Урок Әліппемен қоштасу ертеңгілігі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі (Презентация)

admin · Мар 2nd, 2015 · 0 Comment

Атамекен ауылы
Атамкен ауылының орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Абдилова Алма Сериковна
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.
Мақсаты:
Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;

Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Матем» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.

Барысы: Атасы немересін жетектеп келеді.
Автор:
Жеті жасар баласын,
Жетпісте шал жетектеп.
Келе жатыр көшеде,
«Қайда әлгі мектеп»-деп.
Жетпіс келед жүгіріп.
Ата:
Балам,балам, жақсы бол,
Міне,сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол тентегім.
Немере:
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.
Мұғалім:
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.
І-жүргізуші:
Қайырлы күн, уа, халайық!
ІІ-жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.
І-жүргізуші:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!
Ол сүйікті -Әліппе!
Мұғалім:
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
1-оқушы: Махаббат
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
2-оқушы:Гаухар
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
3-оқушы:Аскар
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Б Айдын
Қане беріп қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Тақпақтардан бастайық.

І-жүргізуші:
Енді ортаға әріптерді шақырайық.
«ОТАН» «ӘЛІППЕ» сөздері шығатындай
( О,Т,А,Н,Ә,Л,І,П,П,Е) әріптер таққан оқушылар шығып тақпақ оқиды.
1-оқушы:Наржол
Оспан да өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады.
Мына менен басталған
Екеуінің аттары.
2-оқушы:А Айдын
Торғай, торғай, торғайсың
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тонбайсың.
3-оқушы:Ахсунхар
Астана- Астанам,
Астана-бас қалам.
Ардақтап атыңды,
Аузымнан тастаман.

4-оқушы :Алмас
Ас біткеннің атасы
Қасиетті «нан» осы.
Қайсы әріптен басталып
Аяқталғанын қарашы.

Хор: Бесігін елдің тербеткен

анамсың, байтақ Отаным!

нәр алып, ерте ержеткен

мен дебір ерке ботамын
Мұғалім:
Рахмет балалар, Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар!
( сахнаға кір-қожалақ Білмесбек келеді)
Білмесбек:
-Мыналар не жиналған -әй. Менің атымды атаған қайсың?
Мұғалім:
-Сәлеметсің бе Білмесбек! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі.
Білмесбек:
-Әліппемен қош-та-су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао!
( кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады)
Бала:
-Тиіспе, менің шарыма . Мұнда әріп жазылған.
Білмесбек:
-Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты-ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай-ақ білемін.
Мұғалім: Ол не дегенің Білмесбек. Бұлар О,П әріптері. Дегенмен балалар Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас.
Кәне, енді мақалдар құрастырып, оқу сауатымызды көрсетейік.

«Ойлан тап »Ойыны

Мақалдарды дұрыс оқу үшін сандарды өсу ретімен орналастыру керек. Содан соң шыққан сөзді оқимыз.Білмесбек бірнеше рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды.
Мұғалім: Міне Білмесбек , көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі.
Білмесбек: Онда мен де кітап оқығым келеді.
Мұғалім: Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті -басыңды тазалап, жөнге сал. «Әліппені» таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды.
Білмесбек: Жарайды.(шығып кетеді)
Мұғалім :Балалар , әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерін ата-ана үшін де ,мен үшін де үлкен қуаныш.

  1. «Әріптер әлемі» сайысы:(қыздар әріптер алып, оған сөз ойлап, буынға бөледі).
    2.«Теңге алу» ойыны:
    (жердегі буындарды жинап, сөз, сөзден сөйлем құрайды).

  2. Мақалды жалғастыр:
    Оқу-білім бұлағы,
    Білім-өмір шырағы.
    Оқу-инемен құдық қазғандай.

«Кішкентай сиқыршы»: Жұмбақ жасырам, шешін тапсаңдар бір сөз шығады.
Әжеде бар, атада жоқ
Әтеште бар, көжекте жоқ (Ә)
2.Мынау-доға қарайық
Ұқсайды оған қай әріп? (Л)
3.Ірімшік жедің ғой,
«Тәтті екен» дедің ғой.
Оның аты біз жазған,
Қайсы әріптен басталған? (І)
4.Ата-анаңмен барып сен,
«Пілді» көрдің «парктен»
Осы атауға зер салшы Басталған қай әріптен? (П)
5.Пілде бар, шілде жоқ.
Допта бар, шарда жоқ. (П)

«Папури» биі.

ІІ- жүргізуші:
Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік. Рахмет саған «Әліппе».(хормен)
Қыздардың орындауында би.
1-оқушы:Алмас
«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.

Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі ән- шашуымыз сіздерге арналады.
«Қамажай» биі.
Әліппе:
-Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар.
Мұғалім:
-Математика - ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдерін тексерейік. ( ауызша есеп)
Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық. Тапсырмалар: «Математика еліне саяхат»
«Жұмбақ» сайысы: (математика: Ата-ана, балаларға).
1. Торда үш қоян бар еді.Үш оқушы бір-бірден қоян алды. Сонда тақтада әлі де бір қоян қалды. Ол қалай? (Ж: біреуі торымен алған).
2.Бес бұтақты қайыңда,
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер сайынға,
Сонда қалды неше алма? (Қайыңда алма өспейді).
3.Тепсең-ақ секіріп,
Ұстатпай қашады.
Бір жерге бекініп,
Тұра алмай сасады. (доп).
4.Күн мен түн қалай басталады? (кезекпен)
5.Адам есектен неге құлайды? (жерге).
6.10 ешкіден 5 қойды алсақ, неше ешкі қалады? (10)
7.Адам несіз өмір сүре алмайды? (ауасыз, сусыз, тағамсыз).
8.Сен және мен, біз екеумуз қосылсақ қанша боламыз? (екеу)
9.Алманың жартысы неге ұқсайды? (жарты алмаға)
10.Қарға ұшады, ал ит құйрығына отыра ма? (Ит жуас болса, құйрығына қарға қонып отырады).
«Сандар әлемі»
Әлемде үлкен ел бар. Бұл едің тұрғындары-сандар. Олармен қатар тату-тәтті бұл елде цифрлар да өмір сүреді. Сандардың көпшілігі соншама, санасаң сан жетпейді. Ал цифрлардың бар болғаны -10.
Ендеше , балалар, осы цифрларды тура және кері бағытта жазып көрейік. «Санамақ»

Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)
Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе!
Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.

Мақсаты:

Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.

Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;

Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Матем» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.

Мұғалім:

Армасыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі-әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.

1-ж

Қайырлы күн,уа,халайлық!

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіз, ұстаздар,ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.

2-ж

Құрметті ұстаздар,оқұшылар,ата-аналар!Бугінг біз жай жиналған жоқпыз.Бүгінгі біздің мерекеміз әліппенің мерейтойына арналып отыр. Қарсы алыңдар- 1а сынып оқұшылары.

1-ж

Балалар,бүгінгі соңғы рет әліппе оқұлығына саяхат жасап, қош айтысасыңдар.Әліппеге саяхат жасауға әзірміз бе? -Ендеше.Сынып,әліппеге саяхат жасауға әзірлен! (музыка)

Оқушылар: -Алыстан бір зат көрінеді (дүрбімен қарап) Қайықты жағаға бур

2-ж

Суреттермен сөйлескен,Әріптерді үйреткен.Баспа әріппен жазба әріп.Дауысты мен дауыссыз.Айтыңдаршы,балалар қай оқұлық үйреткен? Оқұшылар хормен: ӘЛІППЕ! ӘЛІППЕ!

