Классный урок на тему Дәрумендер-денсаулық кепілі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты: Оқушыларға денсаулыққа дәруменнің пайдасы мол екенін ұқтыру, дұрыс тамақтануға, денсаулықты күтуге үйрету.

Көрнекілігі: шарлар, дидактикалық материалдар, слайд.

Барысы: «Қазақы дастарқаным» әніне билеп шығады, дастарқан жайылады, топқа бөлінеді.

«Дәруменді дастарқан» бағдарламасы

Ой қозғау: Оны күткен адамдар,

Ұзақ өмір сүреді.

Қадірін білген жарандар

Байлық осы деседі (денсаулық)

-Денсаулықты қалай күтуге болады?

Көрініс. Кемпірқосақ сыйлығы.

Маханбет: Барлығың да дәмдісіңдер,

Шырқап айтар әнімсіңдер.

Көз тоймайтын кереметтер,

Дастарқанның сәнісіңдер!

Ақмамық Дәрумендер сендердің тірегің,

Дәруменсіз не істерің білмерсің.

Жетіспесе саған оның бірі,

Ауырып қалар едің сен тағы.

Қажет көзіңе А дәрумен,

Жүйкені тоғайтар В дәрумен.

Сүйекті нығайтар С дәрумен,

Асты сіңіртер Е дәрумен.

1-топ. Көкөністер туралы

Асқабақ-аязға шыдамды, адамға қажетті көкөніс.

Орамжапырақ-асқорыту мүшелеріне пайдалы.қыс бойы тұздап сақтап қойып, тағамға қажетті дәрумен үшін қолданылады.

Қияр - қиярдан салат дайындайды. Ежелгі Египетте бай адамдар шырын жасап, әр түрлі ауруларға пайдаланған. Терінің қартаймауына көмектеседі.

Қызанақ - отаны Перу. Көптеген дәруменге бай. Салат дайындалады.

Картоп-құрамында14-24% крахмал бар. 200-ге жуық әр түрлі тағам әзірлейді.

Қызыл бұрыш-С дәруменіне бай, адамға ұзақ өмір сыйлайды.

Сарымсақ, жуа-жұқпалы ауруларға қарсы пайдаланылады. Әсіресе тұмауға пайдалы. Бактерияларды өлтіреді.

Қызылша- қызылшаның әр түрлісі болады. Дәруменге бай. Жемтамырында өте көп қант бар. тыныштандыратын дәрі ретінде балалардың жүйке жүйесіне пайдалы.

Сәбіз-құрамы дәрумен-витаминдерге бай. А,В,С,К,О,Е және микроэлементтер де бар. салат жасауға, тағамдарға пайдаланады.

Баклажан (баялы)-медицинада бауыр ауырғанда қан құрамындағы зиянды холестеринді азайту үшін қолданылады. Оңтүстік Қазақстан облысында мол өсіреді.

Ақжелкен, аскөк - бүйреу ауруларына ем.

Қарбыз-бүйрек ауруына ем.

2-топ. Жемістер туралы

Апельсин-ағзаны тазалап, қандағы холестерин деңгейінқалыпқа түсіреді. Астың қорытылуын жақсартады.

Мандарин-теріні тазартады. Микробты жойып, асқазанды жұқпалы аурулардан сақтайды.

Лимон-кіші қан тамырлардың қабырғаларын қатайтады. Анемия мен ревматизмді емдеуге жәрдемдеседі.

Грейпфрут-науқастанып тұрғаннан кейін және ауыр ой жұмыстары кезінде күш-қуатты қалпына келтіреді. Бауырды тазалап, рак ісіктерінің алдын алады.

Алма-тәнге күш беріп, ағзаның әр түрлі ауруларымен күресуне көмектеседі, ас қорытудың бұзылуын реттейді, алма жеген өте пайдалы.

Алмұрт- шырынынан несеп айдау үшін өте пайдалы. Оның азықтық, шипалық қасиеті мол.

Өрік-құрамында органикалық қышқылдар, хош иісті заттар, минералды тұздар бар.

Жүзім- түстен кейін бір уыс жүзім жеу, шырынын ішу-денеге де ми жасушаларына да жақсы әсер етеді. Қара жүзім жүрек ауруына ем.

Банан-денсаулыққа пайдалы, көп ауруға шипалы. Қан қысымын реттейді,асқазан жарасына ем.

Құрма- құрамында көптеген емдік қасиет бары анықталған.

Шие- шырыны асқазан, бауыр, ішек дерттеріне ем, жүрек жұмысын жақсартады.

