Математика 5 санымен таныстыру

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Опытное поле орта мектебі» КММ


Ашық сабақ


«5 саны»



Өткізген: Нуркасынова А.Б.

0 Қ даярлық сынып тәрбиешісі








2013 жыл

Тақырыбы: 5 саны.

Мақсаты:

1. Білімділік: 5 саны және оның құрамымен таныстыру, санау дағдыларын, салыстыру дағдыларын қалыптастыру

2. Дамытушылық: Оқушылардың математикалық білімін дамыту, өз беттерімен салыстыруға, қорытындылауға үйрету, есте сақтау, ойлау, зейін дағдыларын дамыту

3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, зейінділікке тәрбиелеу, еңбек етуге тәрбиелеу

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар, бізде қазір математика сабағы. Бізге көп қонақтар келіп отыр.

Психологиялық дайындық: Бала, бала, балақан,

Кәне, қайсы, алақан?

Саусақтарын әйбат,

Былай, былай ойнат!

Топ-топ басайық,

Алтыннан күн жасайық.

Жаса, жаса, Алтын күн,

Жаса, жаса, Жарқын күн.

Балалар кәне көрейік бүгін біздің көңіл-күйіміз қандай екен? Егер көңіл-күйлерін жақсы болса қызыл түсті суретті таңдап тақтаға жапсырасыңдар, ал егер көңіл-күйлерін жаман болса жасыл түсті суретті таңдап тақтаға жапсырасыңдар.

ММатематика 5 санымен таныстыруМатематика 5 санымен таныстыруені танисың ба?

Математика 5 санымен таныстыруМатематика 5 санымен таныстыруМатематика 5 санымен таныстыру

Оқушылар әр фигураны айтып, оларға сипаттама береді.

Тәжірибелік жұмыс: (үшбұрыш шаблоны)

-Біз қандай сандармен танысып едік?

-Кім тақтадан 1,2,3,4, сандарын көрсетеді.

-Алдарыңда ұшбұрыштар жатады.

4 үшбұрыш қойыңдар, тағы бір үшбұрыш қойыңдар

-үшбұрыш нешеу болды? (5)

-Қасына тиісті санды қойыңдар.

-5 үшбұрыштың ішінде неше рет 1 үшбұрышты қойдық?

Сергіту сәті:

Добым добым домалақ

Қайда кеттің домалап

Жүгіресін, секіресің

Шаршамайсын сен бірақ

Салыстыру: (Геометриялық фигура-жұлдыз)

2 қызыл жұлдызша, 3 көк жұлдызша қойыңдар.

-Қайсысы көп, қайсысы аз?

Математика 5 санымен таныстыруМатематика 5 санымен таныстыруМатематика 5 санымен таныстыруМатематика 5 санымен таныстыруМатематика 5 санымен таныстыру

Қызыл жұлдызша 1-еу болу үшін не істеу керек?

Көк жұлдызша 2-еу болу үшін не істеу керек?

-Ал барлығын біріктірсек неше жұлдызша көреміз?

Жұлдыздарды қайдан көруге болады? (аспаннан)

Жұлдыздар неше бұрыштан тұрады? Кәне санап көрейікші.

-Сонымен біз қандай сандармен таныстық?

Дәптермен, кітаппен жұмыс:

Кітаптағы суреттерді санату 1-5 сандарға байланысты.

Дәптердегі жұлдыздарды бояу. Саны аз жұлдыздарды қызыл түспен бояу, саны көп жұлдыздарды көк түспен бояу.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі

Кіп -кішкентай ағаштар,

Үп үлкен боп өседі.

Қорытынды:

Сонымен, балалар, бүгін қандай санмен таныстық?

5 саны қай саннан кейін келеді?

5санының алдында қандай сан тұрады?

5 дегеніміз неше?

(Алдарында 1 сары түсті бет жатады). Шығармашылық жұмыс.

- Сендердің алдарыңда сары түсті бет жатыр. Кәне, барлығымыз сол қолымызды көтерейікші? Ендеше сол қолымызды осы бетке беттестіріп, қарындаштың көмегімен бастырамыз.

Не шықты? (алақан саусақтары).

Осы бастырған суретімізді қиып алайық.

(Қауіпсіздік ережесін сақтаймыз).

-Балалар, қиылған зат неге ұқсайды? (Саусақтарға)

Саусақтар саны нешеу? (5-еу). Оң және сол қолдағы саусақтарды санату.

Сабақ соңында балалардың көңіл-күйін тексеру жақсы болса қызыл түсті жаман болса жасыл түсті суреттерді алып тақтаға жапсыру

Мадақтау:

Математика 5 санымен таныстыру

Математика 5 санымен таныстыру

Математика 5 санымен таныстыру

Математика 5 санымен таныстыру

Математика 5 санымен таныстыру

Математика 5 санымен таныстыру







© 2010-2022