Іші толы әріпке

Білімдегі жарық не?

Хормен:

Болашаққа жол ашар-

Ол сүйікті-Әліппе

Ол сүйікті-Әліппе

-Олар болса бәрімізге ең қымбат әліппенні

Хормен. Әліппе Әліппе

Әліппе :Сәлеметсіңдер ме, құрметті оқұшылар!Құрмет көрсеткендеріңізге рақмет

Ер жігіттің үш жұртты болады.Мен өзіммен бірге осы құанышты бөлісуге туған туысқандарымды шақырдым.Өз жұртым дауысты дыбыстар.Нағашы жұртым-дауыссыз дыбыстар.Қайың жұртым - ъ -ь белгілер.

Ә: Мен бүгін қиындық пен қызықты бірге бөліскен жан досым, ұстазымды қонаққа шақырып едім.Сол кісі бар ма?

( 2 оқушы мұғалімді ортаға алып шығады)

Мұғалім : Уақыт...уақыт-жарыса ескен жел секілді,бір күннің артынан екінші күннің қалай туып жатқанын байқамай қаласың.

Уақыт-жөңкіле көшкен бұлт секілді,бүгінгі күніңнің қалайша өзіңнен алыстап бара жатқанын аңғармай қаласың.

Уақыт-жараса аққан су секілді,ертеңгі күніңнің қалай жақындап қалғанын байқамай қаласың. Шынында да 2 тоқсан тез зымырап,өте шығыпты. Ол біреуге аз, біреуге көп көрінер.Бұрыңғы сәттерің кімнің есінде қалған екен?

1-ж

Ол менің есімде:

Есімде ұстаздың алғашқы қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны

Бір мереке думан осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.

2-ж

Йә, йә есімізге түсті.Ол кезде біз әр үйдің мәпелеген кіп-кішкентай ерке балалары едік

Ең алғаш алғанымда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Ұстазым кілтін оның алып берді

М: -Құрметті Әліппе сен шаршаған шығарсың, кел тойымыздың төріне шық балалардың саған айтар алғысы мол,отырып,тыңда.

Әліппем менің әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен

3-о

Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа

Ән:Әліппе

1 жүр. Қане беріп қарайық

Зейін қойып тыңдайық

Әріптермен танысу

Тақпақтардан бастайық

Оқушылар тақпақтарды окыйды (А-Я)

Әліппе: Айтпақшы алматы қаласындағы мен шыққан Алматыкітап баспасынан электрондық поштамызға жаңа ғана хат келді.Сол хатты бірге оқиық.

Амансыңдар ма балалар!Міне әйбат кітап әліппемен қоштаспақсыңдар.Біз сіздердің жақсы оқып, елін, жерін сүйетін жаны ізгі азамат болып өсетіндеріңізге сенеміз!Әліппемен қалай дос болсаңдар,ана тілі оқулығымен де солай дос болады деп сенеміз.

Ана тілін ренжітпеңдер!

2 Ж: Балалар олай болса Ана тілін ортаға шақырайық.

Ана тілі.:

Армысыңдар жас достар!

Туған елдің тілімін

Ақылы мен танымын

Түсіндірер бәріңе

Ана тілі пәнімін.

Ана тілім-елдігім

Ана тілім болмаса

Бүтінделмес кемдігі

-Әліппе, көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің.

-Мен көп ауылдарды аралап жүріп,сендерге тапсырмаларды алып келдім.Ал енді білімдеріңді көрсетіңдер.

1 Әріптер ауылынан» тапсырма

Әріптерден сөз құрастыр(О Т А Н, М Е К Т Е П, А Н А)

2 Ұлттық мұражай аулынан (дыбыстық бұындық талдау) шапан,тақия,бөрік сәукеле

3 Кішкентай сиқыршы: Жұмбақ жасырам,шешін тапсаңдар бір сөз шығады

Әжеде бар, атада жоқ ә

2.Мынау-доға қарайық

Ұқсайды оған қай әріп л

3.Ірімшік жедің ғой

Тәтті екен дедің ғой.

Оның аты біз жазған,

Қайсы әріптен басталған і

4.Ата-анаңмен барып сен

Пілді көрдің парктен

Осы атауға зер салшы басталған қай әріптен п

5.Пілде бар,шілде жоқ

Допта бар шарда жоқ п

6.Ешкіде бар қойда жоқ

Кеседе бар қасықта жоқ е

4 Математика ауылынан тапсырма ата-аналарға

Жұмбақ сайысы:

1.Торда үш қоян бар еді.Үш оқушы бір-бірден қоян алды.Сонда тақтада әлі де бір қоян қалды.Ол қалай? Ж: Біреу торымен алды

2.Бес бұтақты қайыңда

Бұтақ сайын бес алма

Біреун бер сайынға

Сонда қалды неше алма? Ж:Қайыңда алма өспейді

3.Тепсең-ақ секіріп

Ұстатпай қашады

Бір жерге бекініп

Тұра алмай сасады Ж: Доп

4.Күн мен түн қалай басталады? Ж: кезекпен

5.Адам есектен неге құлайды Ж: ЖЕРГЕ

6.10 ешкіден 5 қойдан алсақ неше ешкі қалады Ж: 10

7.Адам несіз өмір сүре алмайды? Ж: ауасыз,сусыз,тамақсыз

8.Сен және мен біз екеуміз қосылсақ қанша болады? Ж: екеу

9.Алманың жартысы неге ұқсайды? Ж: жарты алмаға

10.Қарға ұшады ал ит құйрығына отырама? Ж: ит жуас болса ,құйрығына қарға қонып отырады

Әліппе:Рахмет,балалар!Сендер әліппені жақсы меңгеріпсіңдер.

Мұғалім:Әріптердің иесі,құрметті әліппе!Сізге шексіз алғысымызды білдіре отырып, сізді демалыс сауықтыру орталығына жібергелі отырмыз және Білім әкімшілігінің атынан »Еңбегі сіңген білімгер» Атағын табыс етуге рұқсат етіңіз.

Әліппе:Рақмет ризамын.Менде сендерге бұдан былай қарай кітапты көп оқысын деген ниетпен мына кітапты табыс етемін.

Қош сау болыңдар.

1Ж: Балалар ендігі сендердің жаңа достарың-Ана тілі.Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер Ана тілінде солай меңгеруге сөз бересіңдер ме?

2 Ж: Ана тілім-елдігім, Ана тілім-ерлігім, Ана тілі болмаса Бүтіндермес кемдігім.Ана тілдің құрметіне Вальс

Ана тілі: - Білімнің бетін жарық ет!Ұл-қызымды білімді ет,Келесі оқу жылына,Аманесен түгел жет! 5 болсын алар бағамыз,Білімнен бақыт табамыз.Өнер-білім көп тоқып.Өсе берсін санамыз!Әумин.

М:Бүгінгі кеш әр үйдің Той басы деп саналар,Балалардың есімі әулеттерге таралар.Ырым етіп сондықтан тойымыздың соңында Ақ ниететпен баршаға тілек айтар қонақтар.

