Сөздік құрам ашық сабақ 2сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның құрамы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір-бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қима қағаздар

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты пысықтау.

ІҮ. Қорытындылау, бағалау.

Ү. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс:.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Түбір мен қосымшаның шартты белгілері.

өнер лі - жаңа мағына беріп тұр

өнер ге - сөзді байланыстырып тұр.

Жаңа сабақ.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

  1. Сөздің түбірі мен қосымшасын таба алу;

  2. Түбір сөз және қосымшалы сөзді қатыстырып сөйлем құрай алу;

  3. жұрнақ пен жалғауды бір-бірінен айыра алу;

  4. Жұрнақ пен жалғау жалғанған сөзді қатыстырып сөйлем құрау.

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті

-----------------------

(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).

6-жаттығу. Сөздердің түбіріне басқа қосымша жалғау арқылы жаңа сөз жаса. Сол сөздерді қатыстырып екі-үш сөйлем құрап жаз.

Жұрнақ жаңа сөз жасайды

Дәріні - дәрі - дәрігер

Жұмыспен - жұмыс - жұмысшы

өнерім - өнер - өнерлі

оқуға - оқу - оқушы

кітаптан - кітап - кітапхана

бүркіті - бүркіт - бүркітші

7-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып жаз.

Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті. Ердің атын еңбек шығарады. Жері байдың - елі бай. Шеге тағаны сақтайды, таға тұлпарды сақтайды.

Жалғау сөз бен сөзді байланыстырады.

8-жаттығу ауызша орындалады.

  1. Өлеңді оқы

  2. Түбір сөздерді тап.

  3. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.

  4. Жаңа, кең, жас сөздеріне мағынасы қарама-қарсы сөздер тауып айт.

9-жаттығу.

Суретпен жұмыс

Әуе шарымен ұшуға көмекке кел. Ол үшін ұш сөзінен

Бірнеше қосымшалы сөз жасап жаз.

Бір-біріңді тексер.

Қосымшалардың жалғану реті.

Түбір + жұрнақ + жалғау

Ән, жұмыс, мұнай, өнер, су, таза

13-жаттығу. Сызбаға сай сөздер табу.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Ереже жаттау 11-жаттығу. .

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау



Қарақоға орта мектебі.











Ашық сабақ:

Сөз және оның құрамы.






Өткізген бастауыш сынып мұғалімі: Сапарова С.Т.














2015-2016 оқу жылы.

© 2010-2022