Бейімделу үшін ең маңызды факторлар

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыптық жоспар.



1.Баланын балабақшаға бейімделуіндегі отбасының рөлі.

2.Бейімделу үшін ең маңызды факторлар.

3.Мектепке дейінгі балалар мекемесіне бейімделу барысын жеңілдету жөніндегі іс-шаралар.

4.Ата-аналарға арналған «Баланы мектепке дейінгі балалар мекемесіне дайындау» жадынамасы.





1.Бейімделу үшін ең маңызды факторлар. Баланың балабақшасына бару дегеніміз-оның бейтаныс жағдайға тап болуын білдіреді.Бұл міндеттердің күрделігі мектепке дейінгі мекемеге бару балада психикалық стрестің дамуымен ілесе жүретіндігіне әкеледі. Сондай-ақ мектеп дейінгі кіші жастағы балаларда құрдастарымен қарым -қатынасқа деген мұқтаждық әлі қалыптаспаған,ал бірлесіп ойнау дағдылары әлі дамымаған. Нәтежесінде балабақшадағы алғашқы күндер балада ауыр жағымсыз әсерлер қалдыратын жағдайлар болады, салдарынан ол әрі қарай баруға қарсылық көрсетеді- жылыйды, байбалам салады, тіпті психосоматикалық науқастанады. Баланын балабақшаға баруына табысты бейімделуіне отбасы үлкен рөл атқарады. Бірақ ата-аналар айғай-шусыз баланын балабақшасына мүмкіндігінше ауыртпалықсыз кіруі үшін мектепке дейінгі мекеменің психологы сізге қажетті ақпарат ұсынып, келесі сұрақтарға жауап беріп отырады. Баланы мектепке дкйінгі мекемеге қалай дайындауға болады? Баланың бейімделу сипаты және оныың өзгерген өмірі жағдайына деген әсерінің айқындылығы деңгейін келесі факторлар анықтайды: *Баланың жасы; *Жеке психологиялық ерекшеліктері; *Жүйке жүйесі үдерістерінің алдында болған жаттығудың болуы. *Баланың жас ерекшелік дамуы мен денсаулығы жағдайының деңгейі. Бейімделудің өсуін кейбір арнайы белгілер бойынша болжауға болатындығын зерттеу көрсетіп отыр. Ерте жастағы (0жастан 3жасқа дейін) бейімделу арасын, негізінен қолайсыз биологиялық факторлар (3жастан 6жасқа дейін) қатер факторларының ішінде шағын әлуметтік ықпалдардейді.Әлсіреген балалар мектепке дейінгі мекемеге қиын бейімделеді. Бастапқы кезде олардың созылмалы ауырулары асқынады немесе респираторларлық аурулары, баспа ауруы асқынады. Бейімделу кезіндегі соматикалықаурулардың себебі неде? Бұл бірқатар себептерге байланысты болуы мүмкін. Біріншіден, бейімделу кезеңінде болады қоршаған орта ықпалына деген сезімталдық пайда болады. Екіншіден,ауруға кету кез келген ағзаның баланың да, ересектің де,қорғаныш реакциясы болып табылады. Баланың қорғаныш күштерін барынша жұмылдыруың талап ететін дағдай да үнемі болуы, өзін-өзі реттеудің жаңа механмизмдерін қалыптастыруға арналған мүмкіндік бермейді. Баланың бөбекжайға барғанға дейінгі және олар мекемесіндебейімделу кезіңдегі медициналық-педагогикалық шаралары кешенін өткізу,оның жаңа жағдайлары жылдам бейімделуіне мүмкіндік дасайды және бейімделудің ауыр түрлерінің алдын алады. 2.Мектепке дейінгі балалар мекемесіне беймделу барысын жеңілдету жөніндегі іс-шаралар.