М:Әліппені жақсы меңгеріп, сауатты жазып оқуларыңа ата-аналарыңның қосқан үлесі мол.Сіздерге алғысымызды білдіре отырып ендігі сөз кезегі сіздерде Жүктеу үшін,күте тұрыңыз:

Қош бол, сүйікті Әліппем!
Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатының, әліппенің кең дүниеге есік ашатының сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру; сүйікті оқулықтары - Әліппемен қоштасу кешінде оқушылардың қабілеттерін, шеберліктері мен өнерлерін таныту. Мектепті, ұстаздарды құрметтеп, еңбекті бағалай білуге ана тілін сүйіп қастерлеуге ата - анасының, Отанының адал ұл - қызы болуға тәрбиелеу.

Барысы: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, бірінші сынып оқушыларының Әліппемен қоштасуға арналған ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Міне, бүгін біз барлық ғылымның анасы, біздің болашағымыздың негізі - Әліппені аяқтап, білім атты ұзақ жолдың алғашқы асуынан асып тұрмыз.

Құрметті балалар! Біз бүгін Әліппемен қоштаспақпыз. Сіздерді әліппені табысты аяқтауларыңызбен құттықтаймын. Әліппені аяқтау, барлық әріптерді тану, білім сарайының есігін ашу деген сөз. Әліппені жемісті аяқтауға көмегін аямаған ата - аналарға мың алғыс. Сүйікті Әліппенің арқасында сауатты адам қатарына ендік. Енді «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз. Тойларыңыз тойға ұлассын!

Шашу, шашу шашыңдар!
Ақ сандықты ашыңдар.
Бұл мереке бұл тойдың,
Бастаңғысын жасаңдар.
Бала деген, шіркін - ай, балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып - аршып даладан келгенінде,
Бал иісін таттырып алдайды екен - деп
Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық!

1 - оқушы: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Биде билеп, әнде бүгін шырқалар.

2 - оқушы: Қош келіпсіз құрметті ата - аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Хор: Құтты болсын тойымыз!
Балалар мен сендерге бір сұрақ қоюдан бастайын, сендер соған жауап айтыңдаршы. Іші толған әріпке, білімдегі жарық не?

Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!
Ол сүйікті Әліппе!
Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық.

Оқушылар: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
Әліппе ортаға шығады.
Мұғалім: Сенің нұрын сөнбесін, ашық аспан жарық күн.
Келешегі сөйлесін, қазақ деген халықтың
Тілі балдай, баланың, талабына жарық бер.
Ертеңгілік сабағын жүргізеді мына отырған әріптер!
Оқушы: Үйретіп мұғалім, алғаш бізге әліппені,
Мұғалім ғылымға жол салып берді.
Адамның ой - арманы, мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді
Ән: «Мұғалім ол, біздің»
Мұғалім: ал, балалар Әліппе жайлы не білесіңдер?
Қане ортаға салайық. Ең алғаш Әліппені кім жазды?
Ы. Алтынсарин - тұнғыш қазақ ағартушысы
Балалар, Ы. Алтынсарин атамыз сендерге қандай өсиет қалдырды?

Хор: Кел, балалар оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық
Мұғалім: Сендер Ыбырай атамыздың өсиетін орындап жүрсіңдер ме?
Әліппе жайлы қандай өлең шумақтар білесіңдер?
Әліппем менің, әліппем!
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.




«Рахмет саған, Әліппе!» ертеңгілігі. №1 слайд
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Ата - аналарға балалардың қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету. Оқушылардың эстетикалық талғамын ұластыра түсу.
Көрнекіліктері: «Рахмет саған, Әліппе!», нақыл сөздер, шарлар, оқушылардың үлгілі таза дәптерлері, Ы.Алтынсарин портреті. Презентация, фильм, кейіпкерлер.
№2 слайд. Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, ұстаздар! Ана тілінің ғажайып, әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін, өз тілін оқып-үйренуге, оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын - Әліппе оқулығы. Сүйікті әліппенің арқасында сауатты адам қатарына ендік. Екі тоқсан бойы оқыған әліппемен қоштасатын сәт те келіп қалды. Алдарыңызда 1"ә" сынып оқушылары әліппеден алған білімдерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салмақшы. Қарсы алайық!

( әуенмен оқушылар кіреді.)

*Құттықтау сөзі мектеп әкімшілігіне беріледі.

Мөлдір:

Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат. Оқулықпен достасып, Өсті білім, сан санат.

Аружан: Бүгінгі біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан "Әліппені" бітірдік.

Әдемі: Біз енді өзіміз - ақ кез-келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа әңгімелерімізді бөгетсіз оқи аламыз.
Бейне- Ән: «Тұлпарым»

(№ 3 слайд)

Дамиржан:

Бар кітапқа бас болған,

"Әліппе" ғылым ағасы, Әліппеден басталған, Даналықтың данасы.

Мұғалім:Қайда екен біздің Әліппе?

( әуенмен Әліппе келеді. Қолында сандық )

№4 слайд)

Әліппе:Армысыңдар жас достар,

Армысың ата-аналар. Болашаққа жол бастар, Әліппе келді ортаға. Менің атым әліппе, Мені анаңдай дәріпте. Мені оқып ержеткен, Бауыржан да, Мәлік те.

Барлығы:Оны біз де білеміз.

Сондықтан да Әліппе. Мәңгілік сені сүйеміз.

Әліппе:Олай болса алғашқы.

Әліппені кім жазды?

(№5 слайд) Барлығы: Ыбырай Алтынсарин.

Мұғалім:Білім туралы Ыбырай аталарың қандай өсиет қалдырды?
Дамиржан:
Кел, балалар оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.

Әліппе: Қазақ тілінде қанша әріп бар?

Барлығы: 42 әріп бар.

(№6 с) Әліппе : Ал әріптер қайдасыңдар, сапқа тұрыңдар!

( оқушылар кейбір әріптерге байланысты тақпақтарын айтады. )

Жания: А-дегенім ардақты, Ақ сүт берген апамыз.

Адиля: Ә-дегенім әнімнің, Әнге айналған әуені.

Диас: С-дегенді ел сәбидің, Сылдырмағы ұқпай ма?

Ерсултан: У жалауша мұны біл
Еліміздің туы бұл.

Дильназ: М дегенің мал болар
Қадір тұтқан бабалар.

Азиза: Ш Шытырмақ текше ғой
Алты қырын екшей ғой.

Мөлдір: Ғ Ғажап бояу жағады
Ғали сурет салады.

Әдемі: Р Ракета зымырап
Ғарышқа оны ұшырам.

Дамиржан: Б-дегенің бабамыз
Бауыржандай батыр ғой.


Аружан: Ұ Ұшақ ұшатын
Бұлтарды құшатын.

Азиза: Ф Футбол ойыны
Аяқ доп дейді оны.

Мұғалім: Әріптердің сыры бар,

Алфавитті біліп ал!

Ән: «Әнші балапан».

(№7 слайд.) Мұғалім: Ойын. «Жоғалған әріп»

Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру
Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау.
Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға 10 сөз жазу.
Мысалы: к... гершін, лагерь, хоккей, т.с.с
Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса, сол топ жеңіп шығады.

