Тақырыбы: «Жеңіс тойы, жаса мәңгі»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Жеңіс тойы,жаса мәңгі»

Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Жеңістің 70 жылдығы туралы мағлұмат беру,бейбітшілік,Отан

туралы әндер орындау.Отансүйгіштікке,батылдыққа,Отан қорғауға тәрбиелеу. Көрнекілігі:слайд,видео-ролик,көгершін суреттері,шар,жалаушалар т.б. Мемлекеттік әнұран.

Мұғалім: 9 мамыр-Жеңіс күні!1941 жылы 22 маусымда неміс басқыншылары тұтқиылдан Кеңес Одағына соғыс ашты.Ұлы Отан соғысы басталды.Тарихта Ұлы Отан соғысындай соғыс болған жоқ.Кеңес Одағының 27 миллионнан астам адамы қаза тапты.Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болды. Ұлы отан соғысы 1945 жылы 9 мамырда жеңіспен аяқталды.Биыл 9 мамырда Ұлы жеңіске- 70 жыл.

Видео-ролик көрсету.

1-жүргізуші: Жеңіс күні бар әлемге әйгілі, Көктем,шуақ-Тоғызыншы май күні. Айтшы,кәне,біздің жеңіс шеруі Кездейсоқ па көктемге сай келуі. Біздің ұлы Жеңісіміз көктем боп, Көңілдерге шұғыласын төккен көп. Сонау жылы Тоғызыншы май күні Алмастырған қуанышқа қайғыны. 2-жүргізуші: 70 жыл - бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл - шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
70 жыл - жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы. 1-жүргізуші: Соғыс деген қайдан шықты,
Авторы кім алғашқы?
Есіл адам, есі кетіп,
Оған несін жармасты?!
Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты? 2-жүргізуші: Соғыс деген - аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген - төккен ары ұлдың және қыздың да.
Соғыс деген - сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген - соғыс деген - зұлымдықтың айнасы. Хор:«Бейбіт күн тілегі» 1.Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ даусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын. Қайырмасы: Кел, достарым, ән бастадым.
Көтеріп жаңғыртып.
Данасын дала, баласын ана,
Жоқтамасын мәңгілік! 2.Көктесін жас ағаш одан әрі,
Өткен күн қайтадан жанбайды.
Сұлудың кестелі орамалы,
Сүртсін, тек тершіген маңдайды. Қайырмасы: 3.Қайғыны білмесін ана жаны, Қазіргі адамда арман сол.
Әлемнің бар сәби балалары,
Оянсын ұйқысы қанған соң. Қайырмасы: 1-жүргізуші: Ақ көгершін,көгершін, Қолғанат құс сен едің. Бар кезіп қайт ел үшін, Кең дүниенің көлемін. Хор: «Ақ кептерлер» 1.Орман дала бөктерлер, Арпалыстар өткен жер. Соғыс зарын шеккендер, Оралмасы өткендер. Біз ақ қанат кептерлер, Біз ақ қанат көгершін. 2.Енді қару алмайық, Өртенбейік,жанбайық. Біз адасып қалмайық, Ақ аспанда самғайық. Аталардың өмірін, Әрі қарай жалғайық. 3.Көгерсін жер көгерсін, Мол ырысқа кенелсін. Бейбітшілік жаршысы, Біз ақ қанат көгершін. Біз ақ қанат кептерлер, Бізді ұмытып кетпеңдер. 2-жүргізуші: Соғыс жалмап аға-іні,бауырды, Зар жылатты тыныш жатқан ауылды. Жалғызынан айырыпты ананы, Әкесінен айырыпты баланы. Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар» Көрініс көрсету. 2-жүргізуші: Бұл гүлденіп жайнаған, Гүлстандар Отаны! 1-жүргізуші: Бірін-бірі сыйлаған, Туысқандар Отаны! 2-жүргізуші: Бұл ғажайып мұратты Халықтардың Отаны! 1-жүргізуші: Алтын заман құратын Алыптардың Отаны! 2-жүргізуші: Сол алыптың бірімін- Отанымның ұлымын! Ән: «Солдат болам мен ертең» 1-жүргізуші: Тыныштық! Жаса тыныштық! Осы сөз бізге тым ыстық. Көркейе берсін еліміз, Көбейе берсін ырыс-құт! 2-жүргізуші: Бақытты болсын балалар, Соғысты сүймес адамдар. Өркендей берсін қалалар, Гүлдене берсін далалар. Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!» 1-жүргізуші: Қыран құсым көк аспанда самғасын, Желбіресін көк байрағым сан ғасыр. Жас ұландар биік ұста туыңды, Жарқыратып туған елдің таңбасын. Ән: «Ел қорғауға әзірміз» 2-жүргізуші: Мәншүк апай батыр қыз, Ардақтаймыз атын біз. Ұқсап Мәншүк апайға, Өсіп келе жатырмыз. Ән: «Мәншүк» 1.Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін, Оқ борап снарядтар қаққанда ызың. Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған, Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын. 2.Қолында пулемёті «Максим» оның, Бойында күш-жігері тасқын оның. Ерлермен тізе қосып шабуылда, Оғымен қырғын майдан ашты жолын. 3.Көзінен ұшқын өрттей лапылдаған, Жауына қаһар тігіп қатуланған. Отан үшін шайқасқан ауыр күнде, Төнсе де өлім қаупі жасымаған. Би: «Катюша» 1-жүргізуші: Жігерлі шат көңілмен,мақтанышпен айтамыз, Өзіңде айбын қуаныш,өзіңнен қуат аламыз. Ашық аспан,бейбіт күн жалғаса берсін,салтымыз, Тәуелсіздікке тән белгі-шырқасын мәңгі халқымыз. 2-жүргізуші: Сен неткен Отан-анам,ғажап едің, Әспеттеп көркем тілмен жазар едім. Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін, Жайнай бер Ұлы Отаным-қазақ елім. Хор: «Егеменді ел» 1 - жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер желбіретіп нық ұста.
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата - баба рухына.

2 - жүргізуші: Үлгі бізге - аталардың ерлігі,
Ұлағатты , өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.







Ембі қалалық №3 орта мектеп

Жаса мәңгі.жеңіс тойы.

Сыныбы:3б

Мұғалім: Жакешева Г.Т.



2014-2015 оқу жылы

© 2010-2022