АНА ТІЛІ 4 сынып С. Мұқанов Жылқы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

АНА ТІЛІ 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: С.Мұқанов Жылқы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жылқы малының пайдасын ұғындыра отырып, мәтінге талдау жасау.
Дамытушылығы: Жылқы малының ерекшелігін аңғарту, ұлттық ойындар туралы түсініктерін дамыту.
Тәрбиелігі: Ұлттық салт - дәстүрді құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі; Оқулық, әр бөлімнің суреттері, кесте, әр топтың жұмысын саралау бетшесі, үнтаспа, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: Музыка, дүниетану.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
* Ой дамыту жұмысы:
Кімнің ойы жүйрік?
1. Төрт түліктің ішіндегі ең әдемісі не?
2. Батырлардың серігі қалай аталады?
3. Ер қанаты - ---------------------
4. Қымыз ненің сүтінен дайындалады?
Бүгінгі сабақтың өту барысында сыныпты екі топқа бөлу және сабағымыз дода бөлімдерімен өтетінін хабарлау.

ІІ Жаңа сабақ
1. ОЙ ДОДАСЫ (оқушылардың ойын, түсініктерін анықтау)
Жылқы не үшін қажет?
*ЖАЗУШЫМЕН ТАНЫСАЛЫҚ
Бүгінгі өтетін тақырыбымыздың авторы жазушы Сәбит Мұқанов. Сәбит Мұқанов 1900 жылы Солтүстік Қазақстан облысында, Жамбыл ауданында туған. Қазақтың аса көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері. Оның «Өмір мектебі»,»Ботакөз»,»Ақ аю»,»Балуан Шолақ» т. б. көптеген шығармалары бар.
2. Мәтінмен танысу, оқу, мазмұнын әңгімелеу.



2. ТАНЫМДЫҚ ДОДА
Атпен ойналатын ойындар және спорттың түрлерімен таныстыру. Оның ішінде қазіргі кезде ойналып жүрген ойындар туралы әңгімелеу.
*ҚЫЗЫҚ ДЕРЕК
1870 жылы Семей облысында бір көтеріліс кезінде артта қалған жүздікке хабар жеткізу үшін бір жігітті жібереді. Бала жігіт 29 сағатта 300 шақырым жолды тынбастан шауып барып, қайтып келеді.
Сонда ат сағатына 10, 3 километр шауып отырған.

3. ҰҒЫМДЫҚ ДОДА (мәтінді талдау жұмысы)
1. Табиғат көрінісін тауып оқу
2. Жылқының аналық мейірімі айтылған тұсты оқу
3. Мақан жылқышының сөзін тауып оқу
Жаңа сөз. Тебінде - қарды теуіп, қар астындағы шөпті жеу.
Қос - көшіп қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай баспана.
Сергіту сәті (үнтаспа арқылы« Қаражорға» биі әуенін жіберу)
*КЕРЕК КЕҢЕС
Қымызды бие сүтінен ашытып дайындайды.
Дайындалу ерекшелігі мен сақталу мерзіміне байланысты уыз қымыз, саумал қымыз, түнеме қымыз, бесті қымыз, құнан қымыз болып бөлінеді

4. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДОДА
• Жылқы туралы эссе жазу
• Өлең жазу (өлеңнің ұйқас нұсқасы ұсынылады)
................................ құндызым,
................................ шабады.
................................ жұлдызым,
................................ қағады.
*МҰНЫ ДА ЕСКЕР ( мағынасы түсіндіріледі)
• Атжалын тартып мінді.
• Тоқым қағар.
• Ат - шапан айып төлеу.
• Атқұйрығын кесісу

5. ШЕШУШІ ДОДА ( әр топ өзінің ойын дәлелдеп айтады)
Жылқының пайдасы Ойыңды дәлелде
Жылқының еті
Жылқының қылы
Жылқының терісі
* МҰНЫ ДА БІЛГЕН ЖӨН
Тайжақы - құлынның немесе тайдың терісінен иленіп, астар салынған, көктемде және күзде киетін сырт киім.
Бүгінгі сабақ барысындағы әр топтың әр додадағы жұмысын қорытындылау, оқушылар білімін топ басшысы арқылы саралау және бағалау.

Үйге тапсырма
• Әңгімені түсініп оқу
• Мазмұнын айту
• Ізденіс жұмысы
• (жылқы малына байланысты ауа райын болжау

© 2010-2022