Математика. Ашық сабақ. Қосындыны санға көбейту (3-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қосындыны санға көбейту

Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға көбейту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау, тиянақтау.
Дамытушылық: Ой - өрісін, сана - сезімі мен тілін дамыту. Есте сақтау қабілетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Әр істі саналы түрде орындауға, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Іздену, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушыларды топқа бөлу. (санау арқылы)
- "Адасқан әріптер" арқылы топ атауын құру.
- Психология тренинг

2. Үй тапсырмасын тексеру:
- "Кім жылдам?" ойыны арқылы ережені сұрау.
- Карточкамен жұмыс

3. Жаңа сабақ
Әр топқа үлестірмелі парақша беру арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.
1 - топ: (10+80)*5=10*5+80*5=50+400=450
2 - топ: (24+6)*2=24*2+6*2=48+12=60
3 - топ: (100+80)*5=100*5+80*5=500+400=900
4 - топ: (400+60)*2=400*2+60*2=800+120=920

- Әр топ тапсырманы орындау арқылы қосындыны санға көбейтудің ережесін шығару.
Ереже: Қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты осы санға көбейтіп, нәтижелерін қосуға, немесе қосындының мәнін тауып, осы санға көбейтуге болады

Ой қозғау.
(математикалық жұмбақ)
1) Табақта 5 алма, қолымда 3 алма.
Барлығын қосқанда, болады неше алма?
2) 4 бала өлең айтты, 6 бала би биледі.
Сонда барлығы неше бала өнер көрсетті?
3) 10 асықтың 3 - ін досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі өз қолыңда қалады?
4) 2 ешкінің мүйізі,
Кәне кімдер табада?
Сонда қанша болады?
5) Аулада 5 үйрек, қорада 3 үйрек. 1 үйрек жоғалды, 1 үйрек тығылды.
Қалғаны неше үйрек?
Оқулықпен жұмыс:

Сергіту сәті
Есептедік, шаршадық, Отырайық, тұрайық,
Орнымыздан тұрайық. Соқтығысып қалмайық.
Қимылдатып аяқты, Сәл демалып алған соң
Шапалақты ұрайық. Жазуды қайта жалғайық

№6, (162 бет)

Математикалық диктинт:
5 x 2 =
6 x 3 =
4: 2 =
14: 7 =
6 x 6 =
8 x 3 =
15: 3 =
45: 5 =
27: 3 =
6 x 4 =
8 x 5 =
24: 6 =

4. Қорытынды:
Математикалық тест.
1. (5+2) * 7 өрнегінің мәні нешеге тең?
а) 40
ә) 39
б) 49
2. (40 + 20) * 8 өрнегінің мәні нешеге тең?
а) 840
ә) 480
б) 300
3. 48: 8 өрнегінің мәні нешеге тең?
а) 3
ә) 7
б) 6
4. 120 - 20 өрнегінің мәні нешеге тең?
а) 100
ә) 80
б) 90
5. 180 * 0 өрнегінің мәні нешеге тең?
а) 180
ә) 0
б) 1
Дұрыс жауабы:
1. б) 49
2. ә) 480
3. б) 6
4. а) 100
5. ә) 0
5. Рефлексия
- Ұнады.
- Ұнамады, менің ұсыныстарым.
- Өзіме қойған баға.
6. Үйге тапсырма:

© 2010-2022