Мектепалды тобындағы сабақ Байланыс құралдары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім аумағы : Таным. Әлеуметтік орта.

Білім бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Байланыс құралдары.

Мақсаты :

1.Байланыс қызметі түрлерімен таныстырып олардың атауларын меңгерту.

2.Балалардың жас шамасына қарай компьютер туралы қарапайым түсінік беру, оны пайдалану ережелерімен таныстыру, бастаған ісін аяғына дейін тыңғылықты аяқтауға, зейінді, шыдамды болуға тәрбиелеу.

3.Адамдардың пайдалы іс-әрекеттерін бағалап, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс.байланысшы, хат тасушы, телеграмма қабылдаушы, компьютер.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиеші қызметі

Балалар қызметі

Ынтыландыру.

Сезім ояту.

Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын айтқызады:

Армысың, асыл күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу кос

Міне, менің қолым.

Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылу сезімдерін білдіреді.

Ізденістер.

Ұйымдастыру.

1.Байланыс құралдары жайлы түсінік беру:

-Телефон, факс, хат, құтықтау хаттары, сәлемдеме байланыс түрлеріне жатады. Байланыс қызметінің бұл аталған түрлерінің бәрі адамдардың тұрмысына өте қажет. Компьютер де байланыс қызметі түрлерінің қатарына жатады. Компьютермен әлемнің барлық жерлерінен әртүрлі хабарлар алынады және жіберіледі. Пошта-хат, телеграмма, ақша, газет-журнал, сәлемдеме сияқты заттарды бір жерден екінші жерге жеткізумен айналысатын мекеме. Бұл мекемеде байланыс кызметкерлері- хат, телеграмма, т.б. қабылдаушы-операторлар, хат тасушылар жұмыс істейді.

2.Сергіту сәтін өткізу.

Біздер тату боламыз

Гүл-гүл жайнап аламыз.

Жаттығулар жасайық,

Жақсы сергіп қаламыз.

3.Әліппе- дәптерімен жүмыс

Суреттегі байланыс құралдарын ататып, олардың атқаратын жұмыстары жөнінде әңгімелету.

4. Телефон- дидактикалық ойыны. Шарты: екі бала ойншық телефон тұтқасымен бір-бірімен сойлеседі. Мысалы:- Сәлеметсізбе, Алма?

-Сәлеметсің бе, Аружан?

-Ертең мен анаммен хайуанаттар бағына барамын.

Сен бізбен барасың ба?

-Анам руқсат берсе, барамын.

5.Дәптердегі тапсырмаларды орындату.

Балаларға тақырыпқа қызығушылықпен жауап береді.

Компьютер,телефон сияқты байланыс құралдары туралы білетіндерін айтады.


Өлең мазмұнына қарай қимыл- қозғалыстар жасайды.

Сурет бойынша байланыс құралдарының атқаратын қызметін әңгімелейді.

Балалар бір-бірімен ойыншық телефон арқылы сөйлеседі.

Сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды орындайды.

Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау.

6.Сабақты қорытындылау.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Байланыс қызметінің тұрлерін ата.

2.Компьютер байланыс құралына жата ма?

3.Сәлемдемемен не жіберуге болады?

4.Құттықтау хаттарын кімдерге және не үшін жазады?

Балалар байланыс құралдары мен оның қажеттілігін айтады.

Күтілетін нәтиже: байланыс қызмет түрлерімен таныстыру.

Білуі тиіс: әрбір байланыс құралдарының қызметін білу.

Түсінігі: адамдардың пайдалы іс-әрекетін бағалау, оларға құрметпен қарау.

Көрсете білуі: өзінің бастаған ісін аяғына дейін жеткізе алатындығын көрсете білу.










© 2010-2022