Үй құстары мен үй жануарлары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«№48 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті:

Тақырыбы: «Үй жануарлары мен үй құстары»

Тәрбиеші:

Багдатова Сымбат Муратовна

Семей қаласы

Ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Үй құстары мен үй жануарлары

Мақсаты: Балаларға үй құстары мен үй жануарлары

туралы түсінік беріп,білімдерін жетілдіру,үй құстарына мен үй жануарларына қамқорлықпен қарауға баулу.Балалардың

тілдік қорларын молайтып,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі:теледидар,алтын жұмыртқа,обручь,құстардың.жануарлардын суреттері.

Қолданылған әдіс -тәсілдер: көрсету,түсіндіру,ғажайып сәт,сұрақ−жауап,ойындар.

Сөздік жұмыс: қоқ −қоқ, қыт− қыт, шиқ −шиқ, га −га, бақ− бақ, ку− ка −ре− ку.

Билингвизм: құстар−птицы,үй құстары− домашние птицы,үй жануарлары-домашние животные,жануарлар-животние.

Барысы: Шаттық шеңбер:

Тәрбиеші:

Армысың,қадірлі Аспан-ата

Армысың,мейірімді Жер-ана

Армысың, менің балабақшам

Армысыңдар, достарым!

− Балалар,бүгін бізге көптеген қонақтар келген екен, қане амандасайықшы:

Балалар:

− Сәлеметсіздер ме?

Сұрақ жауап:

− Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

− Жыл мезгілі күз.

  • Күз мезгілігінің ерекшелігі қандай?

− Күн суытып, құстар жылы жаққа ұшып кетті.

  • Балалар сендер қандай құстарды білесіңдер?

  • Торғай,қарға,сауысқан,көгершін,аққу,қарлығаш.

Тәрбиеші:

  • Балалар, құстар дала құстары және үй құстары болып бөлінеді. Бүгін ,біз, тіл дамыту оқу іс− әрекетінде үй құстары және үй жануарларымен танысамыз.

  • Теледидардан үй құстары мен үй жануарларының суреттерімен таныстыру. Олардың адамға пайдасы жайлы түсіндіру.Қандай тамақ жейтіні туралы түсінік беру.

Ойын: «Күн мен түн».

Шарты: Түн болады бәріміз көзімізді жұмамыз, әтеш ку− ка −ре −ку деп дыбыс шығарғанда оянамыз.Әтеш ку −ка− ре −ку деп дыбыс шығарса таңның атқан белгісін білдіреді.

Ғажайып сәт:

Үнтаспадан әтештің дауысы естіледі.

Жұмбақ жасыру

Жүреді бой тастап,ойқастап,

Басында айдары бар.

Иекте сақалы бар,

Ол не?

(Әтеш)

Тәрбиеші:

- Балалар, енді үй құстары мен үй жануарларына арналған тақпақтарымызды айтайық.

Нұрәлі А.:

Әтешке қарап ән салып,

Әнші болған балапын.

Әтеш болып шақырып,

Соқшы, кәне, алақан.

Әдемі:

Үйір, үйірүйректі

Үйірге өзім үйреттім.

Ерсаған:

Қияпарлық істеме

Тауықтарды тістеме

Моп-момақан үйрекке

Тентектікті үйретпе.

Торғын:

Қара көзің мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды.

Жібек жүнің үлбіреп,

Қарасам көз тоймайды.

Ерасыл:

Айналайын торпақ

Бола берме қорқақ

Тысқа шық та, заула

Тар болып тұр, аула.

Бауыржан:

Бұзауым бұзық

Мінезі қызық

Маңдайы күйді

Қазанды сүзіп.

Нұрай Е.:

Әукім-әукім, әукешім!

Қасиыншы әукесін.

Енең әне келеді,

Ақ мамасын береді.

Ерсаған:

«Қозым», - дейді мені апам,

«Қозым», - дейді мені атам.

Сөздеріне күлемін,

Қозы емеспін білемін.

Қалай айтам мұны мен,

Қозы болсам шынымен,

Күнде кәмпит бер демей,

«Мә-мә», - дер ем сөйлемей.

Нұрәлі Б.:

Құлын, құлын, құлыншақ.

Желкілдейді тұлымшақ.

Маңдайында жұлдызы,

Құйрығында құндызы.

Іңкәр:

Шөре-шөре, лағым,

Тентек болма, шырағым!

Секектеме, деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

Фатима:

Лағым-ау лағым

Ерке тотай шұнағым

Ағаштарды кемірсең

Құлағыңды жұламын.

Санжар:

Момақаным менің

Маңырама төлім

Тойғызады кешке

Енең келіп сенің.

Наргиз:

Атам мені «құлыным» - дейді,

Әжем мені «боташым» - дейді.

Әкем мені «шырағым» - дейді,

Шешем мені «қозым» дейді.

«Айналайын, жаным!» - дейді.

Ал шынында мен кіммін?

Мен кәдімгі баламын.

Сергіту сәті

Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір

Сағаттың тіліндей иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ, жаттығу оңай-ақ!

Дидактикалық ойын: «Төлдерін ата»

Үй жануарларының төлдерінің суреттерін атап беру.

Топтық жұмыс. Жануарлар мен құстарды топтастыру.

Дидактикалық ойын: «Дауысынан таны»

Қонақ келеді: Әтеш келеді, амандасады.

Шығармашылық жұмыс: Жапсыру «Балапан мен қошақан»

Сиқырлы қоржын

Балалардың істеген жұмыстарын мадақтау.

Оның ішінен киндер сюрприздер шығады. Балаларға береді.

Қорытынды: Сұрақ− жауап?

Бүгінгі өткен сабақ жайлы сұрау. Балаларды мақтап, мадақтау.

Қоштасу.

Балалармен қоштасады.



© 2010-2022