3 cынып Дүниетану Cабақтың тақырыбы: Организм қажетсіз сұйық заттарды қалай шығарады?

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
7-сабақ. Cабақтың тақырыбы: Организм қажетсіз сұйық заттарды қалай шығарады?

Cабақтың мақсаттары:

Білімділік: қажетсіз сұйық заттар организмнен қалай шығатыны жөнінде білім алады.

Дамытушылық: тақырыпты толық түсінуге бағыт алып, білімдерін дамытады.

Тәрбиелік: өз денсаулығына немқұрайлы қарамауға тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау. Көрнекілігі: Сұрақ парақтары, слайд суреттер, топтардың аты.

Сабақтың барысы: I. Қызығушылықты ояту Сабақ барысында организм қажетсіз сұйық заттарды қалай шығарады тақырыбымен таныстыру ретінде, балаларды мына топтарға бөлдім: Үй тобы:

I-топ - Тыныс алу.

II-топ - Зәр шығару.

III-топ - Ас қорыту.

IV-топ - Қан айналым.

V-топ - Жүйке жүйесі. VI-топ - Организм. «Топтастыру» стратегиясы

  • Балалар, «Организм» дегенде сендердің көз алдарыңа не елестейді?

Организм











Балалар әрқайсысы жеке, одан кейін жұп - көршісімен бөліседі, одан кейін - топ, барлығы білімдерін ортаға салады. Сыныппен жұмыс - топ басшысы ортақ пікірлерін баяндап береді. Қан айналым жүйесі: 1) қан жүру; 2) қан айналып жүруі; 3) жүректің соғуы.
II. Мағынаны тану.

Келесі кезеңде «Жанұя» тобын 4 топтан тұратын «Жұмыс» тобына бөлдім. Жұмыс тобы:

I-топ - Бүйрек

II-топ - Зәрағар.

III-топ - Қуық. IV-топ - Саңылау. Қажетсіз сұйық заттарды шығару жолдарын ескере отырып: «Бүйрек», «Зәрағар», «Қуық», «Саңылау» туралы оқулық бетіндегі қысқа мәтіндерді бердім. Әр оқушы жеке өзі оқиды, жұп болып көршісімен бөліседі, топ болып мәтін бойынша түсінгендерін әңгімелейді, сынып болып ортаға салады. Топ басшысы ортақ бөлімді айтып береді. Осыдан кейін балалар «Жанұя» тобына оралып (тағы да алғашқы 6 топқа бөлінеді) «Жұмыс» тобында алған білімдерін кезекпен айтып береді топтағы көршілеріне. Сонымен, сабақтың тақырыбы: «Организм қажетсіз сұйық заттарды қалай шығарады», яғни бүйректер зәрағар арқылы қуықпен жалғасып, қуықта жиналған зәрді қуық сыртқа шығаратыны туралы алған білімдерін ортаға салып, толық мағлұмат алады.

I - топ.

Ағза жұмыс істегенде көмірқышқыл газы ғана емес, сонымен бірге организмге қажетсіз, тіпті зиянды басқа да заттар пайда болады. Организм қажетсіз және зиянды заттардан ұдайы арылып отыруы керек.

Оларды бөліп шығаратын негізгі мүше - бүйрек. Адамның екі бүйрегі болады. Олар омыртқа жотасының екі жағында орналасады. Қоңыр қызыл түсті болып келеді. Пішіні үрмебұршаққа ұқсас болады.

Эксперт парағы:

1. Ағза жұмыс істегенде не пайда болады?

2. Қандай негізгі мүше зиянды заттарды бөліп шығарады?

3. Адамның қанша бүйрегі бар?

4. Бүйректер қандай болады?

II - топ.

Бүйректер ұзын қуыс түтікше - зәрағар арқылы қуықпен жалғасады. Қан бүйректен өткенде зиянды заттарды сонда қалдырады. Олардан бүйректе зәр пайда болады. Зәр қуыққа жиналады да, қуық арқылы организмнен сыртқа шығарылады.

Адамның денесі терімен жабылған. Тері организмді зақымданудан, ауру тудыратын микробтардан, қатты салқындаудан және қатты ыстықтаудан қорғайды. Тері арқылы біз ыстық пен суықты, тегіс пен бұдырды, ауырғанды және денеге тиген нәрсені сеземіз.

1. Бүйректер қуықпен не арқылы жалғасады?

2. Қан бүйректе не қалдырады?

3. Қуықта не жиналады?

4. Зәр не арқылы сыртқа шығарылады?

III - топ.

Терінің бетінде өте ұсақ тесіктер - саңылаулар бар. Олар арқылы май мен тер шығады. Май теріні жұмсартады, кептірмейді. Термен бірге организмнен зиянды заттар шығады. Ауа райы ыстық болғанда ада көбірек терлейді. Тер буланып, теріні салқындатады.

Эксперт парағы:

1. Адамның денесін не жауып тұрады?

2. Тері организмді неден сақтандырады?

3. Саңылаулар арқылы нелер шығады?

4. Кір арқылы теріде не жиналады?

IV - топ. Май мен тер теріде қалады. Теріге түскен шаң оны кірлетеді. Кір саңылауды бітеп тастайды да, одан дененің тыныс алуы нашарлайды. Кір теріге микробтар жиналады. Сондықтан терінің таза болуын ұдайы бақылап отыру қажет. Ертеңгісін және кешке дененің ашық бөліктерін - бетті, құлақты, мойынды жуып отыру керек. Қолды күніне бірнеше рет жуғаған дұрыс. Күн сайын ұйқыға жатар алдында аяғыңды жу.

Эксперт парағы: 1. Теріні не кірлетеді? 2. Неліктен дененің тыныс алуы нашарлайды? 3. Теріні неге таза ұстау қажет? 4. Теріні таза ұстау үшін не істеу керек? III. Ой қозғау Яғни, «Қажетсіз сұйық заттар организмнен қалай шығады?» деген сұраққа жауап айтып, дәлелдеуі тиіс. Берілген сурет (слайд) бойынша өз ойын дәлелдеуге тиісті. Осылай, балалар жаңа сабақты өзара талдап, өздігінен білім алады. Бағалау. Үйге тапсырма: «Тазалық - денсаулық белгісі» тақырыпқа байланысты шағын эссе жазып кел.



© 2010-2022