Сабақтың тақырыбы: 1000 көлеміндегі сандар нумерациясын қайталау. Ауызша қосу және азайту тәсілдері. 3-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:1000 көлеміндегі сандар нумерациясын қайталау. Ауызша қосу және азайту тәсілдері.

Сабақтың мақсаты: 1000 көлеміндегі сандар нумерациясын қайталау, сандарды оқу, жазу,салыстыру дағдыларын бекіту; құрама есептерді шешу тәсілдерін қайталау: логикалық дағдыларын дамыту

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың бұл кезеңінде психологиялық дайындық жүргізіледі. Балалар партаға бастарын қойып,көздерін жұмып, мұғалімнің сөзін қайталайды:Мен мектепте сабақтамын. Мен қазір сабақ оқуды бастаймын.Менің зейінім артып келеді.Есте сақтау қабілетім мықты.Менің миым анық ойлайды.жұмыс істеуге дайынмын.

2.Тірек білімдерін белсендіру.

Мұғалім оқушылардан 2-сыныпта өткендерін еске түсіруді сұрайды.

-Осы оқу жылында математика сабақтарынан не үйрендіңдер, еске түсіруді сұрайды.

-Олай болса, былтырғы оқығандарың толық естерінде ме, соны тексеріп көрелік? Ол үшін бірнеше жаттығу орындаймыз

«Санда неше бірлік (ондық)бар?»ойын -жаттығуы.

Оның мақсаты: санның ондық құрамын анықтай білуге жаттықтыру. Мұғалім екі таңбалы және үш таңбалы санды атайды,ал оқушылар карточканың көмегімен неше бірлік немесе ондық немесе жүздік екенін (мұғалімнің тапсырмасына қарай) көрсетеді.

«Қандай сан жоқ?» ойын жаттығуы.

Мақсаты: сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту; оқушылардың зейінін дамыту. Тақтаға түсі, көлемі әртүрлі, әр бұрышқа шашыраңқы жазылған 20-дан 40-қа дейінгі сандары бар кесте ілінеді.

40

30

35

33

23

36

28

22

27

29

32

21

37

39

31

24

38

25

34

20


Көркем жазу минутына мынадай тапсырма беруге болады:1,2,3сандарын пайдаланып, екі таңбалы сандарды жаз (123,132,213,231,321,312).Неше сан жаздыңдар? Екі кіші сан санды ата. Екі үлкен сан ше? Бір ондығы бар,бір бірлігі бар, үш ондығы бар сандарды ата. Барлық осы сандарда қандай ұқсастық бар?осы сандарды қандай топтарға бөлуге болады?

Ауызша есепке 1-жаттығуды енгізуге болады. 2-жаттығу математикалық диктант түрінде жүргізіліп, соңынан текмеріліді.

3.Бекіту.Сандарды және өрнектерді салыстыру дағдыларын бекіту үшін оқушылар 3-жаттығуды орындайды (1-баған тақтада түсінік бере отырып орындалады, ал 2-ші және ші және 3- бағандар нұсқалар бойынша өз беттерінше орындалады.)

4. Өткен материал бойынша жұмыс.Құрамаесептерді шығаруға дайындық үшін математикалық диктант түрінде бірнеше емептерді шешіп, тек қана жауаптарын жазуды ұсынған жөн:

1) 3 «А» сыныбында 25 оқушы бар ,ал 3 «Б» сыныбында олардан7 оқушы артық 3 «Б» сыныбында неше оқушы бар?

2)Сыныпта 15 ер бала бар, ал олардан 4 қыз бала артық? Сыныпта неше қыз бала бар?

3) Сыныпта 12 ер бала және 13 қыз бала бар.с ыныпта барлығы неше бала бар?

4) Серікболдың портфелінде 6 оқулық бар, ал Айсәуленің портфелінде одан екі оқулық кем.Айсауледе неше оқулық бар?

5.Өздік жұмыс.№4(а) жаттығуда оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен есептің қысқаша жазылуын құрастырады.

ЕСабақтың тақырыбы: 1000 көлеміндегі сандар нумерациясын қайталау. Ауызша қосу және азайту тәсілдері. 3-сыныпр бала -13 және 3

Қыз бала-? 25 оқушы

-Есептің сұрағына жауап беру үшін нені білу керек? Сыныпта барлығы неше ер бала бар екенін біле аламыз ба? Қандай амалмен? Сыныпта наше ер бала және барлығы неше бала барын білсек, сыныпта неше қыз бала бар екенін білуге бола ма?Қандай амалмен орындалады? Неге азайту амалымен?

Осындай жан-жақты талдаудан кейін балалар есептің шешуін өз беттерінше таба алады.

№4(ә) жаттығуды балалар өз беттерінше орындайды.

№5 жаттығу есептердің тиімді тәсілдерін дамытуға бағытталған,оны тақтада түсіндіре отырып орындауға болады.

6.Сабақты қорытындылау.

№6тапсырманы үй жұмысы ретінде беріп №8 тапсырмаға ұқсас есеп құрастыруға болады.Мұғалім оқушылардан сұрақтарға жауап беруді сұрайды:

-Сабақтың мақсаты қандай болды?

-Сабақтағы тапсырмаларды орындай отырып, біз мақсатымызға жеттік пе?

-Сабақта не ұнады?

-Сабақта қандай тапсырмалар қиын болды?

-Бүгінгі сабақта орындаған тапсырмаларыңа баға беріңдер


© 2010-2022