Дүниетанудан сабақ жоспары. Тақырыбы: Қысқы шынығу

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Дүниетану

Сыныбы:1 «А»

Сабақтың тақырыбы: Қысқы шынығу

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың шынығуына жағдай жасау; Тәрбиелік: шынығудың маңызын түсіндіру; Дамытушылық: салауатты өмір сүруге тәрбиелеу;

Сабақтың жабдығы: дене шынықтыруға байланысты суреттер, шынығуға байланысты бейнетаспа.

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,дид.ойын.

Сабақатың барысы:

1. Кіріспе әңгіме.

-Шынығу дегенді қалай түсінесің?

-Сен қалай шынығасың?

-Туыстарының ішінде дене шынықтырумен айналысатын кімдер бар?

-Олар денесін қалай шынықтырады?

Сергіту сәті:

Жалқаулықты тастаймыз,

Шынығамыз жастай біз.

Ырғағымен әуеннің,

Жаттығуды бастаймыз.(әуенмен жаттығу жасау )

2.Оқулық және дәптермен жұмыс.

Оқулықтағы суреттерді, сұрақтар мен тапсырмаларды пайдалану.

Қысқы ойындар туралы әңгімелеу.

3.Шынығу ережелерін қайталап айту. Өздерінің шынығуға дайындығы жайында әңгіме.

4. Тақтаға бірнеше құралдардың суретін ілу.

Оқушы оның ішінен шынығуға керектілерін атайды.

5. Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі сурет бойынша әңгіме жүргізіп, оны өзімен байланыстыру.

Дәптерге сурет салу.

6.Сабақты қорыту.

Шынығуға байланысты ережелерді қайталау.

7.Бағалау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.



© 2010-2022