Әдебиеттік оқу талаптың пайдасы 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Әдебиеттік оқу.

Сабақтың тақырыбы: Талаптың пайдасы.

Сабақтың мақсаты: а\Білімділігі: Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстыру.

Жүйелі сөйлеуге үйрету. Ы. Алтынсарин туралы мағлұмат беру.

ә\Тәрбиелілігі: Оқушыны ізденуге жетелеу. Жауапкершілікті

сезінетін өнегелі тұлғаны тәрбиелеу.

б\Дамытушылығы: Оқушылардың ой өрісін ,сөздік қорын

молайтып, тіл байлығын дамыту.

Пән аралық байланыс: дүниетану, салауаттану.

Әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап.

Түрі: аралас сабақ.

Көрнекілігі: суреттер, мақал-мәтелдер.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Өткен сабақты қайталау.

1. Ертегіні мәнерлеп оқу.

2. Мәтіннен түсінгенін өз сөзімен әңгімелеп беру.

3. Ертегі дегеніміз қандай шығарма?

ІІІ.Жаңа сабақ.

Кіріспе әңгіме.

Ы. Алтынсарин -ағартушы педагог, 1841-1889 жылдар аралығында өмір сүрген.

Оның «Кел, балалар, оқылық», «Байлық неде?» т.б. шығармалары бар.

Негізі бөлім.

1. Әңгімені мәнерлеп оқу.

2. Іштей оқыту.

3. Мазмұнын ашу.

4. Мақал-мәтелдер айтқызу.

Сөздік жұмыс. Даңқ-атақ, абырой. Талап -ынта. Шіркеу- құдайға

құлшылық ететін орын.

5. Сұрақтарға жауап беру.

а\ Бала патшаның суретін салуға неге қызықты?

ә\ Патша балаға қандай қамқорлық жасады?

б\ Мәтін неліктен «Талаптың пайдасы» деп аталған?

6. Патша мен баланың сөзін рөлге бөліп оқу.

Сергіту сәті.

«Талапты», «талапсыз» сөздеріне Венн диаграммасын құру.

IVСабақты қорытындылау

1. Мәтіннен нені түсіндің?

2. Сыныпта талапты оқушылар кімдер?

V Үйге тапсырма.

1. Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінгенін әңгімелеу.

2. Өнер, талап туралы мақал-мәтел жинау.



© 2010-2022