Ана тілінен сабақ жоспары Ақ бұзау (1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілі

26.01.16.

Сабақтың тақырыбы: «Ақ бұзау.» Жуан дауыстылар:а,о,ы,ұ.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өлеңді шапшаң, мәнерлеп оқуға

төселдіру, жуан дауысты дыбыстарды

ажырату,әдемі,таза, сауатты жазуға

дағдыландыру.

Дамытушылық:Сөйлеу тілін, ой-өрісін дамыту.Берілген сұраққа

Тиянақты жауап беру, тіл байлағын, сөздік

қорын молайту ,танымдық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мәні:Үй жануарларының пайдасын білуге, оларға қам-

қорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Деңгейлеп саралап оқыту.

Сабақтың әдісі:Сұрақ -жауап беру,түсіндіру,өз бетімен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі:Төрт түліктің суреті, тірек сызба,ашық журнал, плакаттар,сүттен жасалған тағамдар.

Пәнаралық байланыс:Дүниетану, бейнелеу,өзін өзі тану.

Сабақтың барысы:

І.Үйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.Шаттық шеңбер.

Хормен окушылар айтады:Кундей жадырап,

Жұлдыздай жарқырап, Таңдай арайлап,

Судай мөлдір таза көңілмен, Сабағымызды бастаймыз.

Ауа райына назар аудару:1. Балалар бүгін ауа райы қандай?-

Тамаша, ашық.

2. Қандай мезгіл?

ІІ. ТОПКА БОЛУ: І. Желтоқсан -тобы

ІІ. Қаңтар -тобы

ІІІ. Ақпан - тобы

ІІІ. Тапсырма беру:

1.Топ-

1. Түйе қандай жануар?-үй жануары.

2. Түйе атасын қалай атаймыз ?-Ойсылқара.

3.Түйенің төлін ата? -бота

4.Түйені қалай шақырамыз? - көс-көс

5.Түйе туралы тақпақ кім айтады?

ІІ-топ:

1.Жылқы атасы кім?-Қамбарата.

2.Жылқы төлін калай атайды?-Құлын.

3.Жылқы қалай дыбыс шығарады?-кісінейді

4.Жылқы қандай жануар?-мықты жануар,ата- бабамыз көлік ретінде пайдаланған,тойда жарысқа шығарған т.б.

5.Жылқы не береді?-қымыз,ет.

ІІІ- топ:

1.Қой калай дыбыс шығарады?-маңырайды (мә-мә)

.

2.Қой атасын ата?-Шопаната.

3.Қой төлін қалай атайды?-қошақан.

4.Қойдын жүнінен не истейді?-бас киім,қолғап, жемпір,шұлық тоқиды,киіз басады.

5.Қой қай мезгілде төлдейді?-көктемде.

ІV. Қосымша сұрақ: Мақал-мәтел ,тақпақ төрт түлік туралы айтайық-

Тақпақ:Сираж,Олжас,Али,Ару.

1. Ат- адамның қанаты-Сымбат

2. Сиыр сүті тілінде.

3. Нар-түйеден,Тұлпар-иеден.-Ақтілек

4. Құтты қонақ келсе.Қой егіз табады.-Ернар

V. Жаңа сабақ. Ой қозғау

1.Алфавитте неше әріп бар? (42 әріп бар) І-топ

2.Сөз неден құралады?(дыбыстан) ІІ-топ

3.Дыбыстар немен таңбаланып жазылады?(әріппен)ІІІ-топ

4.Дыбыс өзінің айтылуына қарай нешеге бөлінеді?(екіге бөлінуі,дауысты

және дауыссыз)

5.Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?-(жуан және жінішке)

6.Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?- қатаң,ұян,үнді.

Сергіту сәті

VІ. Жаңа сабақ:

Жуан дауыстылар: а,о,ұ,ы.

Қозы, лақ,құлын,бұзау- сөзде жуан дауысты дыбыстар болса,сөзде жуан айтылады.

Екі айнасы бар,

Екі найзайсы бар,

Сыртылдаған тұяғы бар,

Бір желпуіш сияғы бар( cиыр).

Слайдпен жумыс сұрақ-жауап беру.

Оқулықпен жұмыс: жуан дауыстылар:а,о,ұ,ы,ережені қайталау.

Сиыр

Мінезім жайлы -сиырмын,

Байлығымын бір үйдің.

Сырымды менің ұғып ал :

Етім- дәмді,сүтім-бал.

Мұғалім:мәнерлеп оқып түсінік беру.

Дәптермен жұмыс: Көркем жазу:Кк кілегей,

1.28-жаттығу,көшіріп жазу.

2.29- жаттығу ,жуан дауысты дыбыстарды теріп жазыңдар.

Айран,қаймақ,май,құрт.Сөздік жұмыс кілегей-ол не?- шікі сүттін бетіндегі қаймағы.

Сергіту сәті

VІІ.Сиырдың төлін қалай атайды?-Бұзау.

Ақ бұзау.-Жақан Смақов.

Слайдпен жұмыс: ақынның өмір баянын қысқаша түсіндіріп кету.

Мәнерлеп оқып беру -«Ақ бұзау»өлеңді және түсіндіру.

VІІІ.Оқулықпен жұмыс.Сұрақ-жауап беру,оқушылардың ой, пікірін тыңдау.

Тізбектеп оқыту:

Видео ролик ферма-корсету.

Сәйкестендіру тесті:Сүт,айран,құрт,ірімшік,балқаймақ,шубат,қымыз.

ІX.Сабакты қорытындылау:

1.Сиыр атасын қалай атаймыз?-Зеңгібаба.

2.Сиыр төлін қалай атаймыз?-бұзау

3.Сиырдың сүтінен не дайындайды?-айран,құрт,ірімшік,май,қаймақ

4.Жуан дауысты дыбыстарды ата?-а,о,ұ,ы

X.Бағалау.

Уйге тапсырма беру. Мәнерлеп оқып келу «Ақ бұзау»жуан дауысты дыбысы бар он сөз жазып келу.

Жүректен-жүрекке.Әр бала бір-біріне тілек айтады.



© 2010-2022