Баланы балабақшаға баруы үшін бірінші кезекте ата-аналар дайын болуы керек. Мектеп жасына дейінгі мекеменің дәстүрлерімен, ережелерімен, тәрбиелеу - оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, оларды қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік бере отыра, ата-аналарға «Ашық есік» күн өткізіп, топтарға саяхат жасап, балабақша жұмысынан көрініс көрсетіп, ата-аналармен әңгімелесіп, олардың алған әсерлерімен бөлісе отырып, туындаған сұрақтарға жауап бердік. Мектеп жасына дейінгі мекемелерде өткізілетін жиналыс ата-аналар қатынасының бірлігінің міндетті түрі. Мұндай жиналыстарда жалпы талаптар ұсынылады, балалармен отбасында: еңбек, адамгершілік, дене тәрбиесін ұйымдастыруға, балабақша өміріне бейімделуіне нұсқау беріледі. Балабақшаның ата-аналармен жұмыс жоспарында оларға психологиялық-педагогикалық білімді дамыту жағы көзделуі қажет. Олар үшін сұрақ-жауап кештері, «дөңгелек үстелдер», іскерлік ойындарды өткізу жұмыстары ұйымдастырылады. Ата-аналарға кеңес беру баланың даму мен тәрбиеленуінің, денсаулығын сақтауының накты жағдайларын талдауға көмектеседі. Кеңес беруді өткізгенде сенімді мағлұматтар жинап, белгілі бір отбасының баланы тәрбиелеудегі тәжірибесін пайдалануға болады. Кеңес беруді ұйымдастыруда ата-аналардын дайындық деңгейін ескеру маңызды. Бұл кеңес берудің түрін аныктайды. Жекелей кеңес беру екі жақтың да белсенділігіне байланысты болу керек. Мұндай кеңес ақыл, тілек, нұсқау беру түрінде өткізіледі. Топтық кеңес беру ата-аналармен арналған жұмыстардың түрі. Олар бірнеше отбасында бірдей қиыншылықтар туындаса немесе бірдей кызығушылықтары болса жүргізіледі. Топтық кеңес берудің мынадай тақырыптарын алуға болады: «Балалар ойынына талаптар», «Баланың дамуынын көрсеткіштері», «Тіл дамыту негіздері». Жыл бойына жүргізілетін жоспарларды ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі заман талабына сай ата-аналар өзекті мәселелерді, әртүрлі тақырыптарды өздері ұсына алады.
Бүгінгі жас отбасылар - еліміздің ертеңгі - рухани кемелдену дәрежесіне жету үшін ұлттық тәрбиенің де алар орны ерекше. Қазақстан мемлекеті үшін бар білімі мен қабілетін сарап ететін, елін, туып өскен жерін, тілін, халкынын тарихын, діні мен мәдениетін, жеке тұлға тәрбиелеу - жалпы жұртшылык, әкімшіліктер мен білім беру мекемелерінің басты міндеті.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына арналған Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне деген сүйіспеншіліктерін дамытуға тиіспіз және оларды қалыптастыру басты міндеттеріміздің бірі» деген сөзін басшылыққа ала отырып, балабақшада ата-аналардың катысуымен «Менің Қазақстаным» атты ұлттық тәрбие жұмысын жүргіздім. Мұндай шаралар аналардың және баланың бойына жақсы қасиеттерді қалыптастырады. Балалардың шығармаларын шындай түсу мақсатында «Біз бақытты отбасы» атты сайысын көрсету, қолөнер шеберліктерін, сауалнамалар, тестілеу тапсырмаларын орындау сияқты сайыс кезеңдерінен өте отыра өз бағаларын алды.
Отбасында өсіп келе жатқан ұл-қызға тәлім-тәрбие беру мақсатымен арнайы ата-аналарды балаларымен балабақша ауласын көгалдандыру іс-шараларына қатыстыра отыра, қоршаған ортаға, табиғатты сүюге, еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттырдық.
