақ шешуін «М» есімді оқушы, «А» есімді оқушылар дұрыс таба білді және жұмбақ шешуінен шегіртке мен құмырсқа суреті шықты. Бүгін біз, шегіртке мен құмырсқа мысалымен танысатын боламыз. Олардың іс-әрекеттерінің дұрыс немесе теріс екенін түсінетін боламыз, өзара бірлесіп жұмыс жасауды үйренеміз деп күтілетін нәтижемен оқушыларды таныстырып өттім. Келесі жұмыстың барысы да топтық жұмыс болды. Барлық топқа интерактивті тақтадан «Шегіртке мен құмырсқа» суреті берілді. Сонымен бірге сұрақтарға жауап беру арқылы суретті жазбаша сипаттау берілді.

1.Суретте нелерді көріп тұрмыз ?

2.Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

3.Құмырсқа мен шегірткенің жағдайлары қандай? 4.Шегіртке неліктен жылап тұр деп ойлайсың? - деген сұрақтар қойылды. Оқушылар бірлесіп ұйымшылдықпен жұмыс жасады. Жұмыс жасау барысында «Н» есімді оқушы құмырсқаның үстінде қалың киімі бар, ал шегірткенің үстінде шарф ғана бар десе, «А» есімді оқушы құмырсқа қысқа дайындалған, құмырсқаның аяғында аяқ киімі бар ал шегірткеде аяқ киім де жоқ сондықтан жылап тұр деп, өз ойларын ортаға салды. Оны талқылап топтар арасында бағалады. Сыныптағы «А» есімді оқушы үнемі құнды идея айтып отырды. Тапсырманы орындау барысында талантты немесе дарынды балалар бірінші және екінші топтық жұмыстарда көзге түсті. Себебі, ол осы тұста өзінің шапшаңдығымен, тапқырлығымен, тұжырымды ой айта білді. Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл ойлауды талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе. Әртүрлі теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберінде қолданылады ( МАН,72-бет). Сабақ барысындағы келесі тапсырма топтық жұмыс: «Аквариум» әдісі. Бұл тапсырмада мәтін үш бөлікке бөлініп беріледі. Оқушылар топта оқып, топтың бір мүшесі мәнерлеп оқиды. Өзге топтар осы оқыған шумаққа байланысты: 1. Шегірткенің жазда жағдайы қандай болды? 2.Сен құмырсқаның орнында болсаң не істер едің? 3. Өмірде шегірткеге ұқсас адамдар бола ма? 4. Өмірде шегірткеге ұқсап қиналып қалмас үшін не істер едің? - деген сұрақтар берілді «Ж» есімді оқушы шегірткенің жазда жағдайы жақсы болғанын және құмырсқаның орнында болса еңбекқор болатынын айтса, «А» есімді оқушы шегірткеге ұқсас жалқау адамдар бар екенін, шегірткеге ұқсап қиналмас үшін еңбек ету керектігін айтты. Балалар топтар арасында екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалады. Мысал келтіре кетсем 1топ баяндамашысы «Б» есімді оқушы 2 топқа айтар екі жұлдызым: оқу мәнері жақсы, сұраққа нақты жауап берді, ұсынысым: сұраққа толығырақ жауап берсе керемет болар еді деп ұсыныс тілектерін білдіріп жатты. Бұл тапсырманы балалар ауызбіршілікпен атқарды. Сонымен қатар бақылаушылардың бағалаулары тыңдалды. Бақылаушы оқушылардың топта жұмысқа белсенді араласуына, құнды идея айта білуі, топ ережесін сақтауына өзінің тарапынан жақсы, өте жақсы, орташа бағасын беріп отырды. Бақылаушы өз қызметін жақсы атқара білгені байқалады. Осы өтілген жаңа сабақ барысында оқушылардың қаншалықты сабақты түсінгенін, меңгергенін білу мақсатында оқушыларға тапсырма берілді. Әрбір топтағы жеке оқушыға тест ұсынылды. Жеке жұмыс. 1. Біз немен таныстық? а) Өлеңмен ә) Ертегімен б) Мысалмен 2. Абай аударған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын жазған кім? а) И.Бази ә) И.Крылов б) В.Сухомлинский 3. Осы мысалда не туралы айтылады ? а) Мақтаншақтық ә) Тәкаппарлық б) Жалқаулық 4. Қай кейіпкердің іс-әрекеті дұрыс ? а) Көбелек ә) Құмырсқа б) Шегіртке Бұл алынған тестте 4 сұрақ берілген. 