Тұрлаусыз мүшелер сабақ жоспары қазақ тілі

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тұрлаусыз мүшелер сабақ жоспары қазақ тіліТұрлаусыз мүшелер сабақ жоспары қазақ тіліТұрлаусыз мүшелер сабақ жоспары қазақ тіліПәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер

Сабақтың мақсаты: Тұрлаусыз мүшелермен таныстыру

Сабақтың міндеттері:

  1. Тұрлаусыз мүшелерге сұрақ қоя білуге, олардың сөйлем ішіндегі байланысын анықтай алуды үйрету.

  2. Оқушылардың ой-өрісін, ой қабілеттерін дамыту.

  3. Таза, ұқыпты, шапшаң, әдемі жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: кесте, сурет, сызба, ребус

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Қолға қалам алайық,

Салақтықтан қашайық

Дәптерімізді ашайық,

Көркем етіп жазайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

-79 бет 5-жаттығу

«Қызығушылығын ояту»

-Ребус (Алматы)

-Бүгінгі сабағымызда Алматы қаласына саяхат жасаймыз.

-Алматы қаласына тез бару үшін немен барамыз? (Ұшақпен.)

-Ұшаққа отырмас бұрын билет алып алайық.

«Миға шабуыл» Әр оқушы билеттің артындағы сұрақтарға жауап береді.

  1. Сөйлем дегеніміз не?

  2. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

  3. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?

  4. Тұрлаулы мүшелерді ата, мысал келтір.

  5. Бастауыш дегеніміз не?

  6. Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің .........мүшелері дейміз.

  7. Бастауыштан кейін сызықшаның қойылу себебі?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тұрлаусыз мүшелер

Толықтауыш пысықтауыш анықтауыш

Тұрлаусыз мүшелерге кімнің? Ненің? Кімге? Неге? Қайда? Кімді? Нені? Кімде? Неде? Кімнен? Неден? Кіммен? Немен? Қалай? Қанша? неше? Нешінші? Қайдан? Қашан? Қандай? қай? деген сұрақтар қойылады.

IV. Оқулықпен жұмыс.

Көктөбеге саяхат.

1-жаттығу.

Дәурен ауылдан келді. Мұғалім сабақты түсіндірді. Талғат ұзақ сөйледі. Диқан егінді суарды.

Мұз айдынына саяхат.

2-жаттығу.

Азат үйді тазалады. Оқушылар жарысқа қатысты. Қайсар жаңа велосипед сатып алды. Әлия қарандашпен сурет салды.

Мұражайға саяхат.

3-жаттығу.

Қалам.

Каналдар қазылған Ойларын дананың

Қайланның күшімен Өрнектеп бұл қалам

Кітаптар жазылған Қалдырған бабаның

Қаламның ұшымен Хаттарын мыңдаған

Саябаққа саяхат.

5-жаттығу.

Жаңбыр таңертең басылды. Аспан түстен кейін ашылды. Күн бүгін жылынды. Су жырадан ақты.

Алатауға саяхат.

Шығармашылық тапсырма.

-Тақтаға суреттер ілінеді. Оқушылар сөйлемдер құрастырып, ішінен тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қояды.

V. Қорытынды:

Темір жол вокзалына саяхат.

-Бүгінгі сабақта нені өттік?

-Тұрлаусыз мүшелерге қандай сұрақтар қойылады?

-Тақтаға сөздер ілінеді. Ішінен тұрлаусыз мүшелерді қоршайды

Осындай керемет көңілмен пойызымызға мініп, ауылымызға қайтайық.

VI. Бағалау.

«5», «4», «3»

VII. Үйге тапсырма: 81-бет 4-жаттығу, ереже.



© 2010-2022