Қош келдің, Жаңа жыл!

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қош келдің, Жаңа жыл!

Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.

Барысы:

  • Армысыздар ардақты, ағайын
    Ұлағатты ұстаздар!
    Бармысыздар, замандас, бауырлар
    Шабытты шәкірттер!

  • Бүгінгі Жаңа жыл мерекесін көңілді әрі естен кетпес етіп өткізгілерің келе ме?

  • Ендеше «балапан» телеарнасынан тамашалап жүрген түрлі бағдарлама кейіпкерлерін ортаға шақырайық! Ол Әли менен Айя
    Екі жүргізуші ортаға шығады.
    1-жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын, ұлағатты ұстаздар!
    2- жүргізуші: Бармысыздар замандас бауырлар, шабытты шәкірттер, Біздің кішкентай достарымыз!

1 - жүргізуші: Бүгін бізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендер де, көрмегенде арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

2 - жүргізуші Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

1 - жүргізуші: Армысың, аманбысың, Жаңа жырым,
Жаңа жылым! О менің Жаңға жылым!
Мешін жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын - дей келе жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген, саналы ұрпақты сезімі сергек ,арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан, білім ұясының білікті басшысы, мектеп директоры Дюсебаев Молдағазы Түлкібайұлына береміз.

2 - жүргізуші: Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

Келесі құттықтау сөз және оқушыларды марапаттау оқу ісінің меңгерушісі Сайраш Амангелдіқызына беріледі.

1 - жүргізуші: Рахмет, сіздің құрметіңізге әсем ән жолдаймыз.
4 - сынып қыздары Аружан мен Іңкәрдің орындауында «Жаңа жыл» әні

2 - жүргізуші: Балалар, шыршамыз көңілсіз сияқты, шыршамыздың шамын жағайық.Барлықтарың менімен бірге қайталаңдар.

  • Қане, шырша, бір сілкін!

Қане, шырша, күлімде!

Қане, шырша, бір, екі, үш!

Жарқырап жан, еліме!

\шырша жағылады\

1 - жүргізуші: АЙЯ байқаймысың, бұл кеште біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Мына шырша жанындағы қора птағы не болды екен?
2 - жүргізуші Мүмкін бізге достарымыздың жасаған сыйы, жаңа жылдық тартуы болар. Қане ашып көрелік. Әли, қане сен ашып көр. Мүмкін мыстан болар деп мен қорқып тұрмын.
1 - жүргізуші: Жарайды, ашсам ашайын. Былай келісейік. Екеуміз 1..2..3 дегенде қаптың аузын бірге ашайық.
2 - жүргізуші Жарайды ,мен келістім.
Ендеше бастасақ, бастайық.
(қаптың аузын ашқанда балапан атып шығады)

БАЛАПАН: Сәлем саған, туған ел, сәлем достар!
Ой, ой,ой біздің достарымыз көрінбейді ғой. Міне, қызық, мен достарыммен жасырнбақ ойнап жүріп, осында тығылып ем, Жаңа жыл мерекесіне тап болдым. Көп соза бермей, достарымызды ертіп әкелейін?!
1 - жүргізуші: Кешті көңілді өткізу өз қолымызда ғой. Балапан және оның достары келгенше шыршаны айналып ән шырқайық.

Музыка ойнайды (оқушылар шыршаны айналып «Шыршаға бардық

» әнін орындайды).


БАЛАПАН: - Достар, таба алғанымша 12 жыл мүшелерін іздеп келдім, енді бізде алдымызда бір тапсырма бар?

  • Ол қандай тапсырма, балапан?

БАЛАПАН: Менің досым қошақан өзінің күлкісін жоғалтып алыпты, енді оны қайтармасақ болмас, ескі жылды көңілсіз қайтарғанымыз болмас.

Күшік: - Иә, дұрыс айтасың балапан, барлығымыз қошақанның көңілін көтеріп, ән мен биден шашу шашайық.

Жаңа жыл - жаңа әннің тербелуі
Жаңа жыл - ақ арманның өрленуі.
Жаңа жыл - партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі.

Мерекеміз Жаңа жыл

Тойыңда қызық думан бар!

Жаңа жыл - бұл Жаңа өмір,

Сайранда туыс - туғандар.

Келеді жылдар, келеді айлар ауысып,
Қоян жылы мен ұлу жылын да тауысып.
Береке, бірлік бейбітшіліктің төрінде
Тұрайық әр кез татулықпенен қауышып.
- Қошақан сен абыржыма, сен ескі жыл болғаныңмен , әрдайым жанымыздан табылар досымызсың.

  • Расымен де балалар да сені өте қатты жақсы көреді. Сондықтан қазір бірнеше жұмбақ жасырамын, қаншасына жауап берсе, сені соншалық жақсы көреді деген сөз.

  • Ал қане балалар дайынбыз ба? Ендеше мұқият тыңдандар!

Қыста жерді жауып кетті,

Ал көктемде ағып кетті. /Қар/

Жасыл ине киімім,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласаң,

Төріндемін үйіңнің. /Шырша/

Бет аузыңнан сүйеді.

