Конспект открытого урока по математика на тему 23 саны және цифры

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы білім басқармасының " Көкшетау қаласы, ақыл-ой бұзушылықтары мен психикалық дамуы кеш балаларға арналған №1 облыстық арнайы түзету мектеп - интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Ашық сабақ

  1. сынып

математика

2 саны және цифры



Өткізген: Нұрышева Ж.Н.



Көкшетау -2013 жыл






Математика

Сабақтың тақырыбы : 2 саны және цифры.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың математикалық ойлауын дамыту. 2 санымен таныстыру. 2 санының пайда болуы және оның құрамымен таныстыру. 2 көлемінде қосу, азайту амалдарын орындау. Есеп құрастыру . 2 цифрын жаза білуге үйрету.

2.Жаңа сөздермен таныстыру арқылы балалардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, логикалық ойлау қаблеттерін , есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.

3. Балалардың сабаққа деген ынтасын арттыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: суреттер

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

- Балалар қазір математика сабағы. Ал енді құрал-жабдықтарымызды түгендеп, түзу жэне тыныш отырайық. Психологиялық дайындық:

Күннің нұры шуақты,

Сергітеді денемді.

Құрдастарым сияқты,

Оқушымын мен енді.

Дем алу жаттығуы:

  1. жаттығу-Бастапқы дене калыпты: тік тұру, басты тік ұстау, аяқ ұшы және өкше бірге, қолы еркін төмен жіберіледі. … Дем алу еркін. 3-4 рет қайталау керек.

  2. жаттығу-

  3. Қолға, алып шарды,

Үрлеймін мен былай.

Уф-ф-ф,

Үрлеймін деп қатты,

Жарып алдым шарды.

Пах.

Моторикаға арналған жаттығу

«Жұмырдық, қыр , алақан»

Пропедевтика : Білімді еске түсіру.

-1-10 дейін санау , кері санау

-«Жасырын» ойын

Балардың алдында геометриялық фигуралар. Мұғалім жасырын сөзін айтқанда балалар сол геометриялық фигураны жасыру керек.

Мысалы: үшбұрыш жасырын.

-« Жартысын тап»

Жаңа сабаққа біртіндеп көшу. Жаңа сабақ

Практикалық жүмыс.

  1. Магниттік тақтада заттық суреттер қойылған. Мысалы: бір алма, екі алмұрт, екі сәбіз , бір өрік, бір қауын , екі жидек.



  1. - Бұл заттарды қанда екі топқа бөлуге болады? (Учащиеся могут предложить различное деление, учитель должен остановиться на делении на группы по количеству предметов.)

  2. - Бұл заттарды мына топтарға орналастыр:

1 алма 2 алмұрт

1 өрік 2 сәбіз

1 қауын 2 жидек

( балалар суретті тақтада орналастырады.)

4.- Бірінші топтың заттары туралы не айтуға болады? ( олар бір- бірден)

5. - Екінші топтың заттарының арасында қандай ұқсастық бар? ( олар екі- екіден.)

6. - Енді балар алдарыңдағы суретті карточкалармен бірінші топты толықтырыңдар . Олар екеу болатындай болсын.

Екі санымен таныстыру.

Слайд 1

- Суретте неше бәтеңке бар? ( екеу )

- Неше қолғап ? ( екеу.)

- Суретте неше етекше? (екеу.)

- Суретте неше шұлық ? (екеу)

Балар бұл суреттерде барлығы екі- екіден.

- Екі санын қалай жазуға болады? ( 2 цифрының көмегімен.)

Екі цифрымен таныстыру және 2 цифрын жазу.

Слайд 2

Слайдта 2 цифрының үлкейтілген үлгісі шығарылады.

- Екі цифры сендердің ойларыңа нені түсіреді? Ол неге ұқсайды?

Слайд 3

Аққудың мойнына

Балар енді 2 цифрын дәптерімізге жазып көрейікші. Жазбастан бұрын сергіту сәтін жасап алайық.

Сергіту сәті

1 дегенде тұрайық,

2, 3, 4 - алақанды соғайық,

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз жүгіріп алайық.

5 дегенде асықпай,

Орнымызды табайық.

Дәптермен жұмыс

  • Балаларға екі цифрының жазылуын түсіндіру.

  • Баларға ауада жазуды ұсыну.

  • Екі цифрын тесілген қағаздардан жазу

Дәптерге 12 цифрының екі жолын жазу.

Сан мен цифрдың арақатынасына арналған тапсырмалар

Слайд 4

- Суретте неше құс бар? (екеу.)

- екі цифрын бояңдар

- Суретте неше қоян бар? ( біреу)

- 1 цифрын бояңдар.

Оқулықпен жұмыс

65 бет

Өзіндік жұмыс.

корректуралық сынама

2 цифрын табу

Тапсырмаларды дәптерде жасайды.

- екі дөңгелек салыңдар.

- бір тіктөртбұрыш салыңдар.

- бір үлкен дөңгелек, екі кішкентай дөңгелек салыңдар

Бірін-бірі тексеру.

Сабақты қорыту:

Бағалау: сабақта белсенділік көрсетіп, жақсы қатысқан балаларды мадақтау.



© 2010-2022