Абай атамыздың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» деген мақсатымен ата-аналарды балаларымен спорттық ойындар кешендеріне қатысуы жиі жоспарланып отырады. Себебі, ойындардың басты тәжірибелік мәні - болашақ ұрпақты жан-жақты дамытып, ой-өрісін өрбітеді. «Әкем анам және мен» атты спорттық жарыс өткізіліп, ата-анаммен балабақшаны бір-біріне жақындастырып, қиыншылықты бірге жеңіп, табысқа жетуге баулиды.
Отбасы педагогикалық процеске тарту, тәрбиеші жеке басына құрметпен, сеніммен қарауға итермелейді. Осы тұрғыда балалардың ата-аналарының үйлеріне бару, Бұл мақсата әртүрлі болуы мүмкін. Тәрбиешінің отбасына баруы, ата-аналарда тәрбиешінің жеке басы туралы көзқарастарын, оның балаларының қарым-қатынас тәсілдері мен әдістері жайлы түсініктерін қалыптастырады. Тәрбиеші сонымен қатар ата-аналардың нені кадірлейтінін, өмір жағдайы, психологиялық ахуалы туралы мәлімет алады. Осы мақсатта ата-аналарды топ өміріне тартып, әртүрлі бірлескен іс-әрекеттер түрлерін, мерекелер мен сауық кештерінің ұйымдастырылуы қажет.
Толық емес отбасында тәрбиеленіп жаткан балаларға ата-аналардың толық мүмкіншіліктері жетпей жатқанда, каржы мәселесін тұрмыстық мәселенің шешуін таба алмай, еңселері түсіп жүрген ата-аналарға психологиялық тұрғыдан көмек болатындай баяндамалар, кеңестер ұсынамын. Бұл отбасылардың өмірдің бастарына түсірген тауқыметіне қарсы тұра алатындай өмірге тез бейімделіп кетуіне себеп болады. Ұжымымызда әлеуметтік жағдайы төмен, қамқорлықтағы, көпбалалы отбасына көмек ұйымдастырылды. «Қайырымды болсаң өзгеге, шапағаты тиер өзіңе» акциясы ұйымдастырылды. Отбасы мен балабақша - бұл екі тәрбиелік феномен. Әрқайсының әлеуметтік тәжірибесі балаға берері бөлек. Алайда, екеуінің үйлесімділігі кішкентай баланың үлкен өмірге енуіне ыңғайлы ықпал жасайды. Ата-аналар және балабакшаның өзара қарым-қатынасының бірден қалыптасуы сирек кездеседі. Бұл ұзақ мерзімді процесс, таңдалған мақсатты ұдайы зерттеуі, шыдамдылықты талап етуші, ұзақ еңбекті қажет ететін еңбек. Сондықтан ұйымның өзара қарым-қатынасы өте киын жұмыс. Оның нәтижесі педагогтің шыдамдылығы және талапшылдығымен оның отбасында кәсіби көмекші болу іскерлігімен анықталады. Барлық бұл әрекеттер әрбір баланың ойлау және танымдық қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін, ең басты, оны жеке тұлға ретінде дамытуға бағытталады.

4.Ата-аналарға арналған «Баланы мектепке дейінгі балалар мекемесіне дайындау» жадынамасы.

Балабақша жағдайына ауыр бейімделудің себептері келесілер естерінізден шығармаңыз:

1.Балабақшамен сәйкес болатын тәртіптің отбасында болуы.

2.Балада ерекше дағдылардын болуы.

3.өзін ойыншықпен алдандыра алуы.

4.Қарапайым мәдени -гигеналық дағдылардың қалыптаспағандықтары.

5.Бейтаныс балалармен және ересектермен қарым -қатынастағы тәжірибенін болмауы.

Беймделу кезінде сіз баланызға мыналармен көмектесе аласыз:

  1. Мүмкіндігінше сіз баланың қарым-қатынас ортасын кеңейтіңіз осы арқылы сіз оның бейтаныс адамдар алдындағы қорқынышын жеңуге ,баланың назарын бөтен адамдардың әрекеті мен мінез құлқына аударуға,оларға дегенжағымды қарым -қатынас тудыруға көмектесесіз.



© 2010-2022