Ойын. Дәруменге бай тағамды тап, тоңазытқышқа орналастыр.

Жұмыртқа- Жұмыртқаны қайнатып я қуырып жеу арқылы асқазанды ғана емес, бар ағзаны пайдалы элементтер мен дәрумендермен толтыруға болады. Құрамындағы аққуыз, йод, фосфор, селен т.с.с. элементтер созылмалы аурулардың алдын алады. Сондай-ақ, оның құрамында А, В, Д, Е дәрумендерінен бастап, бас-аяғы 13 дәрумен кездеседі

Сүт күнделікті емдәмнің айырбасталмайтын және аса құнды компоненті, ең жақсы және ең арзан кальций көзі болып табылады. Кальций сүйек құрылымын қалыптастыруға және тістердің минералсыздануын болдырмауға қатысып қана қоймай, сонымен бірге жүректің дұрыс жұмысын (дұрыс ырғақты және қысқару күшін қамтамасыз етеді), қанның дұрыс ұюын, сондай-ақ бұлшық еттер мен нерв жүйесінің жұмысын қамтамасыз етіп, көптеген физиологиялық процестердегі қажетті элемент болып табылады. Балық. Өзенде, теңіз немесе жасанды жағдайда өсірілгені болсын - кез келген балық - жүрек, қан тамырлары, иммунитетке жақсы әсер ететін көптеген пайдалы заттардың қайнар көзі.

Жаңғақ - қаназдықта, әлсіздікте, жүрек-қан тамырлары жүйе-сінің көптеген ауруларында, бауыр мен өт қабынғанда, қант диабетінде, тері ауруында, теміреткіде, қан - жел ауруында, дәрумендер аздығында.
Бұл сырқаттарды емдеуге грек жаңғағының дәнін жеуге кеңес берілуінің себебі, оның құрамында темір мен басқа да микроэлементтер көп.

Тауық етінің құрамында В, Н, РР дәрумендері, калий, магний, натрий, темір, фосфор, мырыш, кальций, мыс секілді минералды заттар бар.

Шырындар. Жеміс-жидек және көкөніс шырындарында нәрлі заттар көп және оларды организм оңай сіңіреді

Біле жүр.

А дәрумені - сәбіз , сары май,сүт,жұмыртқа,балықтың майы,бұршақта

Көздің қөруін жақсартады.Бойдың өсуіне пайдасы бар.Ағзаның ауруларға қарсы тұра білуін күшейтеді.Теріні жұмсартып, жақсартады.

С дәрумені- апельсин,қызыл бұрыш,қызанақ,орамжапырақ,жасыл пиязда. Адам ағзасының жұқпалы ауруларға қарсы тұра білуін күшейтеді.Адам энергиясын реттеп тұратын,қантамырларды жақсартатын,жараның тез кетуіне,тіс пен сүйектің мықты болуына көмектеседі.


Д дәрумені - дәнді дақылдар, бауыр, балық, жұмыртқаның сарысы, саңырауқұлақ, ақжелкенде, сарымайда кездеседі. Бұл дәрумен майлларда тез ериді.Ішек пен асқазандағы минералдарды,яғни тұздарды өңдеп,реттеп отырады.Ағзаның өсуі мен дамуын,әсіресе балалардың сүйектері мен тістерінің қатайып өсуі үшін керек

Е дәрумені - жұмыртқаның сары уызы,күнбағыс майы,сиырдың бауыры,арахисте.

Жүрек қантамырлары ауруларына,ісік ауруларға қарсы күші бар.Асты жақсы сіңіреді.Ортаға бейімделу қабілетін күшейтеді,қарта юды жайлатады.

В дәрумені-нан, салат, сәбіз, картоп, ашытқыда. В тобының дәрумендері (В1, В2, РР) орталық және шеткі жүйке жүйесінің, қан жасау жүйесінің және ас қорыту мүшелерінің қызметіне көмектеседі, тері қабаты мен көру мүшелерін аурулардан қорғайды

Сергіту сәті «Қазақы дастарқаным»
Керек дерек айдары

Жазира: Тұрмыста жеміс - жидек, көкөністерді жуу арқылы ластан, адам ағзасына зиянды микроорганизмдерден құтыла аласың. Саяжайда өсіп тұрған жемісті сабағынан үзіп алып, жумаған күйде жеудің өзі зиянды. Сенбесеңіз, сол жемісті шағын ыдыста аздаған сумен жуып, оны микроскоппен қарап көріңіз, ішінен адамның іш ауруын да, басқа да сырқаттарды туғызатын құж - құж қаптап жатқан құрттарды (микробтарды) көресіз.

