Конспект урока по казахскому языку «Қазақстан – біздің Отанымыз»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы

Степногорск қаласының

А. П. Гайдар атындағы

№8 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Кайрсламова М.К. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан - біздің Отанымыз Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, оқушыларды дұрыс сөйлеуге баулу, сөздік қорын байыту, негізгі мақсатқа жету.
  2. Оқушылардың бойында Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне деген мақтаныш сезімдерін ояту.
  3. Оқушылардың білімдерін тақырып бойынша тиянақтау.
Сабақтың көрнекілігі: Сабақтың әдіс-тәсілдері: 1. Талдау әдісі 2. Жинақтау әдісі Сабақтың барысы:
  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Психологиялық дайындық.
  3. Фонетикалық жаттығу
«Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Бұл сұраққа жауапты «Сенің Отаның» деген өлеңнен табамыз. Отан-сенің ата-анаң, Отан-досың, бауырың. Отан-өлкең, астанаң Отан-аудан, ауылың.
  1. Оқушылар, бұл өлеңді кім мәнерлеп оқып береді.
  2. Бұл шумақтан «Отан» деген сөзді алып тастаймың.
  3. Әр жолдан бір сөзден алайық.
  4. Кім бұл өлеңді толық айтып бере алады.
  1. Сөздікпен жұмыс
1. а) Сөз тіркестерді суретпен жұптастырыңдар. ә) Сөздерді мағынасына қарай байланыстырыңдар. Мемлекеттік тіл Қазақ тілі Елбасы Н. Ә. Назарбаев Рухани астана Түркістан Елорда Астана Ұлттық ақша Теңге Құрлық Еуразия 2. Сұрақтардың жауаптарын табыңдар. 1. Қазақстан қай құрлықта орналасқан? Қазақстан Еуразия құрлығында орналасқан. 2. Қазақстанның қандай қалаларын араладыңдар? Қазақстанның Астана, Көкшетау, Алматы қалаларын араладым. 3. Қазақстан қандай елдермен көрші орналасқан? Қазақстан Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркменстанмен көрші орналасқан. 4. Қазақстанның қандай атақты жерлерін білесіңдер? Атақты жерлері Түркістан, Отырар, Көкшетау.
  1. Графикалық диктант.
  1. Тудың көгілдір түсі ненің белгісі?
  2. Гүлдей бер, туған жерім!
  3. Өркениетті ел болу үшін аянбай еңбек етуіміз керек.
  4. Елбасы әрбір азаматтан салауатты өмір салтын күтеді.
  5. Сендер қалаға шұғыл жетіңдер!
  6. Ең көне ту қай мемлкеттен табылған?
  7. Астана-болашағы үлкен қала.
  8. Туға құрмет-елге құрмет!
  9. Отан неден басталады?
  10. Астана қаласына ертең барыңдар!
  1. Сергіту сәті.
Ал, енді балалар, көздерімізді жұмып, зейін қойып, мұқият музыканы тыңдайық. Не елестетіңдер? Биік таулар, ну орман, құстар, жан-жануарлар, өзендер мен көлдер, даланың аңқыған жұпар иісі елестеді. Қандай сезімде болдыңдар? Кең байтақ туған елім, жерім, кең даланың жазық жері менің бойымда қуаныш, шаттық сезімін оятады. Мен осындай жерде тұратынымды мақтаныш етемін. Осыны көрген адам еш уақытта ұмыта алмайды. Біз жер шарының осындай сұлу, бай өлкесінде тұрамыз. Ол біздің-Отанымыз.
  1. Берілген сөйлемдердің дұрыс-бұрысын тексеріңдер.
  1. Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы.
  2. Қазақстанда қазақтар ғана тұрады.
  3. ҚР 1990 жылы тәуелсіздік алды. (16 желтоқсан 1991 ж)
  4. ҚР-ның астанасы - Алматы қаласы
  5. Елімізді бүкіл Дүние жүзі таниды.
  6. ҚР бес елмен шекаралас орналасқан.
  7. Еліміз пайдалы қазбаларға өте бай.
  1. Сөйлемдерді дұрыс құрастырып, жазыңдар.
  1. Бүгінде әйгілі, аты, Астананың, әлемге.
  2. Астана, орналасқан, қаласы, аймағында, Қазақстан, Солтүстік.
  3. Бас, біздің, Астана, қаласы, мемлекетіміздің.
  4. Салынып, мұнда, әсем, ғимараттар, зәулім, жатыр.
  5. Және, орталыққа, Астана, іскерлік, айналды, мәдени.
  1. Оқулықпен жұмыс.
25 бет 264-жаттығу. Берілген жай сөйлемдердің сөйлем мүшелеріне сұрақ қойыңдар. Әр сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне қарай топтап жазыңдар. Бастауыш Біз, Отаншылдық, ол, намыс, мен Баяндауыш болуымыз керек, басталады, құрметтейді, болады, келтіремін Анықтауыш отаншыл, сыйлаған, көп Толықтауыш әке-шешесін, балада, әке-шешесін, пайда, Отаныма Пысықтауыш өз үйіңнен

