Өзін өзі тану. Ойын арқылы оқушылардың бойында адамгершілік қасиетін дамыту

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ойын арқылы оқушылардың бойында

адамгершілік қасиетін дамыту.


Балалық шақ - бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен ұстаздардың міндеті.Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын - балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.Бала ойын ойнағанда өмірде көрген-білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп, таным белсенділігі арта түседі. Мұғалім ойын ойнауға жағдай туғызумен қатар, баланың ойынға қызығушылығын, белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиісті. Бала өзара ынтымақтастық жағдайында ойынды өз қалауымен бастауы, не болмаса еркімен қатысуы аса маңызды. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық меңгергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. Әрбір ұстаздың мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай- ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологиялардың бір түрі - «Ойын арқылы оқыту» технологиясы. А.С.Макаренко: «Ойын-балалар өміріндегі өте маңызы зор нәрсе, үлкндердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады.» - деп балалар ойынын жоғары бағалаған. Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын - айналадағы дүниені, қоршаған ортаны танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде әр түрлі жағдаяттарды, кездесетін қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық, ойлау, тапқырлық қабілеттерін қалыптастырады. Ойын - балалардың шынайы ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, шығармашылыққа, белсенділікке, бір- бірін түсінуге, өзін -дамыуға мүмкіндік береді. Ойын - әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке баулиды, дайындайды. Ойынның бірнеше түрлері бар: қимыл-әрекеті, логикалық, ұлттық, грамматикалық, ддидактикалық, рөлді-сюжетті. Сабақ барысындағы, тәрбие жұмысы барысындағы тиімді қолданылған ойынның түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған тақырыбын, оқушылардың ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, төмендегі сыныптағы оқушылардың зейіні сабақтан гөрі ойынға беріліп тұрады. Ойын кезіндегі баланың психикалық ерекшеліктері өзгереді, олар ойланады, ерік қасиеті артады, эмоциялық әсері пайда болады, қиял елестері дамиды, белсенділігі артады. Сабақ барысында ойын түлерін дидактикалық әдіс түрінде пайдаланудың маңызы зор. Балалар ойын арқылы өзі өмір сүріп отырған белгілі бір қоғамдық ортадғы норма мен әркетті қабылдайды. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттермен өздері де ойын түрлері араласқан сабаққа зейін қойып, ынталаса түседі. Оқушылар сыныптастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта ойын түрлерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін дамытуға, бір-бірімен ақылдасып, тіл табыса білуге әсер етеді. Ойын қызметінің тағы бір ерекшелігі - оның өз әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар, ойын ұйымдастырушылар болып табылады. Олар жоғарыда айтылғандай, ойында өздеріне таныс өмір құбылыстары мен оқиғалар туралы білімдерін суреттейді. Оларға өздерінің қарым - қатынастарын білдіреді. Ойынның құрылымдық элементтері:

  • Ойынның түпкі ниеті;
  • Сюжеті немесе мазмұны;
  • Ойын әрекеттері;
  • Рөлдер;
  • Ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Бұл аталған элементтер өзара байланысты және ойында балалардың өзінше бір іс-әрекеті ретінде көрсетеді. Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор. Ойынға қойылатын талаптар әдістемелік талаптар:
  • Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.
  • Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
  • Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
  • Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
  • Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
  • Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
  • Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
  • Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.
Ұлттық ойын - оқушының салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылықтарын қалыптастырды. Ойында барысында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдері дамиды, артады. Еңбек ету барысында ұйымшылдық, жауапткершілік, парыздық сезімдер сияқты қасиеттер қалыптасады. Грамматикалық ойын - бағдарламадағы берілген материалды ұғуға көмектеседі. «Грамматикалық ойын» оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреуі керісінше. Сондықтан барлық оқушының білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау еркін шығармашылыққа жетелейтін, пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі. Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды. Коммуникативтік ойын - қатысушыларды күрделі адам қатынасының шынайы құрамына ендіреді. Кез-келген ойындық ұжым - ұжым. Ол әрбір қатысушы ойыншы мен көпшіліктің қарым-қатынасына сәйкес жүргізіледі. Егер ойын адамдардың қатынасы болса, онда әрекеттестіктен, өзара түсінуден, өзара жол берушіліктен тыс олардың арасында ешқандай ойынның болуы мүмкін емес. Дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызы құралы бола отырыа, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түседі, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлауын, зерделеуін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйрету, жүйке жүйесін дамытады. Сондықтан да ойын оқу-әрекетінде жетекші рөл атқарады. Дидиктакалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері: 1.Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ арқылы; қиындық-оңай жолмен; қажеттілер - қызық жолмен беріледі. 2.Ойын тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді. 3.Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «Не болар еді...?», «Мен не істер едім, егер...» деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен жағдаяттарды қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс тапсырмаларын белгілеуді талап етеді. 4.Ойын-жұмбақ.тар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарыннның болуында. Олар баланың ой-әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымының қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді. 5.Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалрдың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым - қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы-олар эмоционалдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады. Ойынның көңіл көтеру қызметі: Ойынның көңіл көтеру қызметі - бұл қандай да бір нәрсеге деген құштарлық. Ойынның көңіл көтеру қызметі белгілі бір ыңғайлы қалыптың, қолайлы жағдайдың қалыптсуымен байланысты. Ойын формасындағы оқыту басқа технологияларға қарағанда әртүрлі әдістемелерді пайдалануға мүмкіндік береді. 1.Қатынас жасау әдісі:
  • оқушылар тапсырманы бірлесе шешу арқылы қарым - қатынас жасауға үйренеді және бір-бірінің ойын қабылдауды үйренеді;
  • ортақ тапсырманы шешу үшін оқушылардың әртүрлі мүмкіндіктері пайдаланылады оқушылар іс жүзінде өз тәжірибелерінде ненің пайдалы екендігіне көздері жетеді; тез ойлантындардың, сыни бағалаушылардыңғ тыңғылықты орындаушылардың, тәуекелшіл достарының іс-әрекетіне куә болады:
  • ойын барысында бірлескен іс-қимылдың нәтижесі оқушылардың бір-біріне деген достығын нығайтады.
2.Моральдық мативтер:
  • ойында әрбір оқушы өзінің білімін, мүмкіндігін, мінезін, өзінің іс-әрекетіне, адамдарға деген көзқарасын көрсетеді.
3.Танымдық мотивтер:
  • әрбір ойынның жақын нәтижесі бар, оқушыларды бір жетістікке жетуге талпындырады және осы мақсатқа жету жолдарының қандай екендігін көрсетеді;
  • ойында әр топ та, жеке оқушы да бірдей дәрежеде. Ойынның нәтижесі тек қана ойыншыға; оның дайындығына, ұстамдылығына, қабілетіне, шеберлігіне, мінезіне байланысты;
  • жетістік жағдайы танымдық дамуына қолайлы эмоциональдық қалып туғызады. Сәтсіздік жеке жеңіліс болып қабылданбайды, ал ойындағы жеңіліс танымдық іс-әрекетке жағдай жасайды.
Ойында оқушылар өзара байланысты бірнеше мақсатқа жетеді. Бірінші мақсат - ойына алынған рахат. Бұл мақсатта қуаныш әкелетін кез келген белсендіоікке дайын болу. Екінші мақсат - қызметтік, ол ойын ережелеріне байланысты. Үшінші мақсат - ойынның шығармашылық мақсатын көрсетеді (шешу, табу, нәтижеге жету, т.б.). Ойынды ұйымдатырудың негізгі шарттары: - ойынға қатысу үшін балаларға ешқандай талап қойылмауы; - ойынның әсерлі дамуы; - ойын атмосферасын қолдауы; - ойындағы іс-әрекетті өмірдегі іс-әрекетпен байланыстыруы: мұғалімдер үшін ойындағы негізгі мақсатты балалардың шынайы өміріне кіргізуі; - ойынның жай түрінен күрделі түріне өту формасының жүзеге асырылуы; ойынның жеңіл түрінен күрделі түріне көшу ұғымы біртіндеп тереңдетілген әртүрлі ойын ережелері мен тапсырмаларының мазмұнымен байланысты - електеуден - ойынға қатысу, ойын қалпынан - ойын жағдайына. Ойынды басқара жүріп, мұғалім баланың жеке басының барлық жағына: оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды. Ойынды негізінен ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене мүшелерінің дұрыс қалыптастыру мақсаттары үшін пайдаланады. Мазмұны ойлай білуге құрылған ойын үрдісінде балалардың білімі мен түінігі айқындалып, тереңдей түседі. Қазіргі ізгілендіру заманында әрбір баланың өз мүмкіндігін, қабілетін, іскерлігін, ойлауын, барлық ойын барысында байқау қажет, сонда ғана білімге, ынтасын арттырып, еңбексүйгіштікке, білімге құштарлық қасиеттерін нәтижелі қалыптастыруға болады.
© 2010-2022