Жансая: Жалпы, жеміс - жидектерден ауруға, түрлі зиянкестерге қарсы бүркілген түрлі улы химикаттардан жақсылап жуу арқылы ғана арылуға болады. Шетелден әкелінген жемістерді арнайы сабынды суда щеткамен жуып, соңынан таза сумен мұқият шаю қа-жет. Мамандар басқа мемлекеттерден әкелінген жемісті балаларға берер алдыңда 1 сағаттай салқын суға салып қоюға ақыл - кеңес береді. Сонда оның құрамындағы зиянды заттар суға шығады. Ал мұндай алманың қабығын мүмкіндігінше, аршып жеген дұрыс.

Ақерке: Жемістің дәрумендерін сақтап қалу үшін оны тот баспайтын пышақпен кеседі. Егерде қиярда сары дақтар көп болса, оны пайдаланбайды. Себебі, ол мұнда нитраттардың көптігін таныта
ды. Нитраттарды кетіру үшін қиярды бір күн тұзды суға салып қояды, бірақ та бұлай жасағанда оның дәрумендері жойылып кетеді.

Маханбет: Шіріген түгілі, сәл дақ түскен жемісті жеуге болмайды. Өйткені, кішкене бұзылса болғаны, кез-келген бақша дақылының өнбойында митоксин деп аталатын улы зат түзіледі. Ол зақымдаған тұсты ойып алғаннан жойылмайды. Сол жемісті, көкөністі қайнатып, қайнатпаға (варенье) айналдырса да әлгі улы зат кетпейді. Ал ол бауырды, жүректі зақымдайды, қатерлі ісікке себеп болады.

Ақмамық: Жеміс, көкөністі ашық күйде сақтауға болмайды. Олай жасаса, біріншіден, олар түсін, екіншіден, өздеріне тән дә-мі мен хош иісін жоғалтады. Сол себепті жеміс, көкөністі шыны ыдысқа салып, желім қалпақпен аузын жауып, мұздатқышта сақтайды. Кейбір көкөністерді (көк жуа, аскөк, т.б.) жақсылап жуып, дымқыл орамалға орап, кәдімгі жұқа қалтаға салып, мұздатқыштың астыңғы қаба-тына қойса, ол бірнеше күн сол күйінде сақталады.

Ас туралы мақал-мәтел сайысы.

Сыйлап берсе, суын іш.
Тату үйдің тамағы тәтті.
Піскен астың күйігі жаман,

Пасықтың көңілінің биігі жаман.

Сыйласқанның суын іш.

Аштың ақылы астан әрі аспайды.

Құлақтай ет жеп, қырмандай сорпа іш.

Ет - етке, сорпа - бетке.

Қойдың басы - құданың асы.

Арықтың сорпасында дәмі болмайды,

Ақылсыздың сөзінде мән болмайды.

Той тамағы - тәтті.
Ас қадірің тоқ білмейді.

Қарның ашса, қазан ас,

Ет болмаса, сазан ас.

Сазан тамақ емес пе,

Сазанды жұрт жемес пе.

Асы бар аяқ әдемі.
Шыбын да балға қонады.
тас-тасты жібітетін ас.

Асы бар аяқтан аттама.
Жаманнан жарты қасық ас қалар.

Нан- тамақтың атасы,

Ынтымақ-көптің батасы.

Ас - адамның арқауы.
Дастарқанда наны жоқтың, тамағының сәні жоқ.

Бауыр, шірін, бас тәтті,

Ағайынмен ішкен ас тәтті.

Ертеңгі асты тастама,

Кешкі асқа қарама.


Ынтымақты үйдің асы тәтті.
Ықыласпен берген су да ас.

Балық жеген бағысбас,

Жан-жағына қағыспас.


Қайнаған қара суда қасиет бар.

Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

Тамақтану ережесі
- 1. Асықпай тамақтану
- 2. Асты дұрыс шайнау
- 3. Жегің келмесе жеме
- 4. Тамақтану үшін жеу керек

Медбикеге сауалдар
Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру- олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.

Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет.

Тамақтану режимі және құрамы төмендегі проценттік қатынас негізінде жүруі қажет:

1

Таңертеңгілік ас

7.30 - 8.00

25%

2

Таңертеңгілік ас

11.00 - 11.30

10%

3

Түскі ас

14.00 - 14.30

35%

4

Түстен кейінгі ас

16.30 - 17.00

10%

5

Кешкі ас

19.00 - 20.00

20

Кері байланыс. «Кері байланысы бар бутерброд»



© 2010-2022