Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар үлгілері

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Сабақ -1 3 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Табиғат құбылыстары

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың табиғат құбылыстары туралы түсініктерін кеңейту,білімдерін жүйелеу.

Оқу нәтижелері:

Табиғат құбылыстары туралы біледі.

Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Оқулық, ноутбук, тақырыпқа байланысты суреттер,видеороликтер,слайд, А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, күлегештер.

Негізгі идеясы:

Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі.

Әдіс тәсілдер:

Топпен жұмыс: жұппен жұмыс,топта талқылау. АКТ қолдану: ноутбук .СТО: «Ассоциация» әдісі

ОҮБ: (Табыс критерийлері бойынша)

Тапсырмалар

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының әрекеті

Тапсырмалар жүйесі

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

Оқушылармен шаттық шеңбер құрып,бір-біріне жылы лебіздерін білдіру.Сыныпты жыл мезгілдеріне байланысты төрт топқа бөлу. Топ басшыны тағайындау. Оқушылар жасырылған жұмбақтардың шешуі арқылы сабақтың тақырыбын табады.Сабақтың мақсатымен таныстыру.


Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру.

Үйге берілген тапсырманы айтады. Талдайды.

Бір-біріне сұрақтар қояды.

-математиканың дүниетанумен қандай байланысы бар?

-сағат пен күнтізбелер бізге не үшін керек?

-температураны немен өлшейміз?

Оқушылар сұрақтарға жауап беруге тырысады.

Ойлану.

Мағынаны тану

  • Мәтінде не туралы айтылған?
  • Табиғат құбылыстарын атаңдар?
  • Табиғи апаттарына нелер жатады?

Оқулықпен жұмыс.

1.Жеке-жеке оқу.(әр оқушы өзі оқиды)

2.Жұппен оқу.(оқығандарын қасындағы балаға түсіндіреді)

Өзіндік жұмыс. Алған мәліметті жүйелейді.

Сергіту жаттығуы.

Оқушыларды сергіту.

Оқушылар билеп, сергиді.

«Ассоциация» әдісі. Әр топ берілген жыл мезгілі бойынша не таныс,соны жазғызу.

Топпен жұмыс. Зерделей отырып өз ойларын түсіреді.

Бір-бірінің білімін толықтырады.

Ой толғаныс.

«Ойлан, тап» ойынын ойнату.

Әр оқушы жеке-жеке өзі бақылаған табиғат құбылыстарының бірін суреттейді.Басқа оқушылардың міндеті-сол құбылысты табу.

Өзекті сұрақ:Табиғат құбылыстары адам өміріне қандай қауіп төндіреді?

Алған білімдерін толықтырып отырады.

Өзара талдайды.

Видео.Оқушыларға табиғи апаттар жайлы видео көрсету.

Жер сілкінісі,сел,топан су немесе тасқын, дауыл жайлы видеоны оқушылар қарап шығып,олардың зардаптары жайлы талқылайды.

Сабақты қорыту.

1.Табиғат құбылыстарын ата.

2.Табиғи апаттарға нелер жатады?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Рефлексия.

Екі жұлдыз, бір тілек.

Оқушылар өз ойларын жазады.

Бағалау.

Мұғалім жинақтап қорытынды баға қояды

Әр топ басшысы бағалау парағындағы қорытынды ұпайды шығарып, сыныпқа хабарлайды

ОҮБ. Табыс критерийлері бойынша алдын ала құрылған бағалау шкаласымен бағаланады.

Аты-

жөні

Балл

Баға



Үй тапсырмасы:

Мәтінді оқу. Табиғатты аяла!» шығарма жазу



Сабақ -2 3 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Денелер.Заттар.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың денелер мен заттар туралы білімдерін кеңейту.Денелердің табиғи және жасанды болатыны туралы түсініктерін қалыптастыру.

Оқу нәтижелері:

Денелер мен заттар туралы біледі.

Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Оқулық, интербелсенді тақта, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд, А форматтағы қағаздар, маркер,стикер,күлегештер.

Негізгі идеясы:

Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі.

Әдіс тәсілдер:

Топпен жұмыс: жұппен жұмыс,топта талқылау. АКТ қолдану: интербелсенді тақта .СТО: «Топтастыру» әдісі, «Синкуейн» әдісі, «Миға шабуыл» стратегиясы.

ОҮБ: (Табыс критерийлері бойынша)

Тапсырмалар

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының әрекеті

Тапсырмалар жүйесі

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

Оқушылармен шаттық шеңбер құрып,табиғат жайлы өлең оқу.Сыныпты денелердің күйлері бойынша қатты, сұйық, газ тәрізді деп топқа бөлу. Топ басшыны тағайындау. Оқушылар сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын табады.Сабақтың мақсатымен таныстыру.


Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру.

Үйге берілген тапсырманы айтады. Талдайды.

Бір-біріне сұрақтар қояды.