4- сұраққа толық әрі дұрыс жауап болса 3- ұпай, 3 сұраққа жауап берсе, 2- ұпай, 1-2 сұраққа жауап берсе, 1- ұпай бойынша бағалайды. Тапсырма соңында дұрыс нұсқасы интерактивті тақтада көрсетіліп, оқушыларды менің тарапымнан суммативті бағалау жүзеге асырылды. Тест жұмысы бойынша 18 оқушы тапсырма орындады. Жеті оқушы-үш ұпайға бағаланды, тоғыз оқушы- екі ұпай алды, ал екі оқушы- бір ұпай жинады. Осы тапсырма барысында мен оқушыны сыни ойлауға бағыттадым деп ойлаймын өйткені, оқушы жаңа тақырып бойынша не түсінгенін ойлана еске түсіреді. «Ы», «А» есімді оқушы төменгі деңгейде жауап берді. Мен өзіме алдағы уақытта төменгі деңгейде жауап берген оқушылармен көптеген жұмыстар жасауды өзіме ұсыныс ретінде қабылдадым. Бұл тапсырмаларын тақтада дұрыс нұсқасына қарап, әр оқушы өзге оқушы жұмысын, әр дұрыс жауапқа берілген ұпайларларын беріп бағалайды. Сабақтың қорытынды бөлімінде жаңа сабақ барысында қаншалықты түсінгенін бағдаршам арқылы өзін- өзі бағалады. Бағдаршаммен бағалау әдісінің тиімді жері қызыл түсті көрсеткен оқушыдан сабақтың қандай жерін түсінбегенін біліп түсіндіре аламын, және жасыл түсті көрсеткен оқушының сабақты толық түсінгенін, ал сары түсті көтерген оқушының толық түсінбеген жерін түсіндіремін. Алдағы уақытта оқушылар бағалаудың жаңаша әдістерін қолдану нәтижесінде туындаған қиындықты өздігінен шеше алады деп ойлаймын.. Берілген тапсырмалар және тест жалпы 3-сынып оқулығынан өткен тақырыпқа сәйкес алынған. Сабағымның қорытынды бөлімінде кейінгі тапсырмаға « Еңбек етсең емерсің » тақырыбына эссе жазу берілді. Сонымен қатар кейінгі оқуға « Шегіртке мен құмырсқа » мысалын оқып келу тапсырылды. Интерактивті тақтаны қолдануда, білім берудегі ақпараттық - коммуникациялық технология түрлерін қолдану іске асты деп ойлаймын. Жалпы сабақ құрылымы балалардың жас ерекшелігіне сәйкес алынған. Мұғалім балаға қалай оқу керектігін үйретуде жоғары жетістіктерге жету үшін қолайлы орта жасайды. Осы ортада талантты және дарынды балалар үшін терең ойлауы, мұқият талқылауды және жоспар құру керек. Мен өз сабағымның барысында оқушыларға қалай оқу керектігін үйрете отырып, олардың таланты мен қабілеттерін айқындап отыруға тырыстым. Жеті модулъдің бірі көшбасшылық. Бұл модулъдің де сабақ барысында айқын көрініс табатын тұстары бар. Сабақ үдерісінде менің көшбасшылық қабілетім әр сабақ барысында түрлі тапсырмалар беруде және оқушыларға бағыт- бағдар беру кезінде көрініс тапты. Сонымен қатар оқушылармен кері байланыс жүргізілді: Не ұнады? Не қиын болды? Ұсыныс тілегің: Балалар стиккерге қуана өз ойларын жазып плакат бетіне жапсырып жатты. Мен стиккерді оқу барысында балалардың өз ойларын нақты жеткізе алғанына өте қуандым. Балалардың көпшілігі сурет салған, бірлесіп жұмыс жасаған және бағалау ұнады деп жауап беріпті. Сонымен қатар тест тапсырмасының да қиындау болғаны айтылған және сабақтың қызықты өткенін, мұғалімге алғыстарын білдірген. Менің байқағаным, оқушымен кері байланыс жасап отыру өте тиімді екен. Олай дейтін себебім, сырттай бақылап барлық баланың қандай ойда отырғанын, нені ұнатып, не қиындық туғызатынын білу оңай емес. Осы жасалған кері байланыстан мен осы сабағымның мақсатының қаншалықты жүзеге асқанын өлшеуіме болатынын анықтадым. Менің ойымша, сабақ соңындағы рефлексия жасау сабақтағы сәтсіз шыққан тұстарымды айқындауға мүмкіндік береді, сол арқылы келесі сабағымда балаларға қиын туғызатын мәселелердің санының аз болуына қарай жұмысты жоспарлап, ұйымдастыруым қажет екенін түсіндім. Бағдарламаның жеті модулі сабақ үдерісінде көрініс тапқандай. Яғни оқушылар сабақ барысында критерий бойынша бағалау, жұптық бағалау, бағдаршам, екі жұлдыз, бір ұсыныс сияқты формативті бағалауды жүзеге асыруға талпынып жатты. Өзгенің жұмысын бағалауда оқушылар үлкен жауапкершілікпен қарап, айтылған ойды ескеріп, кез-келген жұмыстың жақсы және әлсіз тұстарын салыстыруды үйренді. Демек, оқушының сыни көзқарасы қалыптасып жатқандай. Барлық берілген тапсырмалар мен жоспарланған іс-әрекеттер әр оқушының жеке ерекшелігін негізге ала отырып жасалды. Себебі, жеке тұрғыда қарау сыныптағы оқушының қабілетін, білім игеру деңгейін, мүмкіндігін және пәндік құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді.

Пайдаланған әдебиеттер :

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық үшінші ( негізгі) деңгей,2012 жыл

2.Дәріс материалдарынан 3 апта 5 күн



© 2010-2022