(№8 слайд) "Сұрақ - жауап" ойыны.
Ойынның мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге дағдыландыру.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топқа сұрақтардың жауаптары жазылған карточкалар тарату. Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауабын көрсетеді. Қай топтың дұрыс жауаптары көп болса, сол топ жеңеді.
Сұрақтар: 1 топқа сұрақтар
1. Сөмкеде не жатыр?
2. Бір аптада неше күн бар?
3. Асханада кім бар?
4. Сыныпта неше терезе бар?
5. Қолда неше саусақ бар?
6. Жазда ауа райы қандай?
7. Бір тәулікте неше сағат бар?
8. Мектеп неше қабатты?

2 топқа сұрақтар: 9. Күзде не сарғаяды?

10.Сен қайда тұрасың?
11.Сенің Отаның қай ел?
12.Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.

13.Орман дәрігері қай құс?

14.Қыста қоянның түсі?

15.Егінді қашан орады?

16. Иіс сезу мүшесі?

Әдемі: «Жарқын жүзді ұстазым.» Ш.Смаханұлы

Келгенімде алдыңа

Қызыл-жасыл гүл алып.

Жақын тарттың жаңына

«Шәкіртім» деп қуанып.

Сипадың да басымнан,

Әліппені ұсындың,

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім.

(№9 слайд) Ән. "Рахмет саған, әліппе" (орындарына отырады)

Әліппе: Жарайсыңдар, балалар!

Мұғалім: Қазақ халқы шешен халық.Шешендік өнер біздің халқымыздың асыл мұрасы. Ата-бабадан балаларға жеткен баға жетпес байлық, асыл қазына.

(музыкамен залға екі пират кіреді )

(№10 слайд щелчокпен басу 1 рет) 1-пират:Естідіңбе, мына кітапта қазына, байлық бар екен!

2-пират: Тезірек алып қашайық! Іші толған алтын, ақша шығар! Бұл нағыз байлық!

(екеуі залды айналып ,Әліппені қоршап алады. Қолындағы сандығын ашады)

1-пират: Мынау не? Әріптер, суреттер?! Байлық қайда?

2-пират: Қазынаны қайда тықтың?

(№ 11 слайд) Әліппе( басын шайқап): Сендер ақшаны, алтынды байлық деп санайсыңдар. Ол дұрыс емес. Нағыз байлық, қазына - ол кітап, оның ішіндегі мақал-мәтелдер, нақыл, дана сөздер, ертегі, аңыздар. Егер сендер мына оқушыларды тыңдасаңдар бәрін де өздерің түсінесіңдер.

-Кәне, балалар, менен қандай мақалдарды үйрендіңдер?

1 - оқушы: Оқу-инемен құдық қазғандай.

2 - оқушы: Өнерлі бала сүйкімді.

3 - оқушы: Гүл өссе- жер көркі,

Қыз өссе- ел көркі.

4 - оқушы: Ана тіліңді ұмытқаның,

Өз тіліңді құртқаның.

5 - оқушы: Ана тілің - қазынаң.

6 - оқушы: Отан - алтын бесік.

Әліппе: Жарайсыңдар!

Мұғалім: Қазақ халқы ежелден балаларын тазалыққа, кішіпейілдікке, инабаттылыққа тәрбиелеген. Ал сендер қандай ырым-тыйым сөздерді білесіңдер?

Оқушылар:Дастарқанды, тамақты баспа; Нанды жерге тастама, үстіне басқа зат қойма;Үлкенннің жолын кеспе, сөзін бөлме; Әдепсіз сөз айтпа; Жаман әдетті үйренбе.

Пираттар: Балалар, біз бәрін түсіндік! Біз де кітап оқып, көп нәрсені білгіміз келеді. Сонда біз өте бай боламыз.Тезірек кітапханаға барайық! Балалар сендердің кітапханаларың қайда?(шығып кетеді )

*Бейне фильм көру. (10 минут).

*Би: «Қуыршақтар»

(№ 12 слайд) Ойын: «Сандар сыры». (балаларға сандар үлестіріледі, олар сол санға санамақты айтады)

Мұғалім: Ал балалар, сандар сырын ашып тілімізді ширатып алайық.

1-дегенім бесік
Шықтым содан өсіп.
2-дегенім егін
Далам тауым көгім.
3-дегенім үміт
Үміт жақсы жігіт.
4-дегенім төзім
Төзе білем өзім.
5-дегенім бақыт
Бағалайтын уақыт.
6-дегенім ақыл
Тыңдағаның мақұл.
7-дегенім жалау
Жүректегі алау.
8-дегенім сөзім
Серт беретін кезім.
9-дегенім тоқтау
Елдің жоғын жоқтау.
10-дегенім Отан
Қорға соны ботам.

(№13 слайд) Ойын: «Жоқ санды тап»

Азиза: Қош бол, құтты Әліппем! Ө.Тұрманжанов

Қош бол, құтты Әліппем!

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Мұғалім: "Әліппеден" біз көп нәрсені оқып, білдік, үйрендік. Әліппемен қош айтыссақ, оның білімін жалғастыратын Ана тілі кітабын қарсы алайық!

(№ 14 слайд) Барлығы: Қош келдің Ана тілі!

Ана тілі: Амансыңдар ма ! Балалар енді бұдан былай мені оқып, менен білім аласыңдар. Өз ана тілдеріңді құрметтеңдер!

Диас:

Бар әлемде анаға,

Басымызды иеміз. Бабалардың тілі деп, Даламыздың үні деп, Мұғалім қайталап айтқызады: Ана тілін, ана тілін, ана тілін сүйеміз! Ана тілі: Рахмет, балалар. Ана тілі сендердің бойларыңа туғаннан, ата-анаңнан дарыған. Ендеше, ата-аналарымызға арнап бір ән шырқайық.

(№15 слайд) Ән: Жақсы көрем.

*Марапаттау сәті: Ата-аналарға алғыс хат.

Мұғалім: -Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар!

Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін енбекқор күшті болсын!

№ 16 слайд)

  • Бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтай келе, оқушыларға айтарым:

Озат болып оқыңдар, Ойға білім тоқыңдар!

Назарларыңызға рахмет!

ліппемен қоштасу

Тақырыбы: «Әліппе, саған мың алғыс»

Мақсаты:
1) Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін көрсетуге көмектесу.
2) Мәнерлеп өлең, қара сөздерді айтуға, үйренген білім, білік, дағдыларын ары қарай жетілдіруге жағдай туғызу.
Көрнекілігі: «Әліппе, саған мың алғыс» деген ертеңгілік тақырыбы әдемілеп жазылып ілінеді. Ы.Алтынсарин портреті, шарлар, ленталар, фотолар.
Жүру барысы:
Мұғалім сөзі: Қымбатты ата-аналар, ұстаздар! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта бүгінгі сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Бұл той балалардың тұсау кесер тойы іспеттес. Кеше ғана алаңсыз ағаш атқа мініп шапқылап жүрген бүлдіршіндер бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуын аман-есен асып, бір жасқа тағы есейіп отыр.Мне сол бүлдіршіндерді ортаға шақырайық.
(оқушыларқол ұстасып ортаға келеді)
Сахнаға екі бүлдіршін жүргізуші шығады.
1-Жүргізуші: Қайырлы күн, уа халайық! Армысыздар ата-аналар, ұстаздар, әліппемен қоштасу кеші құтты болсын!
2-Жүргізуші:
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
1-ж:
Таныстырған 42 әріппен
Қош бол, менің қасиетті әліппем
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім
Сауатты адам санатына кіргенім
2-ж: Құрметті қонақтар, бүгінгі 1 «А» сынып оқушыларының «Әліппе, саған мың алғыс» атты қоштасу кешін ашық деп жариялаймыз!