  1. Сұхбатты толықтырыңдар. Жауабына қарап сұрақ қойыңдар.




Балалар, өткен тақырыпты пысықтай отырып, келесі тапсырманы орындаймыз.
  1. Сөйлемдерді мағынасына қарай анықтаңдар.
Қазақстан Астана Мемлекеттік рәміздер Осыған байланысты сөйлемдерді мағынасына қарай ажыратып, осы сөздердің астынан белгілеңдер.
  1. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр.
  2. Еуразия құрлығындағы ең үлкен мемлекттердің бірі.
  3. 1992 жылы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданды.
  4. Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан.
  5. Шетелдік мамандар жоғары баға берген.
  6. Шығыс пен Батысты жалғастыратын алтын көпір.
  7. Іскерлік және мәдени орталық.
  8. Әлемдік каталогқа енген.
  9. Олардың әрқайсынысының мәні, өз орны, тарихы бар.
  10. Менің туып өскен-жерім.




Сабақты қорыту. Ал, балалар бүгінгі сабағымызды қорыта келгенде, «Елдің, бәрі жақсы, өз елің бәрінен де жақсы» деген. Сондықтан туған жерімізді әрқашан мақтаныш етейік. «Туған жердің жері де көрікті, Елі де сүйікті.»

Үйге тапсырма беру. Оқушыларды бағалау.

Таратылатынтапсырмалар

№1

?

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының түсі - көгілдер.

Тудың ортасында не орналасқан?

.

?

Күннің астында қыран бейнеленген.

Туда тағы қандай бейнелер бар?

.

?

Ені - 1,5 метр, ұзындығы - 3 метр.

Тудың авторы кім?

.

№2

Бос орынға керекті сөздерді қойып көшіріндер


  1. Қазақстанның ... 16 млн адам.

  2. Қазақстанның ... 2 717,3 мың ... шақырым.

  3. Қазақстан ... Азияда ....

  4. Теңге - Қазақстанның ... ақшасы.

Керекті сөздер:

ұлттық, халқы, шаршы, орналасқан, жер көлемі, Орта

№3 Графикалық диктант.

  1. Тудың көгілдір түсі ненің белгісі?
  2. Гүлдей бер, туған жерім!
  3. Өркениетті ел болу үшін аянбай еңбек етуіміз керек.
  4. Елбасы әрбір азаматтан салауатты өмір салтын күтеді.
  5. Сендер қалаға шұғыл жетіңдер!
  6. Ең көне ту қай мемлкеттен табылған?
  7. Астана-болашағы үлкен қала.
  8. Туға құрмет-елге құрмет!
  9. Отан неден басталады?
  10. Астана қаласына ертең барыңдар!




5



© 2010-2022