- «Табиғатты аяла» атты шығармаларын оқыту.

-Табиғат құбылыстарына нелер жатады?

-Қандай табиғи апаттарды білесіңдер?

Оқушылар сұрақтарға жауап беруге тырысады.

Ойлану.

Мағынаны тану

  • Мәтінде не туралы айтылған?
  • Денелер нешеге бөлінеді?
  • Денелер қандай күйде кездеседі?

Оқулықпен жұмыс.

1.Жеке-жеке оқу.(әр оқушы өзі оқиды)

2.Жұппен талқылау. (оқығандарын қасындағы балаға түсіндіреді)

Өзіндік жұмыс. Алған мәліметті жүйелейді.

Дарынды және талантты оқушыларға жеке тапсырма беру:

Сыныпта бар денелерді ата.Олар қандай заттардан тұрады? Олар қандай күйде кездеседі?

Сенің партаңның үстінде қандай дене бар?Ол қандай заттан тұрады? Оның күйі қандай?

Бақылау.Үстелдің үстінде тас, бөлме температурасындағы бір стақан су,беті жабық стақанда орталай құйылған ыстық су бар.

Үстел үстіндегі заттардың ішіндегі барлық денелерді атайды және олардың қандай күйде екендігіне қорытынды жасайды.

Сергіту жаттығуы.

Оқушыларды сергіту.

Оқушылар билеп, сергиді.

Ой толғаныс.

«Топтастыру» әдісі. 1-топ- денелер,2-топ- табиғи денелер,3-топ- жасанды денелер бойынша не таныс,соны жазғызу.

Топпен жұмыс. Зерделей отырып өз ойларын түсіреді.

Бір-бірінің білімін толықтырады.

«Тез ойла» ойынын ойнату.

Әр топ бір кез келген денені алып,суретін салып, осы дененің қандай заттан тұратынын, қандай қасиеті бар екендігін, қайда қолданатынын айтады.

Сабақты қорыту.

1.Денелер нешеге бөлінеді?

2.Денелер қандай күйде кездеседі?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Рефлексия.

Әр оқушыға парақшалар беріледі.

Оқушылар парақшаларға өз ойларын жазады.

Бағалау.

Мұғалім жинақтап қорытынды баға қояды.

Әр топ басшысы бағалау парағындағы қорытынды ұпайды шығарып, сыныпқа хабарлайды.Смайликтер беру.

ОҮБ. Табыс критерийлері бойынша алдын ала құрылған бағалау шкаласымен бағаланады.

Аты-

жөні

Балл

Баға



Үй тапсырмасы:

Мәтінді оқу және әңгімелеу.


Сабақ -3 3 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Ауа

Сабақтың мақсаты:

Ауа қасиеттері туралы білімдерін тереңдете отырып, ауаның жер үстіндегі қозғалысы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Оқу нәтижелері:

Осы сабақтан кейін балалар бұрынғы білгендері мен жаңа білімді байланыстыра алып, соның нәтижесінде өмірге қажетін алады. Топпен жұмыс істей білу, жұптық жұмыс істей алады.

Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Оқулық, интербелсенді тақта, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд, А форматтағы қағаздар, маркер,стикер,күлегештер.

Негізгі идеясы:

Ауа-тіршілік көзі.

Әдіс тәсілдер:

Топпен жұмыс: жұппен жұмыс,топта талқылау. АКТ қолдану: интербелсенді тақта .СТО: «Топтастыру» әдісі, «ББҮ» әдісі, ОҮБ: (Табыс критерийлері бойынша)

Тапсырмалар

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының әрекеті

Тапсырмалар жүйесі

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

Оқушылармен шаттық шеңберін құрып, өлең оқу.Сыныпты кәмпиттердің түрлері бойынша 3 топқа бөлу. Топ басшыны тағайындау. Оқушылар жұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын табады.Сабақтың мақсатымен таныстыру.


Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру.

Үйге берілген тапсырманы айтады. Талдайды.

Бір-біріне сұрақтар қояды.

-Мәтінді әңгімелеу.

-Денелер нешеге бөлінеді?

-Мысалдар келтір.

-Денелер қандай күйде кездеседі?

Оқушылар сұрақтарға жауап беруге тырысады.

Ойлану.

Мағынаны тану «ББҮ» сызба әдісі.

Кесте толтырады.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім


  • Мәтінде не туралы айтылған?
  • Ауаның қандай қасиеттері бар?
  • Желбағар деген не?
-Дауыл деген не?

Оқулықпен жұмыс.

1.Жеке-жеке оқу.(әр оқушы өзі оқиды)

2.Жұппен талқылау. (оқығандарын қасындағы балаға түсіндіреді)

Өзіндік жұмыс. Алған мәліметті жүйелейді.

Суреттермен жұмыс.

Оқушылар суреттер бойынша әңгімелеп, қорытынды жасайды.

Сергіту жаттығуы.

Оқушыларды сергіту.