Хор: «Әліппе»

1-ж: Енді 1-сыныпқа келер кезімізді еске алайық.

Көрініс «Портфель»
Жүргізуші-мұғалім:
Биік те емес аласа,
Бір портфель тұр жараса
Қызыққандар кіре алмай
Сыртында жүр таласа
Сонда мұны кім алған
Ішіне оның не салған
Құлпын ашып көрейік
Нелер барын білейік

Пенал : Эльза
Пай, пай, пай
Түсім бе, әлде өңім бе?
Жай портфель емес тегінде
Болса болар тек қана
Ертегілер елінде
Жақынырақ барайын
Ішіне көз салайын
Кім тұрарын портфельде
Жайлап біліп алайын (ішіне кіріп кетеді!

Жүргізуші:
Енді әліппе келеді
Портфельді ол да көреді

Әліппе: Нұрлыбек
Ашық екен есігі
Ішіне жайлап кірейін
Кімдер барын білейін
Жақсы достар болса егер,
Бірге өмір сүрейін.

Жүргізуші:
Есікті ашып осы сәт
Пенал шықты ақылды
Әліппені өзімен
Бір тұруға шақырды.

Пенал:
Кір әліппе бас қосайық
Бірге тұрып достасайық

Жүргізуші:
Жүгіріп дәптер келді де
Кіргісі келіп ішіне
Қарады ол да телміре

Дәптер: Аманжан
Жазу жазар болса кім
Онда мсен де керекпін
Кіргізіңдер мені де
Бір тұрайық демекпін

Жүргізуші:
Әліппе де жөн көрген
Адал досты
Қатарына дәптерді
Жедел қосты

Әліппе:
Кел дәптерім, келіңіз
Портфеліме кіріңіз
Оқушы үшін әрқашан
Керекпін деп біліңіз

Жүргізуші:
Түгелдесіп бір-бірін
Достар күтіп алаңдар
Келіп жатты жүгіріп
Түрлі-түрлі қамдар
Пайда болды «4»-тік те
Көп ұзамай «5»-тік те
Атып жатты жарысып,
Өз ойларын естіртпе

«5-тік»: Диас
Оқушының бәрі де
Мені жақсы көреді
Портфельдің дәр төрінен
Маған орын береді.

«4-тік»: Дана
Жақсы оқитын балалар
«4» пен «5»- ті алады
Ұқыпты өзі ынталы
Тәрбиелі болады

«Қызы қалам»: Гаухар:
Әрине, әрине
Керексіңдер бәрің де
Көңіл сиса сиямыз
Тар болса да ұямыз


«Көк қалам»:Адэль
Тәртібінен сабақтан
«4,5» алып жарыссын
Кіріңдер жақсы бағалар
Оқушылар таныссын

Жүргізуші:
Міне осылай портфельдің
Лезде іші толып кетті
Арттарынан жүгіріп
«2-лік» пен «1-де» жетті

«2-лік»:Ерзат
Портфелім мені қалдырмай
Кіргізіп ал ішіне
Жалқауларға жайлымын
Жалынабаймын үшіне.

«1-лік»: Диляра
Жалқауларын жалдап алам
Аңқауларын алдап алам
Көшпей қалса класстан
Досым үшін мен де қалам.

Жүргізуші:
Сұрланып босағадан
Пенал шықты
Ұрысып «1»-«2»-ні
Жерге тықты

Пенал:
Сөздеріңді жөн көретін
Бізді аңқау кім деп едің
Балалардың досы мықты
Сендерсіз- ақ күн көретін.

Еңбек етпей ерінсе,
Ол оқушы бола ма
Достарымыз «4» пен «5»
Кететіндер бізге жолама

Жүргізуші:
Кіргізбей «1» мен «2»-ні
Сарт етіп есік жабылды
Оқушы екен иесі (оқушы қыз жүгіріп шығады)
Оқушы тұрып түсінді
Портфелімнің мән-жайын
Кішірейік бала қолында
Жүруге тұр дап-дайын

Хор: «Мектеп-ана»
Оқушы: Балалар, Әліппе келе жатыр, Әліппе!
Әліппе: - Иә, балалар! Сендер бүгін мені бұрынғыдай қолдарыңа алып оқымай отырсыңдар ғой, мені ұстауға да асықпай отырсыңдар, әлде ұмыттыңдар ма?
Оқушы: - Жо-жоқ!Ол не дегеніңіз.
Әліппе: Бұл қалай? Сендер көпсіңдер ғой, ата-аналарың да әдеттегідей көп жиналыпты
Оқушы: - Иә, Иә! Қымбатты әліппем! Бүгін ата-аналарымызбен бірге сізбен қоштасу мерекесін өткізбекпіз.
Әліппе: - Неге қоштасасыңдар? Әлде маған өкпеледіңдер ме? Менің сендермен қоштасқым келмейді. Сендермен бірге болу маған өте көңілді.
Оқушы: - құрметті әліппе біз сізбен әрқашан бірге жүрер едік. Әттең...
Әліппе: - Шынымен менен безгілерің келіп тұр ма? Керек болмасам, өзім-ақ кетіп қаламын.
Оқушы: -Кетпеңіз, кетпеңіз! Біздердің не үшін қоштаспақ екенімізді білсеңіз сіз де қуанасыз. Әліппем, қараңыз, сізде жазылған әәріптерді біз толығымен үйреніп сауатты адам болдық, шағын әңгіме, өлеңдерді оқи алатын болдық.
(әліппе отырады)

1-оқушы: Гүлзада
Жырын бастап жатамыз
Жалықпастан қыс-жазы
Ұлы Ыбырай атамыз
Ұстаздардың ұстазы
Ұран тастап көп елге
«кел, балалар, оқылық!»
Деген сөзін көңілге
«Ықыласпен тоқылық!»...
Оқығаннан кезінде
Озған ағаш-сол екен
Әліппенің өзі де
Жазған алғаш сол екен....

2-оқушы: Шамиль
Бүкіл қазақ баласы дәріптеген
Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен
Ризамыз бәрмізді таныстырған
Сөз бен дыбыс, әр үрлі әріптермен

3-оқушы: Азат
Әліппе даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет, ұстаз алғашқы!
2-ж:
Ақылшым, асыл ұстазым
Жолымды айқын нұсқадың
Қасыма келіп қанша сен
Қамқор боп қалам ұстадың

Вальс. «Ұстазым менің»

4-оқушы: Рамазан
Әліппемен аштым өмір есігін
Тербетемін білім бөбек бесігін
Өмір деген өрлі өзенге шомылып
Жаттап өстім ұстазымның есімін
Жүзің жылы, құшағың кең
Сенен түлеп ұшамын мен
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге ұшамын мен

5-оқушы: Мөлдір
Өз аузына қаратқан
Ұстаз ойын ұғамыз
Сөйтіп әрбір сабақтан
Сәл есейіп шығамыз


6-оқушы: Амира
Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қалап ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді.

