Открытый урок по литературе Қазан (3 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урок по литературе Қазан (3 сынып)Открытый урок по литературе Қазан (3 сынып)Открытый урок по литературе Қазан (3 сынып)Открытый урок по литературе Қазан (3 сынып)Открытый урок по литературе Қазан (3 сынып)Открытый урок по литературе Қазан (3 сынып)Открытый урок по литературе Қазан (3 сынып)Открытый урок по литературе Қазан (3 сынып)Тлеуова А.С. Мұғалімнің портфолиосы

3- деңгей

6 топ

Көкшетау қаласы.


Сабақ жоспары (Қысқа мерзім)


Апта:

Күні: 09.10.2014ж.

Сабақ: 4

Сабақтың тақырыбы:

Н.Айтов. «Қазан»

Жалпы мақсаты

Н.Айтовтың өленімен, өмірбаянымен таныстыра отырып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Топтық жұмыс дағдысын игерту.

Оқу нәтижесі:


  • Өлеңді мәнерлеп оқи алады.

  • Ашық сұрақтарға жауап бере алады.

  • Топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

Ұйымдастыру кезеңі. Сергіту сәті: «Банан, банан, кокос».

Мақсаты: Ойыншыларды шеңбер бойымен отыруы. Бір ойыншы шеңбер бойымен орындықтардың артымен жүріп, ойыншыға қолын тигізіп - банан, банан, банан..., т.б айтады. Ол кез-келгенге қол үшін тигізіп, «кокос» деп қол тигізіп айтқан ойыншы тұрып, жүргізушіні қуады. Қашқан жүргізуші бос орынға тез арада жетіп, отыруы қажет. Шеңбердің сыртында қалған ойыншы, ойынды жүргізеді.(3 минут)

Топқа бөлу. Оқушылар өздеріне ұнаған түстерді ала отырып, сол түстер бойынша топтарға бөліну. (1 минут)

Үй тапсырмасын қорытындылау. 1 топ: Өлеңді мәнерлеп оқиды. 2 топ: «Егіншілер дәстүрі» мазмұнын айтады. (8 минут)

Қызығушылықты ояту. (3минут)

«Кім жылдам?»

Оқушылар сөзжұмбақты шешу арқылы ортасында шыққан сөздің мағынасын ашады.

  1. Біздің еліміз қалай аталады? Қ (Қазақстан)

  2. Мәдіхат Төрежановтың әңгімесі? А (алғыс)

  3. Ті үшақтың түрі. З (зымыран)

  4. Жан беріп, мәпелеп өсірген ол кім? А (ана)

  5. Ұлттық мереке . Н (наурыз)

«Ой шақыру» әдісі. (5 минут)

-Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?

-Күз мезгілінің айларын аттап шығыңдар.

-Қазір қай ай?

Оқушылар ватман плакатқа Қазан айы туралы өз білетіндерін жазып шығады.

егін жинау уақыты

Қазанкүз айы дала суытады

жаңбыр кезі оқу жылының екінші айы

Мағынаны тану. (5 минут)

1950 жылы 22 қыркүйекте Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданына қарасты Теректі ауылының Апиынды бұлақ деген жерінде дүниеге келген. 1962 жылы ата-анасымен атамекенге оралып, орта мектепті бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында бітірген. 2001 жылдан бері Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында қызмет істеген. Қазір «Алтын тамыр» журналының бас редакторы.

«Балалық», «Алтын сөз» т.б. өлеңдері жарық көрген. Бүгін Н.Айтовтың «Қазан » өленін оқимыз.

Оқулық бойынша жұмыс 47-48 бет

  • үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
  1. топ: тізбек бойынша оқу
  2. топ: шұмақтап оқу

Өлеңде не туралы айтылған топта талдап, 1 топтың спикері 2 топқа барып, ал 2 топтың спикері 1 топқа барып мазмұндамасын айтып береді. (5 минут)

«Ойсергек» «Күн мен түн» ойыны. (3 минут)

Екі бағанға қима қағазға жазылған сөздер жазылады. Көзін жұмған кезде сөздердің орнын ауыстырып қоямын. Оқушылар орны өзгертілген сөздерді тауып, сәйкестендіреді.

Н.Айтовтың туған жері Шығыс Түркістан

Н.Айтовтың оқыған жері Баршатас ауылында

Н.Айтов қай қалада

университет бітірген? Астана қаласында

Қандай журналының бас редакторы

болып жұмысын атқарады «Алтын тамыр»


Сергіту сәті. «Алтын балық» бейнефильм. (2минут)

Қорытынды.

Ой толғаныс. (2 минут)

1 топқа тапсырма: «Шық» сөзіне анықтама беру.

2 топ: Қазан баланың «інісі» кім? «Ағасы» ше?

Шық - түнгі салқындау нәтижесінде ауадағы ылғалдың конденсацияға ұшырауынан топырақта, өсімдіктерде және жер бетіндегі заттарда жиналатын ығал тамшылары.

«ағасы» қыркүйек, «інісі» қараша.

Кері байланыс. (5 минут )

Балаларға баспалдақ суреті салынған қағаз таратылып беріледі де, сол баспалдақтағы өзінің орнын белгілеу тапсырылады. Егер оқушы өзін сабақта жақсы сезініп, сабақты жақсы түсінсе, баспалдақтың ең биік жеріне күннің суретін салады.Ал егер сабақты дұрыс түсінбесе, сабақ ұнамаса, баспалдақтың төменгі жағына бұлттың суретін салады. Сабақта оқушының көңіл-күйі орташа болып, кейбір нәрселерді түсінбесе, онда баспалдақтың ортасына бір жағы ашық, бір жағы боялған бұлттың суретін салады. Осылайша оқушының өзін-өзі бағалауы мен мұғалімнің сабағы бағаланып, өзара кері байланыс жүзеге асырылады.

Мұға Мұғалім немен айналасады немесе іс-әрекеті

Оқушылар немен айналасады немесе іс-әрекеті

Ұйымдастырады,

бағыт-бағдар береді,

жетекші сұрақ қояды,

бақылайды, бағалайды,

Оқиды, талдайды, сұрақтарға жауап береді, жұппен жұмыс жасайды,бір-бірін бағалайды, қолдайды, ұсыныс білдіре алады.

Дереккөздер және жабдықтар: Оқулық, маркерлер, қима қағаздар, «Баспалдақ» бағалау парағы; жұлдызшылар

Үй тапсырма беру

Өлеңді мәнерлеп оқу.(1 минут)

Сабақты бағалау

Формативті бағалау: Оқушыларды мадақтап, бағалау. (2 минут)




© 2010-2022