Ана тілі Тест 1 класс

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тіл іпәні бойынша тесттік жұмыстар

1-сыныптар үшін

1.Көп нүктенің орнына керек әріпті жаз. А…

А) о Ә) ң Б) а

2.Керек әріпті жаз. Қ…с….қ

А) ы,ұ Ә) а,ы Б) о,ы

3.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жаз. П … ш … қ

А) ы,а Ә) у,ы Б) о,ы

4.Керек буынды жаз. Бота …

А) тан Ә) ман Б) қан

5.Мақалды аяқта:

Ата бәйтерек,

Бала ….

А) құрақ Ә) туыс Б) жапырақ

6.Сөйлемді аяқта: Қар қалың …

А) төкті Ә) шапты Б) жауды

7.Үзінді қай мәтіннен алынған?

Бал арасы таңның атысы,күннің батысы бір сәт тыным таппады.Гүлден гүлге қонып,шырын тасыды.

А) қысқа дайындық Ә) сырғанақ Б) тоқылдақ

8. «Орман емшісі» қай құс?

А) торғай Ә) бүркіт Б) тоқылдақ

9.Алфавитте неше әріп бар?

А) 10 Ә) 42 Б) 53

10.Дауысты дыбыстар нешеу?

А) 19 Ә) 4 Б) 15

Ана тілі. 1 сынып. Тест №2

1.Сөйлемді дұрыс аяқтаңдар: Нанды үгітпе, …

А) ойла Ә) отыр Б) қадірле

2.Сөйлемді аяқтаңдар: … аузыңа салма.

А) алманы Ә) инені Б) нанды

3.Сөйлемді аяқтаңдар: Әдепті бала ата-анасын ….

А) ойнатар Ә) мақтатар Б) сөйлетер

4.Сөйлемді аяқтаңдар: Әдепті бала ата-анасын …

А) қуантар Ә) ойландырар Б) қақсатар

5. «Бүлдіршін» сөзінде неше буын бар?

А) 4 Ә) 6 Б) 3

6.Жіңішке айтылатын сөзді тап:

А) ата Ә) ана Б) әже

7.Жылқы атасы-….

А) Шопаната Ә) Қамбарата Б) Ойсылқара

8.Түйе ….

А) боздайды Ә) кісінейді Б) маңырайды

9.Жылқының сүтін не дейді?

А) айран Ә) қымыз Б) шұбат

10.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз:

Ешкінің баласы- …..

А) бота Ә) бұзау Б) лақ





Ана тілі. 1 сынып Тест №3

1.Алфавиттегі екі таңба

А) а,е Ә) к,қ Б) ь,ъ

2.Жіңішке айтылатын сөзді тап

А) апа Ә) аға Б) әке

3.Жуан айтылатын сөзді тап.

А) әдемі Ә) жүзім Б) ардақты

4.Жылқыны ұстауға арналған бұйым

А) жіп Ә) құрық Б) тұсау

5.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жаз: С … б … ғ …

А) а,ы,у Ә) а,а,ы Б) ы,а,о

6.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой: Қ … р … қ

А) қ,ы Ә) у,а Б) о,у

7.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз:

Ешкіні … деп шақырады.

А) аухау-аухау Ә) шөре-шөре Б) пұшайт-пұшайт

8.Тыйм сөзді аяқта: Малды басынан …

А) ұрма Ә) жазба Б) отырма

9.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз:

… керек әр адамға,әр үйге.

А) ойыншық Ә) көлік Б) әке

10.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз:

Әке керек ең алдымен …

А) әжеге Ә) сәбиге Б) дәрігерге

Ана тілі. 1 сынып Тест №4

1.Жіңішке айтылған сөзді тап:

А) дәптер Ә) ағаш Б) сызғыш

2.Қай сөзде У дауысты дыбыс?

А) балауса Ә) тау Б) суыр

3.Қай сөзде У дауыссыз дыбыс?

А) аулайды Ә) су Б) суыр

4. «Құттықтаймын мама туған күніңмен» өлеңінің авторы кім?

А) Ф.Оңғарсынова Ә) М.Мақатаев Б) М.Жұмабаев

5.И қандай дыбыс?

А) дауысты Ә) дауыссыз Б) ашық

6.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жаз. … не, … т, …гілік

А) и Ә) й Б) і

7.Дүниеде не тәтті?

А) бал тәтті Ә) су тәтті Б) ананың сүті тәтті

8.Дүниеде не жұмсақ?

А) ананың қолы жұмсақ Ә) мамық жұмсақ Б) қар жұмсақ

9.Тиісті сөзді жаз: … көрген оқ жонар.

А) бала Ә) әке Б) апа

10.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз:

Анау … , балам ала жүр.

А) құсты Ә) тағаны Б) мысықты

Ана тілі. 1 сынып Тест №5

1.Я әрпі қандай дыбыстың орнына жазылады?

А) и+а Ә) ш+а Б) й+а

2.Қоян деген сөзде неше дыбыс бар?

А) 5 Ә) 4 Б) 3

3.Аю қандай аң?

А) үй жануары Ә) жабайы Б) қос мекнді

4.Аю сөзінде неше дыбыс бар?

А) 3 Ә) 4 Б) 2

5.Тиісті әріпті қой: … н, … ғу, … шу

А) ү Ә) ұ Б) ө

6.Тиісті сөзді жаз: …- сөздің анасы.

А) кітап Ә) білім Б) сәлем

7.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз:

Ананың … жылы.

А) құшағы Ә) даласы Б) мектебі

8.«Нұрмаш» қай мәтіннен алынған кейіпкер?

