К к дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

К к дыбысы мен әрпіК к дыбысы мен әрпі

Бисембаева Райса

«№270 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: К к дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: К дыбысы және әрпімен таныстыру. Өтілген дыбыстар бойынша білімдерін анықтау. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру. К дыбысының артикуляциясын нақтылау.

Дамытушылық: Дыбыстарды талдауға, сөздерді буынға бөле алу білігіне дағдыландыру. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттырып, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, әдептілікке, достыққа, адамгершілікке, балалардың бір-бірімен жылы қарым-қатынастыққа, тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелесу, ойын, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: әліппе-дәптер, суреттер, айналар, әріптер, конверттер, тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар бір-біріне «Ашық аспан» тілейді

Әке-шешеміз аман болсын!

Бейбітшілік заман болсын!

Деніміз сау болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

Еліміз тыныш болсын!

Достығымыз мықты болсын!

Әрқашан күніміз сөнбесін!

Деген тілектер тілейді. Тілектер қабыл болсын! Бүгінгі күндеріңе және бүгінгі сабақтарыңа сәттілік тілеймін.

2.Өткен сабақты еске түсіру.

Балалар бізге сауат ашу сабағында әріптер әлемінің ханшайымы әрбір сабақ сайын жаңа сыйға тартатын еді. Ал, бүгін ханшайым мынадай хат жіберіпті.

Хатта жаңа әріпті сыйға тартпастан бұрын мынадай тапсырмаларды орындаңдар депті.

Балалар тапсырманы орындай аласыңдар ма?

Олай болса, №1 тапсырма

Сұрақтар тізбегі

  • Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

  • Дауысты дыбыстарды ата.

  • Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

  • Дауыссыз дыбыстарды ата.

  • У дыбысы қандай дыбыс? Қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз?

№2 тапсырма

Алма бағының кез-келген алмасын таңдап алады. Алманың артқы бөлігінде әріп жапсырылған. Сол әріпке байланысты сөз айтып, сол сөзді буынға бөлуі тиіс.

3.Жаңа сабақ.


  • Балалар біз бүгін сабақта әріптермен танысуды жалғастыра отырып, өз қабілетімізді ортаға салайық.

  • Кенжебек пен Кендебайда күшік бар. Олар күшікпен ойнағысы келді. Олар оны кә-кә деп шақырады. Олар күшікті ұстағанша біз мына сөздерге назар аударайық. Кенжебек, күшік, кә сөздерін айтып көрелік. Бірінші қандай дыбыс естіледі?

  • Әрине К дыбысы. К дыбысынан басталатын сөздерді ойлап көрелік. Көбелек, кірпі, күн, кесе, күшік, көйлек. К дыбысынан басталатын адамның аттарын ойлау Кенжебек, Күлпаш, Кенжегүл, Күміс т.б.

Қане, айнаға қарап К дыбысын айтып көрелік. Қалай айтылады? Ерніміз ашық болады, тістер де ашық болады, тілдің арқалығы таңдайға тиеді. Осындай кедергімен айтылса, қандай дыбыс болғаны? Әрине, дауыссыз дыбыс болғаны.

4.Сергіту сәті.

Шеңбер құрып тұрайық,

Көңілдерді көтеріп

Күн секілді ашылып

Көбелек болып ұшайық

Керуен болып біз жүріп

Кеме болып жүзейік

Көйлек киіп әдемі

Керемет би билейік

Сергіту сәтінде қандай дыбыстан басталатын сөздерді көп айттық? Дұрыс айтасыңдар, к дыбысынан басталатын сөздерді айттық. Қандай сөздерді айттық? (буынға бөлу)

5.Дәптермен жұмыс.

Әріптер әлемінің ханшайымы сыйға тартқан К дыбысы мен әрпінің жазба және баспа түрімен таныстыру. Тақтаға жазып, үлгісін көрсету. К әріпі

_____________________ _________________________

_____________________ _________________________

_____________________ _________________________

_____________________ _________________________

Үш бөліктен тұрады. Тақтамен жұмыс. Әр қатардан бір-бір оқушы шығып, тақтамен жұмыс жүргізіледі.

Алдымызда тұрған хатта бірнеше бөлікке бөлінген қима қағаздар бар. Сол қағаздарды ретімен құрастыру арқылы К әріпін шығару. К әрпін алдымен бастыра отырып балапан дәптерге, одан кейін жазба дәптердегі үлгіге қарап К әріпін жазады.

Кенжебай мен Кендебай бөлмеге кіргенде айналасынан күшікті іздей бастады. Бөлмеде мына заттарды көрді. Көзілдірік, кілт, көйлек, кітап, кесе, кәмпит. Оның барлығы жерде жатыр екен. Олар көп ойланды. Кім бұл заттарды жерге түсірген деп ой шомды? Қараса керуттің астында күшік жатыр екен. Күшіктің жасаған ісі жердегі заттар қандай дыбыстан басталады?

6.Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы суреттерді қарап, заттың атын атайды, буынға бөледі. (қол шапалақтап)

Кір-пі, түл-кі, кө-бе-лек. Әр сөзге өйлем құрату.

«Кірпі» сөзінде к әрпі сөздің қай жағында келіп тұр? Басында «Түлкі» сөзінде ше? «Көбелек»сөзінде ше? Олай болса, балалар К әрпі сөздің басында да, ортасында да, соңында да кездеседі.

7.Ойын: «Сиқырлы сандықша»

Балалар алдарыңда тұрған «Сандықша». Егер сол сандықшаның ішіндегі тапсырманы орындасаңдар әріптер әлемінің ханшайымы жіберген сандықшаның түбіндегі сыйлыққа ие боласыңдар. Сандықшаның ішіндегі көбелектің, күннің суреттері бар. Суреттердің артында әріп жасырылған. К әріпі. Сол әріпке сөз құрап, сөзді буынға бөліп, қандай дыбыс екенін ажыратады. Егер дұрыс жауап берсе, сыйлығын алады.

8.Қорытынды

Ребус шешу.

К

Жауабы: Көрік

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға «Қуанышты хат» беру арқылы мадақтау.

Қуанышты хат

Құрметті ата-ана!

Сіздің ұлыңыз (қызыңыз) ________________________________

Бүгінгі сабақта алғырлығымен, тапқырлығымен, білгірлігімен өзін танытқаны үшін марапатталады.


© 2010-2022