Туған ел. Сәкен Сейфуллин

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Туған ел. Сәкен Сейфуллин
Мақсаты: Өлең мағынасын ашу арқылы өзіндік ой - пікірі қалыптасады, туған елге деген сүйіспеншілігі артады.
Топпен жұмыс жасауға үйрену. Пәнге деген қызығушылығы артады. Тапсырманы түсініп, өз дәрежесінде орындай алады.

Міндеті:
-өткен материалды қайталау;
- тақырыпты игеру;
- оқушыларды тиянақтылыққа үйрету;
- оқушылардың үлкен топтарда жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
- тапсырмаларды орындауда өмірдегі білімі мен білетініне сүйену;
- оқушылардың жетістігін формативті бағалау; бірін- бірі бағалау.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес , Блум таксономиясы

Сабақтың типі : аралас

Сабақтың формасы : топтық ,жеке, ұжымдық
Көрнекіліктері: АКТ, слайд , бейнебаян ,суреттер, кесте , кітап көрмесі стикер, түрлі - түсті маркер, А3 т. б.

Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру .
Психологиялық дайындық
Ана тілің арың бұл...

Сергіту «Көңілді күн»

1.Білу.
II. Өткен сабақты пысықтау.

І топ 1.«Туған тілім» жатқа айту. 2. Эссе жазу «Мен үшін бақыт - ол ...»

ІІ топ 1. «Үш бақытым» жатқа айту. 2. Эссе жазу. «Қазақ тілім- байлығым»

Кері байланыс . Әр топ бірін- бірі смайлик арқылы бағалайды

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық
Мағынаны тану.
Ой қозғау. ( түрлі- түсті конфеттер тарату арқылы ұяшықтар таңдату)
*Біздің Отанымыз қалай аталады? ( қызыл конфет)
*Біз қандай облыста тұрып жатырмыз? Картадан көрсету. (сары конфет)
*Біздің тұрғылықты жеріміз ше? ( жасыл конфет)

*Риддер халқының саны қанша? ( көк конфет)

«Жігіттер» квартетінің орындауындағы «Туған ел» әнін тыңдата отырып, «Елге сәлем» бейнебаянын көрсету.

  • Ал, балалар әнді тыңдап , бейнебаянды тыңдай отырып қандай әсер алдыңдар, қандай ой түйдіңдер? (Оқушылардың ой- түйіндері тыңдалады.)

  • Олай болса, балалар туған елін, туған жерін жырламаған , жазбаған ақын- жазушылар жоқ шығар. Бүгін біз қазақтың көрнекті ақын- жазушыларының бірі С.Сейфуллиннің «Туған ел» өлеңімен танысамыз.

2.Түсіну.

ІV. Жаңа сабақ.

а)Оқушылардан С.Сейфуллин туралы білетіндері сұралады?
ә)«Білгенге маржан» өлең авторы С. Сейфуллин мұражайы туралы бейнебаян жіберіледі.

б) С. Сейфуллиннің өмірбаянымен таныстырылады.

Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) (1894 - 1938) қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ КСР - інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған.
Қарағанды облысы Жаңарқа ауданында дүниеге келген. Нілдідегі орыс - қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, қалалық үш класты училищеде оқыған.
1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» деп аталған тұңғыш өлеңдер жинағын бастырып шығарған. Омбыдағы қазақ жастарының «Бірлік» қауымы басшыларының бірі болған. 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен сабақ берген. 1918 жылғы сәуірде «Жас қазақ марсельезасын» жазып, 1 мамырда «Бақыт жолында» атты пьесасының беташар қойылымын көрсеткен.
в) Кітап көрмесімен жұмыс жасау. (Автордың шығармашылығымен таныстыру)
3.Қолдану.
V. Оқулықпен жұмыс.
*Өлеңді мәнерлеп, тізбектей оқу.

* «Еркін талдау» әдісімен өлеңді талдау
* Мақал- мәтелдер жарысы ( Әр топ туған ел ,жер ,Отан туралы білетін мақалдарын айтады.)

* Суретпен жұмыс

4.Талдау
YI. Топтық тапсырма.

І-топ Табиғат-ана бізге не береді?

