Сабақ жоспары. Тақырыбы: І дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

І дыбысы мен әрпі

Мақсаты

Білімділік: І і дыбысы мен әрпін таныту; І і әрпі және і әрпі бар сөздерді оқып, жазып үйрету, сонымен қатар, өз тілінің қадір-қасиетіңмен, тіл туралы, кітап туралы мақалдармен танысып, түсінік алады.
Дамытушылық: І дыбысына қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту;
Тәрбиелік: Сауатты, көркем, таза жазуға тәрбиелеу;
Типі: жаңа білімді игеру.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, көрнекілік;
Көрнекілігі: І і әрпінің жазба және баспа түрі, буындар, сөздер, кеспе әріптер, суреттер, интерактивті тақта;
Пәнаралық байланыс: дүниетану, еңбекке баулу, бейнелеу өнері, музыка

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

. Қар жауғанда орманға барсаң, қардың беті толған жазу. Ол жазуды кез - келген адам оқи алмайды. Ол жазуды ормандағы аңдар мен құстар жазады. Ол не жазу? (Із)
Алыстан түлкі кетіп бара жатыр еді, кенет жоқ болып кетті. Ол қайда кіріп кетті екен? (ініне кірді)
- Із, ін сөздерінде қандай дыбыс естіп тұрмыз?
- І і дыбысын дыбыстап көрейік. «і» дыбысын әндетіп айтып көрейік.
А - а - а - а - а - а - а
Ә - ә - ә - ә - ә - ә - ә
О - о - о - о - о - о
І - і - і - і - і - і - і - і - і
Ендеше дауыстылар қатарына тағы бір дыбыс қосып, оған қызыл көйлек кигіземіз.
Дыбыс пен әріп айырмашылығын еске түсіру.
Дыбысты айтамыз, естиміз.
Әріпті жазамыз, көреміз.
Ендеше, І і дыбысының әріп таңбасымен танысайық. («І і»әрпін көрсету.)
- Оқушылар, і әрпіне л, ш, т, с, н әріптерін қосып, сөз құрайық.
Іш, іс, тіс, іні, ін, тіл

Мағынаны тану

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Сурет бойынша әңгімелеу. (Ормандағы аңдар ізі)
Мақалдармен жұмыс(мазмұнын ашу)
Бірлік болмай,
Тірлік болмас.
Кітап - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
Дәптермен жұмыс.
А) «І і» әрпін жазып үйрену;
Ә) Көшіріп жазу;
Ы - і дыбыстарының ұқсастығы мен айырмашылығын ажырату.
Бекіту.
- Бүгін біз қандай дыбыспен, әріппен таныстық?
- І дыбысымен.
- І дыбысы қандай дыбыс?
- Дауысты.
- Дыбысты біз не істейміз? (естиміз, айтамыз)
- Әріпті біз не істейміз? (оқимыз, жазамыз)

Үйге тапсырма

Жазу дәптерімен жұмыс

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Сабақ жоспары. Тақырыбы: І дыбысы мен әрпі Сабақ жоспары. Тақырыбы: І дыбысы мен әрпі

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



© 2010-2022