Тапқышбек келеді:
-Сәлем, балақайлар! Сендер Әліппемен қоштасқалы жатырғандарыңды естіп, жереу жеттім. Сендерге қояр сұрақтарым бар еді. Жауап беруге дайынбыз ба?
1. Әліппе оқулығын еңң алғаш жазған кім? (Ы.Алтынсарин)
2. «Әліппе» оқулығынан қанша әріп үйреніп, жаздыңдар? (42)
3. ҚР-ның президенті кім?
4.ҚР-ның астанасы қай қала?
Жарайсыңдар! Енді математикадан қалай екенсіңдер?!
1.Табақта үш алма
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығы
Болады неше алма? (5)
2. Көлден ұшты жеті қаз
Қайтып қонды екі қаз
Қонбады енді нешеуі
Қане, кім шешеді? (5)
Жарайсыңдар, сабақтарыңнан үнемі «5-тік» алыңдар. Мен сендерге ризамын.Сау болыңдар!

2-ж:і.
Бойыңа бар сұлулық жаралғандай
Мүсінің әр мәрмәрдан құйылғандай
Жарқ етіп шыға келген ел алдына
Биші қыз ғажап еді биің қандай

«Қуыршақ » биі.Билейтін: «Балдаурен» бишілер тобы

Ана тілі келеді:
Ақыл-ойы дананың
Ана-тілі боламын
Ана тілі ардақты
Ақ сүтіндей ананың
Өсірген ой-білімді
Мәнін терең білуді
Мейірімі мол балаға
Барлық, барлық анаға!
-Мен Әліппеден оқып білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқыңдар
Әліппе: Жоғары шығыңыз! Балалады сізге өз қолыммен тапсырғалы отырмын. Алдымен оқушыларды тыңдап көрейік!

Оқушы: Шамиль:
Әріп біткен шығыңдар
Орындарыңа тұрыңдар
Бастайық қане айтысты
Жібермейік намысты!
«А»: Исатай
Адам аузын ашқалы
«А»-дан сөзін бастады
Ата, ана, ақыл, ар
«А»-мен айы, аспаны
Ана тілмен сусындар
Қазағымның жастары

«Ә»: Аниса
Ә дегенің- Әліппе
Бастауы бар білімнің
Әріп шашу шашайық
Әліппені ортаға ап
Ән думанға басайық

«Б»: Элеонора
Бесік-өмір бастауы
Бүлдіршінді тербетер
Біз байтақ ел жастары
Білім алып ет жетер

«В»: Сабыржан
Велосипед тебетін
Мен спортшы боламын
Олимпиада төрінде
Ел намысын қорғаймын

«Г»: Алина
«Г» деген ол гүлменен
Бірге түлеп, бүрленген
Ал, балалар, өмір де
Жауқазын ғой гүлденген
«Ғ»: Бекет
Самғады аспанға
Ер Талғат ағамыз
Күні ертең біздер де
Ғарышкер боламыз

«Д»: Дильшад
Достық пене бейбіршілік
Болсын деймін әр елде
Дінмұхамбет атамдай
Ел бсқарам өскенде

Оқушы: Нұрсұлтан
Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақтайды, қолдайды.

«Бипыл» биі. Билейтін: Даяна

Тақта келеді:
Ой, балалар, сендер әріптермен танысып, әліппемен қоштасқалы жатыр деп естіп келдім. Қане, маған әдемі етіп кім жазып береді екен?
А-деген ол аналар ғой ардақты ( Ана сөзін жазу)
Ә- деген ол әкелер ғой салмақты (Әке деп жазу)
Б-деген ол балалар әдемі (балалар)
Біздің елде үшеуі де кәделі
Жарайсыңдар, жазуларың өте жақсы екен! Мен сендерге ризамын. Сау болыңдар!
«Африка» биі. Билейтін: Алина

7-оқушы: Равиль
Оқитын әрі жазатын
Білімге қол созатын
Оқушы болдың сауатты

8-оқушы: Нұрбек
Білімнің кілтін ашатын
Қош бол, құтты Әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің
Әліппе: О-хо! Неге қоштаспақ болғандарыңды енді түсіндім. Бәрі бір сендердің араларыңнан кеткім келмейді.
Оқушы: -Құрметті әліппем! Алдағы оқу жылынан бастап, алдыңызға тағы да бөбектер келеді, оларды да біздердей оқи алатын, өнегелі етіп тәрбиелейтініңізге сенеміз.
Әліппе: Сау болыңдар!
Барлығы: Әліппе, саған мың алғыс!

Мұғалім:
-Балалар Әліппеден алған білімдеріңді әрі қарай жалғастыратын, қызықты ертегілермен, әңгімелермен таныстыратын , ендігі досымыз- ана тілі оқулығы.

1-Жүргізуші: Хор: «Дос болайық бәріміз»

1-Ж:
Жеміске құты тола ма
Бір-бірлеп теріп алмасаң
Әп сәтте шыға қоя ма
Еккен дәнің ойласаң
2-Ж:
Білім де сондай қарағым
Біртіндеп сіңер ойыңа
Ұғып ал білім боларын
Шам-шырағың жолында
Бірге:
Көлге ойнаған бұлақтың
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том-том қалың кітаптың
Басы болар Әліппе

Мұғалім:
Әліппені бітірді балаларым
Әліппеден нәр алған даналарым
Өзі жазып, оқитын халге жетті
Құтты болсын білімі балалардың- дей келе бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Сөз кезегі ұстаздар мен ата-аналарға беріледі.

