А) Төзім Ә) Бөрік Б) Оқымысты бала

9.Еңбек құралын тап:

А) аю Ә) тырма Б) орамал

10.Бір буынды сөзді тап:

А) аю Ә) ою Б) көз

Ана тілі. 1 сынып Тест № 6

1.Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап:

А) тер-ез-е Ә) т-ере-зе Б) те-ре-зе

2.Дұрыс тасымал жасалған сөзді тап:

А) сыз-ғыш Ә) сы-зғыш Б) сызғ-ыш

3.Тасымалда қойылатын тыныс белгісі

А) нүкте Ә) үтір Б) дефис

4. Балықшылар сөзінде неше буын бар?

А) 5 Ә) 3 Б) 4

5.Тасымалданбайтын сөз:

А) сүт Ә) бала Б) сынып

6.Жуан айтылған сөзді тап.

А) мереке Ә) домбыра Б) өзен

7.Үзінді қай өлеңнен алынған?

Дала қандай!

Даладағы ат қандай!

А) Біздің ту Ә) Елтаңба Б) Арғымақ

8.Төмендегі сөздің қайсысы дұрыс жазылған?

А) оқыу Ә) оқу Б) оқуу

9.Төмендегі сөздің қайсысы буынға дұрыс бөлінген?

А) ө-зен Ә) өз-ен Б) ө-зе-н

10.Кім? сұрағына жауап беретін сөзді тап

А) мұғалім Ә) көк Б) үлкен

Ана тілі. 1 сынып Тест № 7

1.Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап:

А) құл-ын-шақ Ә) құ-лын-шақ Б) қ-лы-нш-ақ

2.Дұрыс тасымал жасалған сөзді тап:

А) ба-уырсақ Ә) бау-ырсақ Б) бауы-расақ

3.Сөйлем аяқталғанда қойылатын тыныс белгісі

А) нүкте Ә) үтір Б) леп белгісі

4. Барлаушылар сөзінде неше буын бар?

А) 5 Ә) 3 Б) 4

5.Тасымалданбайтын сөз:

А) көз Ә) балық Б) оқушы

6.Жуан айтылған сөзді тап.

А) көктем Ә) қыс Б) күз

7.Мереке күндері мен ай аттарын сәйкестендір:

31 желтоқсан Жеңіс

30 тамыз Наурыз

9 мамыр Халықаралық әйелдер күні

22 наурыз Жаңа жыл

8 наурыз Ата Заң

8.Төмендегі сөздің қайсысы дұрыс жазылған?

А) қойан Ә) қоян Б) қоиян

9.Төмендегі сөздің қайсысы буынға дұрыс бөлінген?

А) кі-тап Ә) кіт-ап Б) кі-т-ап

10.Не? сұрағына жауап беретін сөзді тап

А) мұғалім Ә) сағат Б) сары

Ана тілі. 1 сынып Тест № 8

1.Сөз неден тұрады?

А) әріптен Ә) буыннан Б) дыбыстан

2.Төмендегі сөздердің қайсысы буынға дұрыс бөлінген?

А) жау-ын Ә) жа-уын Б) жа-у-ын

2.Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс жазылған?

А) Жетісу Ә) ертіс Б) айнабұлақ

3.Төмендегі әріптердің қайсысы дауыссыз дыбыс әріптер?

А) а,ү,ы,е Ә) ұ,о,і,ө Б) қ,п,ң,с

4.Дұрыс жазылған сөзді белгіле:

А) саяхат Ә) сайахат Б) сайяхат

5.Қай сөйлем дұрыс байланысып,жазылған?

А) Қыс қызығы басталды. Ә) Ұнады сабақ бәрімізге.

Б) Кірді мектепке оқушылар.

6.Жіңішке дауысты дыбыстар қатарын тап:

А) а,о,ы,у Ә) ә,е,ө,і,ү Б) ұ,а,й,ы

7.Дұрыс тасымалданған сөзді тап:

А) шебер-хана Ә) шеб-ерхана Б) шеберхан-а

8. 113 санының дұрыс жазылуын белгіле:

А) жүз онүш Ә) жүз он үш Б) жүзон үш

9.Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс жазылған?

А) кітаб Ә) кітап Б) кітәп

10. Жұмбақтың шешуін тап: Шипалы мұртты,

Томпиған ұртты.

А) дәрігер Ә) итмұрын Б) мысық

Ана тілі .1 сынып.Тест № 9

1. «А» қандай дыбыс?

А) дауысты Ә) дауыссыз Б) жіңішке

2. Күз айларын көрсет.

А) наурыз, сәуір, мамыр Ә) желтоқсан, қаңтар, мамыр

Б) қыркүйек, қазан, қараша

3. Күзде күн қайтеді?

А) Суыта бастайды. Ә) Жылына бастайды. Б) Ысиды.

4. Күзде жапырақтар қандай түсті болады?

А) қара Ә) сары Б) жасыл

5. Жемістерді көрсет.

А) алмұрт, қызылша Ә) картоп, сәбіз Б) өрік, алма

6. «Ә» дыбысы қандай?

А) жіңішке Ә) жуан Б) дауыссыз

7. Саябақта не өседі?

А) гүл Ә) бала Б) көлік

8. Өзенде не бар?

А) көше Ә) саябақ Б) балық

9. Малға деген сөзге сұрақ қой.

А) Неге? Ә) Кімге? Б) Қайда?

10. Қай сөйлем дұрыс құрастырылған.

А) Суық қыс келді.

Ә) Коньки тепті балалар.

Б) Адамдар киінеді жылы.

© 2010-2022