Ерні суық тиеді. /Аяз/

Терезеге қонады,

Әсем ою салады. /Қырау/

Бір кісінің 12 баласы бар,

Іштерінде ақ, сары, қарасы бар.

Әр баласы сапарға шыққан сайын,

Отыз шақты серігін ала шығар. /ЖЫЛ 12 АЙ/

Шәкіртке жанашыр,

Мейірман кім жаны асыл. /Ұстаз/

Кішкене ғана бой бар,

Айналдырып киген бойы бар. /Қой/

Мүйізі айдай иірілген

Мұрнын көкке шүйірген /Сиыр/

Қамыс құлақ,

Тостаған тұқ.

Мінсең - қанат,

Еті тамақ. /жылқы/

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. /Түйе/

  • Тамаша балалар, қошақанның күлімсірей бастаған сияқты, оны шығарып салғанша тағы басқа да өнерлеріңді көрсетіңдер.

2 - жүргізуші: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық.

1 - жүргізуші: Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің өнерпаздарын қарсы алыңыздар!

Би: 1 - сыныптың орындауында

2 - жүргізуші

  • Балалар мен де сендерге бір жұмбақ жасырғым келеді, жауап бере аласыңдарма?

  • Ендеше мұқият болыңдар!

Бір ақсақал жылына

Бір ақ рет келеді.

Көп қызы мен ұлына

Сыйлық әкеп береді. Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз,

1-жүргізуші: 1 - Аяз ата мен Ақшақарды шақыру үшін біз күнді суытуымыз керек. Ол үшін қыздар боран секілді: А-а-а деңдер. Ал ұлдар үскірік жел сияқты: У-у-у деңдер. Ең бірінші қыздар, сосын ұлдар.

2 - жүргізуші: Балалар, күн суытып кетті ме? Олай болса, оларды шақырайық! Аяз ата! Ақшақар! А-у, а-у! Бәріміз бірге қосылып, Аяз ата!Ақшақар!А-у,а-у!


Оқушы: Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар!
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді).

2 - жүргізуші: Армысыз Ата! Армысыз Ақшақар!

/АЯЗ АТА/
Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған.
Көңілдерің дүр маржан
Айналайын ұлдардан
Айналайын қыздардан
Аяз ата, Ақшақар
Жетті жолдан қиналған
Ештеңе емес барлығы,
Алдымыздан күлді арман
Мықтылығым мәлім ғой.
Өтіп кеткен жылдардан
Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Мешін жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін. Тарихи жыл болсын.
Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын.
Ақшақар: Мен сендермен жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын. Сіздер маған бір өнер көрсетіп бересіңдер ме?

2 - жүргізуші: Әрине, Ақшақар, Балалар сіздерді тағатсыздана күтіп, сіздермен бірге шырша әнін айтқылары келеді. Қане балалар, шыршаны айнала ән шырқайық.

/Шырша әні/

Аяз ата: Сондай жақсы балалар,
Ай, жұлдызға пара-пар.
Бола қоймас маған айып,
Тақпақтарын тыңдайық!
Ақшақар Аяз-атаны орындыққа отырғызады.
Ақшақар: Отыр, Аяз ата, ортаға.
2 -жүргізуші: Қане, балалар, келiңдер, Аяз-атаға тақпақ айтып берiңдер.

1 - жүргізуші: Құрметті Аяз ата, Ақшақар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір - түпкірінен өнердің өрінде жүрген небір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыз?

Ендеше ортада, 2 - сынып оқушыларының орындауында ФЛЕШМОБ.

1 - жүргізуші: Көз салыңдар әуелі

Шыршамызға мәуелі

Ал, қанеки шырқалсын

Жаңа жылдың әуені!-дей отырып, келесі кезекте 3 - сынып өнерпаздарын ортаға шақырамыз. /Ән/

2 - жүргізуші: Ақ көңілім айналады аппақ қарға,

Көлдене қосып сен де ән мен жырға!

Қыс қызығы басылмай ұласады,

Қуанышы көп болсын Жаңа жылда.

  • дей отыра өз өнерімен сахнаға 1 - сынып оқушыларын шақырамыз.

1 - сынып БИ

2 - жүргізуші: Жаңа жылда, жаңа би

Бәріміз дөңгелене би билейік! - деп БАҚТАШЫЛАР биімен 4 - сынып оқушыларын қарсы алыңыздар!

КОВБОЙ БИі 4- СЫНЫП

Аяз ата: Бәрекелді, бәрекелді, неткен өнерлі, талапты балалар?!
Балалар, менімен ойын ойнайсыңдар ма?
Балалар: Иә, ойнаймыз!
2 - жүргізуші: Бұл қандай ойын, Аяз ата?
Аяз ата: «Кім жылдам?» атты ойын. Бүл ойынға 5 баланы шақырамын. Мына әдемі тәттілерді жылдам жинау керек. (Ойыншыларға) Музыка ойнағанда, тәттілерді айналып жүгіресіңдер, тоқтағанда - жылдам 1 ойыншықты алу керексіңдер. Кімге ойыншық жетпей қалса, ойыннан шығады. Қалғандары ойынды жалғастырады. Алайда ешкімді сыйлықсз қалдырмаймын.
«Кім жылдам?» Аяз атамен ойын.

