Ж дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

А.Хасанова.

Бастауыш сынып мұғалімі.

Атырау облысы.

Құрманғазы ауданы

Абай атындағы орта мектеп.

Ж ж дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Ж дыбысы мен әрпі бойынша алған білімдерін пысықтау,сөздерді дұрыс оқуға, жазуға үйрету.

Дамытушылығы:Сөздік қорын,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі:Оқушыларды шапшаңдыққа,тапқырлыққа,ұжымдық еңбекке баулу.

Сабақтың көрнекілігі:әріптер,буындар,суреттер.

Оқыту әдісі:Түсіндіру,сұрақ-джауап.

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру.Оқушыларды реттеу,зейіндерін сабаққа аударту.

Психологиялық дайындық.

Бір,екі,үш

Сынып іші тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз.

ІІ.Өткен сабақты еске түсіру.

Сұрақ.1.Өткен сабақта қандай дыбыс пен әріппен таныстық?

2.Ж дыбысы қандай дыбыс,қандай үйге кіреді?

3.Ж дыбысына сөз ойла,сөйлем құрастыр.

4.Тақтадағы сөздерді кім оқиды?

5.Ж дыбысына байланысты тақпақ айтайық.

Түйін.

Ж дыбысын білейік

Аман есен жүрейік.

(Оқушыларды мадақтау)

ІІІ.Жаңа сабақ.Балалар, біз бүгін білімдерімізді пысықтау мақсатында Ж дыбысына кеңірек тоқталмақпыз.

А)«Тез,әрі сауатты оқиық.»

Жауын жарыс жылқы жарғанат

Жауап жарық жорға жапалақ

Кейбір сөздерге түсінік беру.

Жылқы---үй жануары

Жорға-жылқының жүрісі

Жарғанат-құстың бір түрі

Жапалақ-құс тамағын түнде аулайды.

Б)Сурет бойынша сөйлеу.

Жақсы-

Жаман---

Ж дыбысы мен әрпі

Түйін.

Жақсыдан үйрен

Жаманан жирен.

(Оқушыларды мадақтау)

С) «Кім жылдам?»Сөздерді жазу,дыбыстық талдау жасау.

Жаға,жота,жаса,жорға

(Оқушыларды мадақтау)

Д)Сергіту сәті. «Қара жорға» биі.

Е) «Кім тез табады?»ойыны.

Ж дыбысы мен әрпі

Жұмыртқа---тауық

Жапырақ-терек

Жолбарыс-тор

Жұлдыз-ай

Жіп-ине

(Оқушыларды мадақтау)

Түйін.

Оқиық та білейік,

Ойнайық та күлейік.

Ж)Сабақты қорыту

.Рефлексия.(Егер сабақ ұнаса суреттегі айдың қасына жұлдызды,сабаққа жақсы қатыстым десе терекке жапырақ,сабаққа дұрыс қатыса алмадым десе жолға жылқыны орналастырады.)

Түйін.

Әрқашанда жүздерің жұлдыздай жарқырап,күзгі жапырақтай құлпырып,алға бастаған қадамдарың жылқыдай жүйрік болып,жолымыз ашық болсын!

З)Оқушыларды мадақтау.

Ж дыбысы мен әрпі


© 2010-2022