Әліппемен қоштасу

Асылжан:
Балдәурен шағындағы балалықтың,
Алтын ұя бесігі ең даналықтың
Бүлдіршін боп аттадым босағаңнан,
Парызын сенен ұқтым адамдықтың
Нұрым:
Армысыздар , мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан ,
Өмір деген үл кен жолда тарландар.
Асылжан:
Қош келіпсіз , ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған
Нұрым:
Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер.
Бүгін міне, әліппемен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби еркелер.
Асылжан:
Неге екенін білмеймін, неге екенін,
Әйтеуір бір мәні бар мерекенің.
Өйткені ол әліппемен қоштасу ғой,
Салтанаты жарасқан берекенің
Нұрым:
Құрметті ұстаздар мен қадірлі қонақтар!
Асылжан:
Қадірменді ата-аналар мен оқушылар!
Нұрым:
Бүгінгі күн баршамыз үшін жүрек тебіреніп, көңіл толқытатын сәт. « Қош бол, құтты Әліппем » атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Асылжан
Көкте күнді күлімдеткен күмбезді мектебіміздің мерейі үстем, айбыны асқақ болсын!
Ғалымбек
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің қоңырауың,
Түрады құлағымда сыңғыр қағып.
Қарақат
Өткіздім мұнда балғын жасымды мен,
Жанымда сіңді сенің асыл киең.
Сарқылмас бастауысың ұлылықтың,
Мектебім саған мәңгі басымды ием.
Нұрасыл
Өзіңсің балауса көктемім,
Мен сенен нәр алып көктедім.
Өмірде алғашқы өткелім,
Мектебім, мектебім , мектебім
Хор : Мектеп вальсі
Нұрым:
Біз әлем мектептерінен кем түспейтін осындай мектепте оқығанымызды мақтан тұтамыз.
Асылжан:
Біз бүгін алғаш рет қолымыза ұстап, әріп таныған, сауатымызды ашқан Әліппемен қоштасқалы отырмыз.
Нұрым:
Әліппе - бұл бүкіл білім, ғылымға бастайтын жол. Біз бүгін сіздерге ғылым дүниесінің алғашқы жолы « Әліппені » қалай аяқтағанымызды көрсетпекпіз.
Асылжан:
Әліппе бітіру - алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі.Ендеше біз бүгінгі күні сол белестердің бірінен астық.
Томирис
Мен өзім -ақ оқып , жаза аламын. Ертегі, әңгімелерді өз бетімше оқитын болдым.
Ерасыл
Біз ән айтуды . сурет салуды , есеп шығарудыда үйрендік.
Нұрым:
Ендеше, Әліппені ортаға шақырып, 4 ай бойы алған білімімізді көрсетейік. Кәне бәріміз хормен «Әліппе келіңіз, әліппе келіңіз » дейік
Әліппе:
Армысыздар , жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Болашаққа жолбастар,
Әліппең келді ортаға.
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ержеткен,
Ағаң менен Әпкең де.
Сендер мені 4 ай бойы оқыдыңдар. Менен не үйрендіңдер? Кәне, соны айтыңдаршы.

Дәулетжан
Мама, папа атын сен,
Бізге үйреттің Әліппе.
Бізге нағыз жақын сен,
Сенен білдік әріпті
Қарақат.Н.
Ыстық әрбір беттерің,
Жазуыңды ұғамын.
Ақыл бердің Әліппе,
Ақылды сен мұғалім.
Аңсар
Әліппем менің, Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Гүлжайнар
Әліппем менің, әліппем,
А деген бастап әріптен.
Сөз құрап жаза бастадым,
Тақылдап таңба танып мен.
Ерсұлтан
Осылай алға аттадым,
Әр әріпті жаттадым.
Жаттаған сайын әріпті,
Сөз құрап жаза бастадым.
Арайлым
Әліппем менің, әліппем,
Өшпейтін нұрлі әріптен.
Есігін аштым білімнің,
Өзіңнен кілт алып мен.
Ернұр
Үйреттің бізге Әліппе,
42 дербес әріпті.
Сөз , сөйлем құрап әріптен,
Жаздырдың бізге Әліппе.
Айлана
Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Оқушы болдық сауатты,
Білімді тегін қазатын.

Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы
Айбар
Әліппем, менің Әліпем,
Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам мың рет,
Хормен: -Өзіңе көп-көп рахмет!
биі
Әліппе:
Ал, балалар, менің мына сұрақтарыма жауап беріңдерші?
Сыйлап үлкен ағаны
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Хормен: Әдепті екен бұл дейміз!
Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
Хормен: Ұқыпты екен бұл дейміз!
Таудай биік талабы
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?
Хормен: Үлгілі екен бұл дейміз!
Өтірік сөз айтпаса
Уәдесінен қайтпаса
Кім дейміз?
Хормен: Шыншыл екен бұл дейміз!
Әліппе;
-Өте жақсы , балалар . Мен сендерге ризамын. Әрқашанда әдепті, ұқыпты,үлгілі,шыншыл болыңдар! Ал, балалар айтыңдаршы, қазақ тілінде қанша әріп бар?
Наздана
Альфавитті біліңдер
Онда қалып жүйе бар.
Біздің қазақ тілінде,
42 әріп бар.
Бекнұр
Альфавиттің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадың ба, Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде, түсінші?
Ақбота
А деген ол- аналар ғой ардақты,
Ә деген ол- әкелер ғой салмақты.
Б деген ол- балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар , алфавиттің басында
Әліппе
- Балалар , сендер мені оқып, сауаттарыңды аштыңдар, жазуға , оқуға үйрендіңдер, Ал ,кәне, көпшілікке әріптердің сырын ашыңдар
А - А дегенің - Ана ғой,
Ана деген дана ғой
Б - Б дегенің - бала ғой,
Жұмсаса апаң бара ғой
Г - Гу деп алғашбөбектер
Гуілдейді ақырын
Е - Елге есті ер керек,
Ер жет, өсіп ертерек
Ж - Жыр алыбы - Жамбыл ата,
Ардақтайды оны бала
Қ - Қартқа қол бер
Жасқа жол бер.
З - Зауза ұшады зырылдап,
Зымыранша зырылдап
И - Ирина енді іздейді,
Инженер мына біздейді
К - Кекілік -ау ,кекілік,
Кетіп қалма секіріп.
Л- Лашын биік самғайды,
Лашын көкті шарлайды.
М - Мектеп берген білімнен ,
Марқаясың, жас ұлан.
Н - Наурызайы келгенде,
Найрыз тойы тойлансын.
О - Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.
Ө - Өсті міне, бойларың,
Өсті ақыл, ойларың
Р - Роза шықса ән салып,
Риза болған бар халық
С - Сыйламаған жолдасын,
Сыйлай алмас өз басын.
Т - Тырау-тырау тырналар,
Тамаша әнін тыңдап ал.
Х - Хадиша сөмке көтерген,
Хат-хабар күнде әкелген.
Ы - Ыдысты саздан жасаған,
Ықылас біздің жақсы адам
І - Інісіне бағалы,
Іңкәр ішік алғанды
Әліппе:
- Балалар, қазір бір ойын ойнайық
Нұрым:
Әліппе:
- Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Енді менен алған білімдеріңді « Ана тілімен » ұштайсыңдар.Міне менің досым Ана тілінің өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар.
Хормен: Сәлеметсіз бе , Ана тілі!
Ана тілі:
Сәлем, ойшыл достарым!
Терең білім , ой саналы,
Әрбір сөзім , ой салады.
Ғылым, тәлім , өнерім көп,
Достасқанға берерім көп.
Әліппе:
Жарайсыңдар , балғындар! Сендерге ризамын.
Кәрі-жасқа ой сала,
Үйрететін ой сана.
Ана тілін сүйіңдер,
Осыған бас иіңдер.
Ерасыл :
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты, міне балаңыз.
Наздана:
Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті Әліппем.
Сенің арқаң оқи жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім

Әліппе:
Айналайын , балдырған,
Менен білім алдыңдар!
Әр сөзімді жаттаған,
Достар үшін мақтаған.
Рахмет айтып шаттанам,
Риза болып аттанам
Алда ұзақ жасың бар,
Оқумен өсіп толыңдар,
Аман -есен болыңдар!

Хормен : Бәрімізді сүйіп өткен ,
Балаларға үйреткен.
Әліппе мен ұстазға,
Бас иеміз құрметпен!
Осы кезде «Әліппеге шексіз рахмет!» -деген жазулы тәж киген балалар ортаға шығады.Әліппе шығып кетеді.(
Нұрым:
Еңбек білім мәнінде,
Есептейтін бәрін де.
Сөз береміз ардақтап,
Математика пәніне
Математика:
Сәлемет пе достарым?
Сабағы боп жоспардың.
4 амалды қолданған,
Математика достарың.
Хормен: Сәлеметсіз бе, математика!
Математика:
--Ал балалар, математикадан не үйренгендеріңді көрсетіңдерші? Сан құрамдарын сұрау. 5,6,7,8 сандарының құрамын атаңдаршы?

