Елбасы-ел мақтанышы Тарбие сағаты 2-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Елбасы - ел мақтанышы

Мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, суреттер,

Барысы: Үнтаспадан «Елім менің» (әні естіліп тұрады)
Балалар. Қазақстан Республикасының Ата Заңының 3 бөлім 40 - бабында Президент туралы былай делінген.
III БӨЛIМ
ПРЕЗИДЕНТ
40-бап

1. Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.
2. Республиканың Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.
3. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi

«Миға шабуыл» оқушыларға сұрақтар қойылады.
- Біздің президентіміз кім?
- Н. Ә. Назарбаев
Біздің Президентіміз -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі - машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел - ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

Елбасы десек тәуелсіздік, тәуелсіздік десек Елбасы ойға оралып,нұрлы бейбіт,бақытты күндеріміз алтын сәулесін шашады.Олай болса «1-желтоқсан-тұңғыш Президент күні»баршаңызға құтты болсын.

1-Жүргізуші:

Қазақтың жетті әлемге алғаш үні.
Дүниенің төрт бұрышы түгел көрді,
Төрінде көш бастаған Елбасыны.
Ежелде елтұтқалар ел орнатқан.
Ұласқан ұрпағына олар мақтан.
Елбасы- қасиетті аталы сөз,
Мазмұны, мағынасы терең жатқан.

2-Жүргізуші:

«Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын.Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа,мені ұлым деп,перзентім деп төбесіне көтерген халыққа,арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты-толық-қанды,тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйрытқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ,осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді,білім-білігімді аямай жұмсаймын,қандай да тәуекелге барамын....»
Нұрсұлтан Назарбаев.

1-Жүргізуші:

Уа. Жұртым, шартарапқа шарықтадың.
Бұл әлем қашан тұтас біліп еді,
Қазақтай жер бетінде халық барын.
Әр сөздің астарына осы арада,
Ағайын ой жіберіп жете қара.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында,
Тұлғасы Елбасының жеке дара!
Көк байрағы,Елтаңбасы,бірлігі,
Шалқи берсін Әнұраны қазақтың!
Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.

2-Жүргізуші:

- Неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі 1 желтоқсанда аталып отыр?
Өйткені 1991 жылы 1-желтоқсанда жалпыхалықтық саулау өтті. Нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 98,7 басым дауыспен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып сайланды.
1 - оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты
Жұбайы - Сара Алпысқызы. Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады. Елбасымыздың үш қызы бар:
Дариға-саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ «Хабар»ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы,Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Динара - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады.
Әлия - «Элитстрой» құрылысын басқарады (Мұғалімнің толықтыруы және суреттер көрсету)
2 - оқушы: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург - жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.(слайд)
3 - оқушы: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
4 - оқушы: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
5 - оқушы: 1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

1-Жүргізуші:

Елбасы - туған халқын, туған жерін, даласын жанындай сүйетін адам.. Мемлекеттік жоғары лауазымдағы қызмет бос уақыт қалдыра бермейді. Алайда жұмыс арасындағы сирек үзілістерді Нұрсұлтан Назарбаев өзі үшін әрі демалыс, әрі көңіл сергіту саналатын сүйікті істеріне арнауға тырысады. Ол - табиғат аясында болу, спортпен шұғылдану, музыка тыңдау және кітап оқу. Мұны сөзі мен де, ісімен де, шығармашылығымен де дәлелдеп келеді Елбасының «Жан шуағы» атты жыр жинағындағы халқына арнаған өлеңінде:

Тәуелсізбін! Бар ма мұң?
Тәләйлі болсын талғамың!
Өркені өссін қазақтың,
Осы - менің арманым!

Күн тұрғанда тұратын,
Жұрты сайран құратын
Қала болсын Астана,
Осы - менің мұратым!

О, Ақорда, Ақ шатыр,
Ұлысыма бақ шатыр.
Баянды болсын Азаттық!

Осы - менің мақсатым!

Халқым - менің тірегім,
Құрбан жаным, жүрегім!
Атымыз озсын бәйгеде,
Осы - менің тілегім.

2-Жүргізуші:

Сондай - ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Ол кісінің «Елім менің» және «Үшқоңыр» әндері бар. Бұл әндердің сөзі Н. Әбішұлыныкі екенін біз мақтанышпен айтамыз.

«Үшқоңыр» әнін тыңдау.

1-Жүргізуші:

Өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен айтуға болады. «Ел - Елбасына тірек, Елбасы - елге қалқан. Бұл - бүгінгінің шындығы. Нұрсұлтан Назарбаев десе - Қазақстан; ал Қазақстан десе - Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан толық аңғаруға болады.
2-Жүргізуші:

Сонымен қатар, «Қазақстан - бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға - елдің тұғыры, Тұлға - елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Н. Ә. Назарбаев - осындай тұлға.»

Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам.
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға - біздің ұлы адам.

Міне осындай егеменді еліміз,
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз еріміз.

Халқым айтқан ел көтерер жер даңқын,
Елім айтқан жер көтерер елдаңқын,
Президентім аман болғай ел басы,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым.

Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құт болсын «нұрлы жолы» Нұр ағаның.

Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады,
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам..


Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар - бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Ән: «Казақстаным менің» Табылды Гүлімай

1-Жүргізуші:

: Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.

Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән: «Көк тудың желбірегені!»

© 2010-2022