Қазақ тілі 4 сынып Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерін қайталаймыз

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі

4 сынып


Сабақтың тақырыбы:

Сөйлем мүшелерін қайталаймыз

Сілтеме

Оқулық,кесте

Жалпы мақсаты


1. Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі ой-пікірдің негізі, тірегі болатындығы, ал тұрлаусыз мүшелердің негізгі ойды толықтан, анықтап, пысықтайтындығын естеріне түсіру.

2. Сөйлемнен тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді және олардың байланысын тапқызу арқылы ойларын дамыту.

3. Ерлік, батырлық туралы түсінік бере отырын, патриоттық сезімдерін ояту,

Сабақта қолданатын модульдер

*Сыни тұрғыдан ойлау.

*Диалогтік оқыту

*Оқыту үшін бағалау

*Білім беру және білім алудағы жаңа әдістер

Міндеттері

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлау арқылы өздіктерінен ізденуге ,проблеманы бірлесіп шешуге үйрету,өз идеясын ұсынуға дағдыландыру.Балалардың жауаптарын бақылау.Критериалды бағалау кезінде бағасының әділдігіне көз жеткізеді.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар сабақты меңгереді,топпен жұмысқа белсенді араласады,сұрақтарға жауап беруге талпынып,өздері сұрақ қояды.

Тапсырмалар

wiki беттерінен жүктелген дереккөздер


Интерактивті тақта, слайдтар, тапсырмалар, сюжетті сурет, оқулық


Сабақтың барысы бойынша мұғалімнің жазбалары



Мұғалімнің іс-әрекеті


Уақы

ты


Оқушының іс-әрекеті

1. Психологилық ахуал -

Үй тапсырмасын тексеру

Осыдан кейін тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімдері де пысықталады.

Тұрлаусыз мүшелеріге қойылатын сұрақтар. Сөйлемнен тұрлаусыз мүшелерді табу.

II. Мағынаны тану. Мысалы: Арқарлар таудың (ненің?) ашық (қандай?) жерлерін (нелерін?) мекендейді.

Сергіту сәті

«Адасқан сөздер» дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға сөздерінің орындары ауысқан сөйлемдер жазылады. Оқушылар сөздерді ретімен қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады.

III. Ой толғаныс.

IV. Үйге тапсырма.

Шығармашылық диктант.

«Сөйлем және оның түрлері» тақырыбы бойынша өтілген сабақ қорытындыланады.

Y.Бағалау

VI. Үйге тапсырма. 6 жаттығу

Сабақты талдау;Рефлексия парақтарын толтыру








Орындарынан тұрып хормен қайталайды.

Біз білімді баламыз,

Күнде бестік аламыз.

Жалқаулықты тастаймыз,

Жаңа сабақты бастаймыз

Оқулықпен жұмыс.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылардың сөйлемнің тұрлаулы мүшелері туралы алған білімдері пысықталып, тақтаға төмендегідей кесте ілініп, қорытындыланады.

І. Оқулықтағы 1-2-3-4-жаттығуларын орындау.

2. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдап, сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсету.

3. Әр жаттығуға берілген мәтіндерге байланысты ерлік, батырлық, достық, адамгершілік, еңбексүйгіштік туралы әңгіме өткізіледі.

1. Айтты әкесіне Қаныш әңгімені болған.

2. Жаңбыр айналды ақ жауынға.

3. Асау ұрды толқындар жағаны.

Дұрыс құрастырған сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдап, олардың байланысын сызбамен көрсету.

Оқулықтағы 5-жаттығу - шығармашылық тапсырма. Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті сурет аттарын өлең сөздеріне ұйқастырып жазып, қарата сөздерді табады.

1. Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

2. Кекілік-ау, кекілік,

Кетіп қалма секіріп.

3. Сауысқан-ау, сауысқан,

Сақтанасың дауыстан.

Тырау, тырау, тырналар,

Тамаша әнін тыңдап ал.

Тақтаға щығып сөйлемдерді жазып сөйлем мүшелеріне талдау жұмыстарын жүргізеді

Балалар жинаған фишкалдар арқылы бірін-бірі бағалайды.

1.Қандай жаңа мәлімет алдыңдар?Бәрінен не ұнады?Сабақта не оңай болды?


© 2010-2022