Математика сабағы: Ұзындықты өлшеу. Метр

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Ұзындықты өлшеу.Метр.

Мақсаты: Ұзындықты өлшеудің жаңа бірлігі метрді енгізу, оның көмегімен ұзындықты өлшеудің мән-жайымен таныстыру, ұзындықтың бірліктері м, дм және см-дің ара қатынасын тағайындау.

I.Ұйымдастыру сәті

Соғылды тағы қоңырау,

Қош келдіңдер сабаққа.

Қайталайық жаз бойы

Білгенің ұмыт қалмап па? ІІ.Тірек білім, білік, дағдыларды еске түсіру.

Ойын: «Тізбекті жалға»

Математика сабағы: Ұзындықты өлшеу.Метр.

III.Жаңа материалмен жұмыс.

-Сызғышты алып, олар жолақшаның ұзындығын өлшейді. Не айтасыңдар? 10см болатын іріленген ұзындық бірлігі қалай аталады? (1дм=10см)

Оқулықпен жұмыс

№2. Жолақшалар көмегімен мектеп тақтасының ұзындығын өлшейді. Осы мәселені шешу кезінде адамдар ұзындық бірлігі - метрді ойлап тапқаны айтылады.

1дм=10см

1м=10дм

1м=100см

№3. Оқушылар сынық сызықтардың ұзындығын өлшеп, дәптерге жазады.

-Сынық сызықтың ұзындығын өлшеу үшін не істейміз? (Қосамыз)

-Қандай қорытынды жасаймыз?

Сынық сызықтың ұзындығын табу үшін оның буындарының ұзындықтарын қосу керек.

2см+1см+2см+1см=6см т.с.с.

№5. Есепті нұсқалар бойынша шығарады. Салыстыра талдаудың нәтижесі алдыңғы сабақтарда көрсетілгендей графқа түсіріледі.

№6. Тақтада түсіндіріле отырып орындалады.

Рефлексия.

№4. Топтық жұмыс. Оқушылар 4 топқа бөлініп, ұсынылған тапсырмаларды орындайды. Өздері үшін жаңа сызықты анықтайды. (Сынық сызық)

Қорытындылау.

-Бүгін қандай өлшем бірлігімен таныстыңдар?

-Естеріңде не сақталды?

-Сынық сызықтың ұзындығын қалай өлшейді?

-Осы білім өмірде қажет бола ма?

Үй тапсырмасы. 9-бет. №6 (ә)



© 2010-2022