Оқушылар билеп, сергиді.

Бақылау.Бізге балауыз шам мен сіріңке керек.Есікті сәл ашамыз.Балауыз шамды жағамыз.Кіреберіске шамды қоямыз.Нені байқайсыңдар?Шамның оты қалай қарай шалқиды?Бұл нені көрсетеді?

Оқушылар қорытынды жасайды.

Ой толғаныс.

1-топ-ауа сөзін топтастырады.

2-топ-ауа сөзіне бес жолды өлең құрастырады.

3-топ- Ауа - тіршілік көзі. (эссе жазу).

Топпен жұмыс. Зерделей отырып өз ойларын түсіреді.

Бір-бірінің білімін толықтырады.

Сабақты қорыту.

1.Зертханалық жұмыста нені бақыладық?

2.Желдің қандай түрімен таныстыңдар?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Рефлексия.

Екі жұлдыз, бір тілек.

Оқушылар стикерлерге өз ойларын жазады.

Бағалау.

Мұғалім жинақтап қорытынды баға қояды.

Әр топ басшысы бағалау парағындағы қорытынды ұпайды шығарып, сыныпқа хабарлайды.Күлегештер беру.

ОҮБ. Табыс критерийлері бойынша алдын ала құрылған бағалау шкаласымен бағаланады.

Аты-

жөні

Балл

Баға



Үй тапсырмасы:

Кез келген денеге жұмбақ жасыру.


Сабақ -4 3 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Табиғаттағы су.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар су қоймаларымен, өзен бөліктерімен, жерасты суларымен танысады.

Оқу нәтижелері:

Судың қасиетін, суды қорғаудағы адамның әрекетін біледі. Топпен және жұптық жұмыс істей алады.

Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Оқулық, интербелсенді тақта, тақырыпқа байланысты суреттер, Қазақстанның физикалық картасы, А форматтағы қағаздар, маркер,стикер,күлегештер.

Негізгі идеясы:

Су-тіршілік көзі.

Әдіс тәсілдер:

Топпен жұмыс: жұппен жұмыс,топта талқылау. АКТ қолдану: ноутбук. СТО: «Топтастыру» әдісі, «ББҮ» әдісі, ОҮБ: (Табыс критерийлері бойынша)

Тапсырмалар

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының әрекеті

Тапсырмалар жүйесі

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

Оқушылармен шаттық шеңберін құрып, бір-бірлеріне тілек айтқызу.Сыныпты су қоймалары бойынша «Өзен», «Көл», «Бұлақ» деп топқа бөлу. Топ басшыны тағайындау. Оқушылар жұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын табады.Сабақтың мақсатымен таныстыру.


Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру.

Үйге берілген тапсырманы айтады. Талдайды.

Бір-біріне сұрақтар қояды.

-Ауаның қасиеттерін ата.

-Жел қалай қозғалады?

- «Ауа-тіршілік көзі» атты шығармаларын оқыту.

Оқушылар сұрақтарға жауап беруге тырысады және жазған шығармаларын оқиды.

Ойлану.

Мағынаны тану «ББҮ» сызба әдісі.

Кесте толтырады.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім


  • Мәтінде не туралы айтылған?
  • Судың қандай қасиеттері бар?
  • Артезиан құдығы деген не?
-Өзеннің бөліктерін ата.

Оқулықпен жұмыс.

1.Жеке-жеке оқу.(әр оқушы өзі оқиды)

2.Жұппен талқылау. (оқығандарын қасындағы балаға түсіндіреді)

Өзіндік жұмыс. Алған мәліметті жүйелейді.

Суреттермен жұмыс.

Оқушылар суреттер бойынша әңгімелеп, қорытынды жасайды.

Сергіту жаттығуы.

Оқушыларды сергіту.

Оқушылар билеп, сергиді.

Ой толғаныс.

«Өзен» тобы-су сөзін топтастырады.

«Көл» тобы-су сөзіне бес жолды өлең құрастырады.

«Бұлақ» тобы- Су - тіршілік көзі. (эссе жазу).

Топпен жұмыс. Зерделей отырып өз ойларын түсіреді.

Бір-бірінің білімін толықтырады.

Сабақты қорыту.

1.Сендер бүгін өзеннің қандай бөліктерімен таныстыңдар?

2.Қандай суларды жерасты суы дейді?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Рефлексия.

Оқушыларға парақшалар беру.

Оқушылар парақшаларға өз ойларын жазады.

Бағалау.

Мұғалім жинақтап қорытынды баға қояды.

Әр топ басшысы бағалау парағындағы қорытынды ұпайды шығарып, сыныпқа хабарлайды.Күлегештер беру.

ОҮБ. Табыс критерийлері бойынша алдын ала құрылған бағалау шкаласымен бағаланады.

Аты-

жөні

Балл

Баға



Үй тапсырмасы:

Мәтінді оқып, әңгімелейді.




© 2010-2022