2 - жүргізуші: Жаңа күнде ән қылып, Тек жүреміз сән құрып. Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік!- деп, балалар, қане шыршамызды айналып әсем әнімізді шырқайық!

/ЖАСЫЛ ШЫРША жанында Әні/

1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар сіздердің құрметтеріңізге барлық оқушылар орындауында ФЛЕШМОБТЫ қабыл алыңыздар!

/БУГИ ВУГИ/

2 - жүргізуші: Жаңа жыл - бұл жаңа нұр
Нұрдан ләззат ала біл.
Ақын жазар жаңа жыр,
Жырдан тыңда терең сыр.
Ал достар, жүзінен күлкі байқалады, бізге деген реніші жоқ шығар. Құрметпен Қой жылын шығарып салайық.
(осы кезде қой келеді.)
Оқушы: Біздің елде өткен жылы,
Қой жылы тыныштық.
Ал ұмтылдық, біз есейдік.
Жақсылыққа тырыстық.
Ескі Жылым - Қой жылы,
Қош, аман бол көргенше.

Сен сыйладың бақытты күн.
Қайта айналып келгенше,
Талап, талант дарынды,
Өрлеттің туды аспанда,
Бойыңнан бердің барыңды.
Айналар бір күн дастанға.

Қой жылы: Мен ескі жыл есіркедім,
Егемендік елдікті.
Мен сүйемін батырлықты
Татулық пен ерлікті.
Қарақтарым,қанаттарым
Амандықпен жүздесейік
Ал, Жаңа жыл, ізбасарым,
Қолыңа ал бір істі!
Қанат бітір қанатсызға
Көркейт елді барысты.
1 - жүргізуші: Құрметпен ортаға Жаңа жылды шақырамыз.

Кел, Жаңа жыл,

Еркінде төрімізге.

Қыдыр дарып

Бақ қонсын жерімізге.

Сұқтанбасын сырттан жау,

Іштен дұшпан

Егеменді, еңселі елімізге!

Кел, Жаңа жыл,

Бар жұртты ұғыстырып,

Бауыр қылып, дос қылып, туыс қылып.

Сән-салтанат құрғанға не жетеді

Туған жердің төсінде

Тыныш тірлік!
/Ортаға Жаңа Мешін жылы келеді./
Мешін жылы: Жақсылыққа бағыттаған
Ұлумын мен Жаңа жыл!
Жаңа Жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл.

Қой жылының мерекесін,
Мерекеге жалғаймын.
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын.

Арым - ұят, жаным - халық,
Қызметім де соларға,
Сеніңдер маған барлығың
Қияға ұшып қонарда.

Ал, Ескі жыл, аман бол,
Ізбасарың мен болам.
Аман болсын деп тіле,
Елім, жерім, кең далам. 2 - жүргізуші: Тамаша, тамаша, Күн туылды жаңаша. Тамасанады барлығы,

Өнеріне қараса - деп, Жаңа Мешін жылының құрметіне кезекті 4 - сынып оқушыларының орындауындағы биге береміз.

/ЗАМАНАУИ БИ/

1- жүргізуші: Қанеки балалар, Аяз ата, Ақшақар және ЖАҢА Мешін жылымен бірге шыршаны айнала ән шырқайық. 2- жүргізуші: Келтірейін сәніңді. Бұзба енді мәніңді. Әнші құрбым, тоқтама,

Шырқап жібер әніңді-деп кезекті 4 сынып оқушысы

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық. Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық. Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!- деп 3 - сыныптың өнерпаздарын ортаға шақырамыз.

1 - жүргізуші:Ал, Айя Аяз ата, Ақшақар! Асығып тұрған секілді сіздер.Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.

Аяз ата: Иә балалар, Ақшақар екеуімізді басқа ауылдарда да өздеріңдей бүлдіршіндер тағатсыздана күтіп отыр. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Көріскенше күн жақсы!

Ақшақар: Сау-саламат болыңдар, достарым менің!

\Әдемі әуен ойналады. Қол бұлғап Аяз ата мен Ақшақар кетеді.\

ОҚУШЫ:Езуіңнен кетпесін сыңғыр күлкің,
Аспаның ашық болсын ала бұлтың.
Мұржаң қисық болса да, ағайындар
Түтініңнен түзу шықсын, жалпақ жұртым.

Келеді жылдар, келеді айлар ауысып,
Қоян жылы мен ұлу жылын да тауысып.
Береке, бірлік бейбітшіліктің төрінде
Тұрайық әр кез татулықпенен қауышып.

2 - жүргізуші: Жаңа жылда жаңа белден асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз.
Келесі кезекті тамаша бір әнге берейік. МЕРЕКЕМ әні
1 - жүргізуші: Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін.





© 2010-2022