Сабақ жоспары Дүниетану 3-сынып Құм, саз және тұз

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Құм, саз және тұз Сабақтың мақсаты:
  1. Оқушылардың құм,саз, тұз туралы түсініктерін кеңейту. Олардың қасиеттері жіне пайдаланылатын салалары туралы түсінігін қалыптастыру. Ас тұзының негізгі көздері, көлден тұз өндіру туралы түсінігін толықтыру.
  2. Оқушылардың өз бетімен білімін толықтырып, ойлау қабілеттерін дамыту.
  3. Өз ойын айта отырып, өзгені тыңдай білуге, алған білімін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, көрнекілік. Сабақтың көрнекілігі: құм, саз,тұз. Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. I. Психологиялық дайындық. Біз бүгін қаламыздағы (ауылдағы) құрылыстарды аралауға шығамыз және үйді салған кезде қандай құрылыс материалдары пайдаланылатынын көреміз. Балалар өздерін құрылысшы ретінде сезініп, әңгімелейді: «Үй салу үшін ең алдымен құрылыс материалдарын дайындап алу қажет». II. Тақырыпқа кіріспе.

  1. Қандай құрылыс материалдарын білесің? Олар не үшін пайдаланылады?
  2. Топтарға бөлініп тәжірибе жұмысын жүргіземіз.
1-топ құммен, 2-топ сазбен, 3-топ әктаспен, 4-топ мәрмәрмен жұмыс істейді. Балалар олардың қасиеттерін, түр-түсін, қай жерде қолданылатынын анықтайды. III. Оқулық бойынша жұмыс (топпен жұмыс істеу жалғасады). Содан соң мәтіндегі өздеріне қатысты бөлімді оқып, білімдерін нақтылайды. Әр топ өз тақырыбы бойынша сұрақтар әзірлеп, оларды өзге топтарға қояды. 1-топ құм туралы, 2-топ саз туралы, 3-топ әктас туралы, 4-топ мәрмәр туралы айтады. IV. Балалар өз бетінше кесте құрастырады. Қиналса оқулықты пайдалануға болады.
Пайдалы қазбалар Қасиеттері Пайдаланылатын жері Құм

Саз

Әктас

Мәрмәр


V. Пікірталас. Сендердің сабақта алған білімдерің өмірде кәдеге жарай ма? Өзіңді тексер. VI. Үй жұмысы. «Құм, саз және әктас» мәтінін оқу. Аталған пайдалы қазбалардың айырмашылықтарына талдау жаса.
© 2010-2022