Енді қызықты есептерді шығарып көрейік
Бес асықтың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады. 5-3 = 2
Ағаштағы төрт алмұрт,
Піскен екен тимей құрт.
Самат алып екеуін,
Қалдырған екен нешеуін? 4-2 = 2
Қазып жүр құмды бес мысық,
Үшеуі жатыр күн ыстық.
Екеуі жүр шомылып,
Барлығы қанша санап шық. 5+3+2 = 10
Алма ағашта жеті алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Жетеуінде жеп қойсам,
Қалады онда неше алма? ( 0 )
2. Табақта 4 өрік,
Қолымда 3 өрік.
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік? ( 7 )
3. Маратта бар 5іні,
Мұратта бар 2 іні.
Қоссақ бес пен екіні,
Неше болады шешуі? (7 )
Математика
-Ал балалар, білімді екендерінді білдім, енді өнерлеріңді көрсетіңдерші?

Ана тілі:
-Балалар, ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім еді?
-Ыбырай Алтынсарин
-Ал алғашқы әліппенің атасы кім?
-Ахмет Байтұрсынов
- Олай болса, ол кісілердің де рухынабас иіп, өсиеттерін әркез есте ұстаңдар!Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар! (сахнаға кір-қожалақ Білмесбек жүгіріп шығады)
Білмесбек:
Мыналар неге жиналған, әй! Менің Білмесбек деп атымды атаған қайсысың?
Ана тілі:
-Сәлеметсіз бе , Білмесбек! Бүгін « Әліппемен қоштасу » мерекесі . Сен туралы айтқан мен.
Білмесбек:
-Әліппемен қош-та-су! Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой, мен кетейін! Чао! (кетіп бара жатып, бір баланың басындағы әріпті көріп қалады да , жұлып алмақшы болады.)
Бала:
Тиіспе, менің басымдағыға! Мұнда әріп жазылған.
Білмесбек:
Әріп дейді ғой. Қайдағы әріп , мынау доңғалақтың суреті ғой. Ал бала, мәссаған рогатканың суретін салып алыпты . Бұлардың бәрін мен « әліппені » оқымай-ақ білемін.
Ана тілі:
Ол не дегенің , Білмесбек! Бұлар О,Ү әріптері ғой. Дегенмен , балалар, Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас. Қане , ендеше әріптерге байланысты жұмбақтарын шешіп көрейікші.
1. Қос мықынын тіреніп,
Тұрады ылғи шіреніп. ( Ф )
2. Үш шырпыдан бір есік,
Құрастырып көр шешіп. ( П )
3. Сақинаға қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп? ( С )
(Осылайша 5-6 жұмбақ айтылады, Білмесбек 1-2 рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды)
Ана тілі:
-Міне, Білмесбек, көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі?
Білмесбек:
-Ой , мене басқа білмейтіндер де бар шығар -ау іштеріңде!
Ана тілі:
-Жоқ, Білмесбек, барлық бала жақсы оқиды.
Білмесбек:
-Онда мен кітап оқығым келеді. Мен де мына балалар сияқты әріп танығым келеді. Енді қайтсем екен.........
Ана тілі:
-Өте дұрыс. Тек алдымен үсті-басыңды жөнге сал! « Әліппені » таза, әдепті бала ғана ұстайды.
Білмесбек:
- Жарайды онда!(жүгіріп шығып кетеді) Сау болып тұрыңдар!
Мұғалім:
-Ал енді «Әліппені » ерінбей, жалықпай, жанымызда отырып үйреткен жандарға жыр арнап, ән салайық
Думан
Күн боп күліп балаға,
Ой жіберген санаға
Мың бір сәлем жолдаймыз,
Ардақты абзал анаға
Ардақ
Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген - ана! Қиындықта әркез сенімен бірге болатын да - ана! Бұл өмірге бәріміз оған қарыздармыз.
Дастан
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Сәбиіңді әлдилеумен тіл қаттың.
Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің,
Кең құшағың ,аясындай гүл бақтың
Томирис
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең ақ мақтаанышың
Білім алып, тер төгем , еңбек етем
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін.
Диас
Дүниенің жарық күні - анамыз,
Дана болсақ анаменен данамыз.
Алдыменен тыңдаңыздар ағайын,
Аналарға да арнап бір ән саламыз.
Асылжан:
Ендеше, аналардың құрметіне арнап, » әнін жолдаймыз Орындайтындар: Асылжан: Ендігі өлең жолдарын асқар таудай әкеге арнаймыз
Аружан
Ыстық- ау кім-кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген
Мирас
Әкешім, тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол шуақ күннен
Шаршайсың жұмыс істеп біздер шін,
Ақылды балаларың оны білген.
Нұрлыайым
Ұмытпаймын еркелеткен күндеріңді,
Ұмытпаймын әрқашан күлгеніңді.
Әкешім, аман -есен жүре берші,
Қалаймын ұзақ өмір сүргеніңді.
Санжар
Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,
Барлық ұрпақ әкелерден басталған.
Ал, әкелер, өздеріңе арналмақ,
Біз айтатын келесі бір асқақ ән
ән:
Қазыбек
«Әліппе » даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
«Әліппе» сырын ұқтырған,
Хормен: -Рахмет, ұстаз алғашқы!
Ән: Мұғалім ол біздің
Мұнан соң «Болашаққа саяхат немесе өскенде кім болам?» деген балалардың болжамдары оқылып, кілттеулі сандыққа салынып, он жылдан кейін ашуға мектеп мұражайына тапсырылады.
1- жүргізуші:
Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан да ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар - дей отырып, сөз кезегін қонақтарға береміз.


Алғаш рет қолыма ұстадым
Әліппені сыйлаған ұстазым.
Білім атты әлемге аштың жол,
Рахмет саған, Әліппе,
Қош сау бол.

Әліппе, әліппе,
Арналады бүгін жыр саған
Әліппе, әліппе,
Алғысымыз шексіз бір саған.

Көмегіңнен өзіңнің, әліппем
Қырық екі таныстық әріппен.
Ең алғашқы білімді алдық мол,
Рахмет саған, Әліппе,
Қош сау бол.

1. Мектебім, аяулы мектебім,

Өзінсің өмірдің көктемі.

Нәр алып, қолымды созамын,

Арманға көктегі.

Мектебім келеміз тағыда,

Күн сайын өзіңді сағына.

Сыңғырлап соғылды қоңырау,

Бар бала бағына,

Қайырмасы:

Мектебім, аяулы мектебім,

Бағында гүлдей боп көктедім.

Өзіңсің білімнің бұлағы,

Нәр алып келемін.

2. Келеміз куанып біз дәйім,

Мектебім, сен жайлы жыр дайын.

Айқара есігін ашады,

Қарсы алып күн сайын.

Мектебім, өзінді сүйемін,

Білімді санама түйемін.

Аяулы ұстаздар алдында,

Басымды иемін!


© 2010-2022