Сабақ жоспары Еңбек пәні бойынша Үлгі бойынша құмырсқаны мүсіндеу. Зымыран құрастыру

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Үлгі бойынша құмырсқаны мүсіндеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға үлгі бойынша құмырсқаны саздан, ермексаздан мүсіндеу қасиеттерін саралап саналарына сіңдіру;

Дамытушылық: оқушыны өз бетімен жұмыс жасау, қағазбен, ермексазбен ажырата алуға үйрету. Ойлау, есте сақтауқабілеттерін арттыру,оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелік: мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу, білімді, саналы азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: оқулық, қағаз, қайшы,, желім, ермексаз т.б.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, қызығушылықты ояту

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастырушылық кезеңі:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, құралдарын даярлау, сынып тазалығына да көңіл аудару.

2. Үй тапсырмасын сұрау:

Сұрақ-жауап (3 минут)

ІІ. ЖАҢА САБАҚ:

Үлгі бойынша құмырсқаны мүсіндеу

Алдымен дене пішіні

мен оның өлшемдерін анықтаймыз.

Үлгі:Жұмыс жоспары

Бір-бірінен үлкен үш қоңыр домалақ жасаймыз. Үлкенін бір жақ шетінен сүйірлейміз.

Үш домалақты сіріңке шырпысының бойына тіземіз. Бұл құмырсқаның басы мен денесі болады.

Көзін кішкене қара домалақтан немесе моншақтан жасаймыз.

Жіңішке үш қоңыр кесінді ширатып аламыз.

Кесіндінің екі ұшын саусақпен қысып жалпақтаймыз.Бұл құмырсқаның табаны болады.

Үш кесіндіні оның денесіне

жапсырамыз.

Табандарын сыртқа қарай аздап иеміз. Аумаған құмырсқа болып шықты.

Ш кезең

(Қауіпсіздк ережелерн сақтау.) Оқушылардың қайшымен, ермексазбен, қағазбен жұмыс істеу кезінде техника қауіпсіздігін сақтау.

Қорытындылау.

Балалардың еңбегін бағалау.

Үй тапсырмасын беру:

Ермексаздан бірнеше құмырсқа жаса.

Ермексаздан қызыл қоңыз немесе аққаланы жаса

Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Үлгі бойынша құмырсқаны мүсіндеу. Зымыран құрастыру.
Сабақтың мақсаты: Зымыран құрастырып үйрету
Сабақтың міндеті:
1. Ермексаздан зымыран құрастырудыүйрете отырып, ермексазды дұрыс пайдалануға ықпал жасау
2. Ермексазбен жұмыс істеу ережелерін пысықтау
3. Еңбекке баулу пәніне қызығушылығын арттыру
Өткізу әдісі: көрсету
Көрнекілігі: зымыран үлгісі
Сабақтың мазмұны
I. Ұйымдастыру
- Оқушылардың керекті құрал - жабдықтарын тексеру
- Сабаққа зейіндерін аудару
II. Өткен сабақты еске түсіру
- Ермексазбен жұмыс істеудің қандай тәсілдері бар?
- Құмырсқаны неше бөліктен жасауға болады?
III. Жаңа сабақ
Зымыранның (ракетаның) пішіні мен оның бөліктерінің санын анықтап аламыз. Жұмыс ретін ауызша құрамыз. Ермексаздан зымыран бөліктерін дайындап алып, жоспар бойынша құрастырамыз.
- Қалай ойлайсың, зымыранның жекелеген бөліктері сәбізді еске түсіре ме?
- Иллюминаторының (терезесінің) түсі қандай болады?
- Ғарышқа ұшқан әлемдегі тұңғыш ғарышкер туралы айт.
- Қазақтың тұңғыш ғарышкері туралы әңгімеле.
IV. Машықтық жұмыс
- Зымыранның мүсінін жаса.
- «Ұшқыш тәрелкені» жаса
V. Сабақты қорытындылау

© 2010-2022