Адам болам десеңіз (1 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Адам болам десеңіз

Сабақтың мақсаты: Балаларды жақсылық пен жамандықты ажырата білуге үйрету.

Міндеті: жақсы мен жаман туралы түсінік беру;

Жақсы мен жаман туралы өз ойларын , түсініктерін дамыту;

Жақсы істер жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Венн диаграммасы , суреттер, слайд

І. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

ІІ. Венн диаграммасын құру.

әрекеттер

Жаман :





Жақсы :









Венн диаграммасын оқушылар өздері білетін жақсы , жаман әрекеттерді айту арқылы толықтырады. Мұғалім диаграмма бойынша жалпылама қорытындылап өтіп, дәптерлеріне бүгінгі сабақтың дәйексөзін жаздырады.

Дәйексөз: «Жақсы болу- өз қолыңда»

ІІІ. Суретпен жұмыс

  1. Сурет бойынша оқушыларға әңгімелету

  2. Жақсы , жаман істі ажыратып айту

Мысалы: Гүлге су құю - жақсы.

Құсты ату - жаман.

ІҮ. Мәтінмен жұмыс. «Жақсы деген немене, жаман деген немене?»

  1. Мәнерлеп оқу

  2. Сұрақ қою арқылы мәтін бойынша әңгімелесу

Әкесі жақсы бала деп қандай баланы айтты?

Қандай жаман әрекеттер туралы айтылған?

Жақсы әрекеттерге мысал келтір

Ү. Дәптермен жұмыс

Жұппен (көршілерімен ) ақылдасып орындауға ұсынылады.

Жұмыс дәптерінде қоржынның және шашылып жатқан асықтардың суреті салынған.

Барлығы 17 асық. Әр асыққа бір әріп , бір нөмір жазылған.

Тапсырма : Асықтарды нөмір ретімен қойып , сөйлемді оқу.

Жауабы: Жақсы болғым келеді.

ҮІ. Қорытындылау. «Жақсы, жаман» ойыны арқылы

  1. Гүлді суару - жақсы

  2. Гүлді жұлу - жаман

  3. Ағашты ақтау- жақсы

  4. Ағашты сындыру - жаман

  5. Құсқа ұя жасау - жақсы

  6. Құсты ату - жаман.

  7. Таза жүру- жақсы



© 2010-2022