ІІ- топ Табиғат-анаға біз не береміз? ( Постер қорғайды)

Топтар бір-бірін «Екі жұлдыз , бір тілек» арқылы бағалайды


YII. Қорытындылау.

5.Жинақтау

Ой- толғаныс.

«Сендер өскенде өз туған жерлеріңе қандай көмектеріңді тигізер едіңдер?»

6. Бағалау.

Рефлексия:

«Пікір ағашы»

  • Мен туған елімді сүйемін, өйткені....

  • Мен туған елімді қорғаймын, өйткені....

  • Мен туған елімді мақтан етемін , өйткені .....


YIII. Үйге тапсырма:
Туған ел туралы өлең құрастыру.
«Туған ел» өлеңін жатқа айту.
Үш өлеңді салыстыру.

Сабаққа талдау

3 «а» сыныбында 21 оқушы. 11ұл, 10 қыз. Оның біреуі психикалық дамуы тежелген. Сыныпта оқушылар бір-бірімен өзара тату. Бір-біріне көмек беруге әрқашанда дайын тұрады. Сабаққа дайындықпен келеді. Ата-аналар тарапынан көмек көрсетіліп тұрады.

Әдебиеттік оқудан білім сапасы 74% . Сабақ кестесі бойынша 2-сабақта өткізілген ашық сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллиннің «Туған ел» өлеңі. Сабақ мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес құрылды.

Сабақ тақырыбының алатын орны ерекше, өйткені өткен тақырыппен де, келесі тақырыппен де өте тығыз байланысты .

Сабақтың мақсаты: Өлең мағынасын ашу арқылы өзіндік ой - пікірі қалыптасады, туған елге деген сүйіспеншілігі артады
Міндеті:Топпен жұмыс жасауға үйренеді. Пәнге деген қызығушылығы артады. Тапсырманы түсініп, өз дәрежесінде орындай алады.
-өткен материалды қайталау;
- тақырыпты игеру;
- оқушыларды тиянақтылыққа үйрету;
- оқушылардың үлкен топтарда жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
- тапсырмаларды орындауда өмірдегі білімі мен білетініне сүйену;
- оқушылардың жетістігін формативті бағалау; бірін- бірі бағалау.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес , Блум таксономиясы бойынша құрылған

Сабақтың типі : аралас

Сабақтың формасы : топтық ,жеке, ұжымдық
Сабақ кезеңдері ретімен жүйелі ,бір-бірімен байланысты болды. Блумның 6 сатысы бойынша сабақ ретімен жүргізіліп , СТОТ- тың элементтерін қолдана отырып , оқушылардың білім дәрежесі, қабілеттері тексеріліп отырылды. Әсіресе қолдану сатысында оқушылар белсенді қатысты.

«Сиқырлы ұяшық» дидактикалық ойыны : түрлі конфеттер арқылы ұяшықтарды таңдау оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын оята түсті.

Үйге тапсырма оқушылардың шығармашылық деңгейін арттыру мақсатында берілді. Үлгерімі төмен Қадыл Дильназға үнемі жеңілдетілген тапсырма беріледі.

АКТ -ны қолдану , яғни слайдтар , бейнебаяндар көрсету оқушылардың сабаққа қызығушылықпен қатысуына көп септігін тигізді деп ойлаймын.

Сынып бөлмесі кабинет ретінде пайдаланылып, көрнекіліктер орнымен көрсетілді.

Оқушылардың әр кезеңдегі ынтасы , жұмыс істеу қабілеттері жақсы болып, өз ойларын жеткізе білді.

Дүниетану пәнімен пән аралық байланыс болды. Аймақтық компонент ретінде Риддер қаласы бойынша сұрақтар қойылды.

Уақыт үнемді пайдаланылып, сабақ дәл уақытында аяқталды. Сабақ толық мақсатына жетті.

Хамзаева Б.М.





«Шаңырақ » көпсалалы мектеп- гимназия коммуналдық мемлекеттік мекеме









Әдебиеттік оқу

3 сынып



С.Сейфуллин

ТУҒАН ЕЛ



Хамзаева Б.М.



Риддер қаласы.

© 2010-2022