Музыка 2-сынып, сабақ әзірлемелері

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2-сынып, музыка

Тақырыбы: Күйге шешен - Қазанғап.

Мақсаты:

1. Білімділік: күй шежіре ерекшеліктері туралы түсінік беру. Түрлі сипаттағы музыканы тани білуге ынтасын арттыру.

2. Дамытушылық: Түрлі сипаттағы музыканы тани білуге ынтасын арттыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік.

Көрнекіліктер:күйші суреттері.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: күй шежіре ерекшеліктері туралы түсінік беру. Түрлі сипаттағы музыканы тани білуге ынтасын арттыру.

- Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

2. Тақырыпқа көшу кезеңі.

Тақтаға күйшінің суреттерін іліп, әңгімелеу.

3. Тақырыпты түсіндіру.

Қазанғап Тілепбергенұлы (1854-1921) Ақтөбе облысының Шалқар ауданы Ақбауыр деген жерде туып-өскен. Жасынан ән-күйгеқұмар болған. Оның күйлері өмірдің мәні мен сәні туралы, бүгінгі мен болашағы туралы толғанады.

Қазанғаптың «Құс қайтару», «Шыныаяқ тастар», «Майда қоңыр», «Өттің дүние», «Көкіл» сияқты күйлері бар.

4. Сабақты бекіту.

Оқулықпен жұмыс:

Оқулықтың 16-17 беттеріндегі суреттер бойынша әңгімелету.

Күй тыңдау

5. Сабақты қорыту.

Не білдік? Не үйрендік?

6. Оқушыларды бағалау.

2-сынып, музыка.

Сабақтың тақырыбы. Күйшілер керуені.

Сабақтың мақсаты: 1.Тақырып мазмүнын меңгерту. Күйшілердің өмірі туралы әңгімелеу.

2. Эстетикалық қызығушылығын арттыру, сөздік қорларын молайту, дүниетанымын кеңейту.

3. Өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабактың түрі: аралас.

Сабактын әдістері: баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау, ой түйіндеу, ой-пікірлерін білдіру.

Көрнекіліктер: күйшілердің суреттері.

Сабактың барысы:

1. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: күй шежіре ерекшеліктері туралы түсінік беру. Түрлі сипаттағы музыканы тани білуге ынтасын арттыру.

- Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

2. Тақырыпқа көшу кезеңі.

Тақтаға күйшінің суреттерін іліп, әңгімелеу.

3. Тақырыпты түсіндіру.

Күй атасы - Құрманғазы Сағырбайұлы жасынан ән-күйге әуестігімен көзге түседі. Алғашқы ұстазы Хан Базар күйшісі - Ұзақ. Есейе келе Құрманғазы домбырашылықты кәсіби өнерге айналдырады. Оның бүкіл өмірі әділетсіздікке, озбырлыққа қарсы күресте өтті.

Құрманғазы өзінің ыза-кегін домбырадан төгілген күйлері арқылы суреттейді. Сондай күйлерінің біреуі - «Адай», «Ақбай», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан». Бұл күйлерді тыңдап отырып, халықтың ерлігін, ат шабысының дүрсілді ырғағын естисің.

Күйшінің «Аман бол шешем, аман бол», «Ертең кетем», «Қайран шешем» күйлерінің музыкалық тілі адамның сөйлеутіліне өте жақын. Сонымен қатар әрі сазгер, әрі күйші Құрманғазы «Сарыарқы», «Балбырауын» күйлері арқылы туған жеріне деген сүйіспеншілікті, көңіл шаттығын, халықтың асқақ үнін жеткізе білген. Дина домбырашы болуға бала күнінен әуестенеді. Осыны байқаған Құрманғазы оған күй үйрете бастайды, талғампаздық етеді. Кейіннен Дина Құрманғазы күйлерін халық арасына кеңінен таратып, көпшіліктің көңілінен шығады. Динаның «Әсем қоңыр», «Бұлбұл», «Домалатпай», т.б. күйлері қазақтың аспапты музыкасының құнды қорында байқалған.

4. Жаңа білімді бекіту.

Ақындар туған жерге Отанға, анаға арнап өлеңдер жазса, күйшілер жақын адамдарына арнап күй шығарған. Мұндай күйді арнау күй деп атайды.

Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқы.

Құрманғазы Сағырбайұлының күйлерін тыңда.

Өлеңде домбыра туралы қалай жырланған?

Өлеңнің Ахмет Жұбановқа арналу себебі неде?

Домбыра аспабының қазақ халқы үшін мәні қандай?

Ақын домбыраны неге адамның жанымен теңейді?

5. Сабақты қорыту.

Құрманғазы Сағырбайұлы кім болған?

Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерін білесің?

Құрманғазы күйлері арқылы нені суреттейді?

Қазіргі кезде күйшілерден кімдерді білесің?

Дина Нұрпейісова кім? Қандай күйлерін білесің?

Динаның атақты күйші болуына кім әсер етті?

Күйлер тарихы туралы не білесің?

6. Үйге тапсырма беру.

Халық әндерін орындап жүрген қазіргі күйшілер жайында мәліметтерді біліп келу тапсырылады.

7. Бағалау.



















© 2010-2022