С. Сефуллин Наурыз ҚМЖ

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: Күні: 10.03.2016ж Сыныбы: 4 «А» Пәні: Әдебиеттік оқу Мұғалім: Г.Үсенова

Сабақтың тақырыбы:

Сәкен Сейфуллин «Наурыз»

СМАРТ мақсат:

15 минут ішінде сынып оқушыларының 100% -ы Сәкен Сейфуллиннің «Наурыз»өлеңімен танысады, 90%-ы іштей оқу және «серпілген сұрақтар» әдісі арқылы өлеңнің мазмұнын ашады және түсінеді, сызба арқылы өлеңнің мазмұнына талдау жасай алады, 70%-ы М.Дулатовтың «Наурыз» өлеңі мен С.Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңіндегі ұқсастықтарды таба алады

Сабақтың мақсаты:

1. Сәкен Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңімен танысу

2. Өлеңнің мазмұнын ашу және түсіну

3. Өлеңнің мазмұнына талдау жасау, М.Дулатовтың «Наурыз» өлеңі мен С.Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңіндегі ұқсастықтарды табу

Күтілетін нәтиже:

1. Сәкен Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңімен танысады

2. Өлеңнің мазмұнын ашады және түсінеді

3. Өлеңнің мазмұнына талдау жасай алады, М.Дулатовтың «Наурыз» өлеңі мен С.Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңіндегі ұқсастықтарды таба алады

Сабақтың түрі:

Сындарлы оқытуға негізделген сабақ

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Сабақтың формасы:

Ұжымдық, топтық, жұптық, жеке жұмыс

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

1. «Көңілді тізбек» ойыны

2 Топтастыру.

3. «Серпілген сұрақтар» әдісі

Бағалау әдістері:

  1. «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау 2. Критериалды бағалау

3. Мадақтау 4. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі

Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Дербес компьютер, интербелсенді тақта, топ атаулары, сурет салуға арналған құралдар мен плокат, ақпараттық парақшалар мен жұмыс парақшалары.

Пәнаралық байланыс:

1. Дүниетану 3. Қазақ тілі 5. Орыс тілі

2 Бейнелеу өнері 4. Шет тілі

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

Қосымша әдебиет:

Интернет ресурс:

«Әдебиеттік оқу» оқулығы, 4-сынып. Алматы: Атамұра, 2015. 264 бет. Автор: С. Рахметова

«Әдебиеттік оқу пәнінің оқыту әдістемесі»

«Сұрақ және жауап» энциклопедиясы

«Ол кім? Бұл не?» энциклопедиясы

«Менің алғашқы энциклопедиям»

Wiki беттері . Сайт «Қаламгер». Сайт «Сабақтар»

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Мақсаты:

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

1. Сәлемдесу

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

3. Көңіл-күйін сұрау.

Топтарға біріктіру:

І топ: Наурыз

ІІ топ: Сәуір

ІІІ топ: Мамыр

Оқушылар сәлемдеседі, сабаққа даярлығын көрсетеді.

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

Оқушыларды қораптағы қима қағаздарда жазылған ай атаулары бойынша 3 топқа бірігеді

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, психологиялық ахуал туғызу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Үй тапсырмасын сұрау.



«Көңілді тізбек» әдісі (Айтылым)

Оқушылар өлең шумақтарын тізбек арқылы айтып шығады.

Қызығушылық ояту:

- Балалар, мен сендерді ай аттаулары бойынша топқа біріктірдім.Бұл қай мезгілге жататын айлар? (Дұрыс жауапты мадақтау)

- Олай болса, наурыз айында болатын табиғат құбылысарын, жалпы табиғатта болатын өзгерістерді айта отырып суретті сюжет құрастырайықшы.

- Балалар, сендер жақсы суретші екенсіңдер

Дәл сендер секілді Сәкен Сейфуллин аталарың да «Наурыз» айын суреттеген. Бірақ сендер секілді сөзбен, суретпен емес, өлең шумақтарымен суреттеген. Себебі ол кім? (Авторды тану)

- Олай болса, балалар, осы ақынның «Наурыз» өлеңімен танысқыларың келе ме?

(Тақтадан бүгінгі тақырып көрсетіледі)

Оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстыру.

Міржақып Дулатовтың «Наурыз» өлеңін әр оқушы екі қатардан айтып шығады.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Оқушылар плокатқа көктем айында болатын өзгерістерді айта отырып суреттейді. Бір оқушы күн шуағын салса, бір оқушы құстарды, тағы біреуі гүлдерді, т.с.с.

Оқушылар Сәкен Сейфуллин туралы білетіндерін ортаға салады.

Оқушылар алдын-ала ілініп тұрған бағалау критерийлерімен танысады.

Үй тапсырмасын сұрау және пысықтау.

Өткен тақырып пен жаңа сабақ арасында көпірше орнату, жаңа сабаққа қызығушылықтарын ояту.

Негізгі бөлім

Жаңа сабақ


Жеке жұмыс



Оқулықпен жұмыс.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

«Серпілген сұрақтар» әдісі.

- Өлең не туралы?

- Өлеңде нелердің қимыл-қозғалысы суреттелген?

- Табиғаттағы қандай өзгерістер туралы айтылған?

Сөздікпен жұмыс. (Алдын-ала қабырғаларға ілініп қойылады)

Наурыз айы - март - match

Жаз - лето - summer

Құстар- птицы - birds

Леп - әлсіз жел -сквозьняк - draft

Сергіту сәті.

Оқушыларға жұмыс парақшасы таратылады.

1. Сызбамен жұмыс. Өлеңдегі табиғаттың іс-әрекетін жазып шығу

2. «Ұқсастық» кестесімен жұмыс. М.Дулатовтың «Наурыз» өлеңі мен С.Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңіндегі ұқсас тұстарды тауып жазу

Критериалды бағалау жүргізіледі.

Бағалау критерийлері:

1. Өлеңді мәнерлеп оқу

2. Өлең мазмұнына сызба арқылы талдау жасау

3. «Ұқсастық» кестесін толтыру

Оқушылар өлеңді әр қайсысы бір шумақтан түгел мәнерлеп оқып шығады

Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді

Оқушылар өлеңдегі тірек сөздердің орыс, ағылшын тіліндегі аудармасымен танысады

Оқушылар көктемгі табиғаттың оянуы туралы бейнебаян көреді.

Оқушылар берілген жұмыс парақшасындағы тапсырмалармен танысады.

Сызбадағы тапсырманы орындай отырып өлеңге талдау жасайды.

«Ұқсастық» кестесінде екі өлеңдегі ұқсастықтарды теріп жазады.


Жаңа сабақтың мазмұнын ашу, түсінуге жағдай жасау

Жаңа сөздермен танысу және үш тілділікті дамыту.

Оқушыларды сергіту

Өлеңді мазмұнын талдай білуге үйрету

Оқушылардың өлең мазмұнын меңгергендігін тексеру

Қорытынды:

Топтық жұмыс

Топ аралық бағалау

Үйге тапсырма:

Рефлексия

«Наурыз» тақырыбында шағын эссе жазу

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау.

«Наурыз» өлеңін жаттау

Оқушыларға «Не білдің? Не үйрендің? Не қиын болды?» деген сауалдар қойылған парақшалар таратылады.

Оқушылар топтық жұмыс жүргізеді.

Топтар бір-бірін бағалайды.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне толтырады.

Оқушылар парақшалардағы сұрақтарға жауап беріп, мұғалімге тапсырады.

Жаңа тақырыпты бекіту Оқушыларды шығармашылыққа баулу.

Кері байланыс орнату


© 2010-2022