Урок математика 4 класс Өткенді бекіту

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок математика 4 класс Өткенді бекітуУрок математика 4 класс Өткенді бекітуУрок математика 4 класс Өткенді бекітуУрок математика 4 класс Өткенді бекітуУрок математика 4 класс Өткенді бекітуТалдықорған қаласы М.В.Ломоносов атындағы

№5 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі

Акынбекова Шолпан Тұрғанғазықызы

Математика 4-сынып

Тақырыбы: Өткенді бекіту

Мақсаты:

1.Көп таңбалы сандарды үш таңбалы сандарға бөлуді, көбейтуді бекіту, математикадан алған білімдерін тереңдету, өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау.

2. Ой -өрісін кеңіту, шығарашылық пен өз бетінше жұмыс істеу қабілеттері мен логикалық ойлауын дамыту.

3.Ұйымшылдыққа, бірлікке, ұтқыр ойға, ұтымды жауап беруге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Әдісі: ой қозғау, топтық жұмыс, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы

Көрнекілігі: Қазақстанның көрікті жерлерінің суреттері, сызбалар, үлестірмелі материалдар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Психологиялық дайындық

-Бүгін бізде ерекше сабақ. Әрине, бұл сабақ сендердің білімдеріңмен ерекше.

Оқушы қандай болу керек деп ойлайсыңдар?

-Ізденгіш, ойшыл,ақылды, тапқыр.

-Балалар, елімізде бір минутта: 16 теледидар, 11 тоңазытқыш, 13 кір жуғыш машина, 12 велосипед, 18 радио, 80 сағат шығарылады.

-Ал, сендер 45 минутта қанша тапсырма орындайсыздар?

2.Бүгінгі күн. Көркем жазу.

2017 2020 2024 2029

1. Санның өсу ретін тауып, жалғастыр.

2. 2017 қандай сан?

- 4 таңбалы сан. Екінші класстың бірлік мыңдық. Тақ сан

-Тағы да, нені білдіруі мүмкін?

- Дұрыс 2017 жылы елімізде «ЭКСПО-2017» көрмесі өтпекші. Бұл біздің Қазақстан үшін үлкен қол жеткізген жетістігіміз. Астана жанында, Сарыарқа төрінде ғаламат кешен салынбақшы. Онда 100-ден астам мемлекеттер өздерінің заманауи технологияларын Қазақстанға әкеліп, көрмеге қояды. Бұл көрменің біздің ел үшін маңызы зор. Алдағы уақытта дүниежүзі елдерінен келген қонақтарды еліміздің көрікті жерлерімен әдемі табиғатымен таныстырып, қонақжайлылық көрсетуіміз керек. Сол үшін біз саяхат фирмаларын құрайық.

I «Астана» фирмасы

II «Бурабай» фирмасы

III «Алакөл» фирмасы

Біз фирманың президенттерін сайлап алайық. Фирманың болашағы алға қойған жоспарды дұрыс, жылдам орындауына байланысты. Қалғандарыңыз фирма қызметкерлерісіздер. Сіздер тырысып, тәртіппен алған білімдеріңізді дұрыс пайдаланып жұмыс жасауларыңыз керек.

3.Қызығушылығын ояту. «Ой ашар-15»

1.8-дің квадраты 64

2.3-тің кубы 27

3. 2 тәулікте қанша сағат? 48 сағат

4. 3 аптада неше күн? 21 күн

5. Тәуліктің бірінші жартысы қай уақытта басталып, қай уақытта аяқталады?

Түнгі 12.00-күндізгі 12.00

6. 12 ай 1 жыл

7. Жарты сағат неше минут? 30 минут

8. Минуттың 3-тен 1 бөлігі неше секунд? 20

9. Текшенің неше жағы бар? 6

10. 15 сағат күндізгі уақыт бойынша 3

11. Бір жылда неше күн бар? 365

12. Кез-келген санның 0-мен көбейтіндісі 0

13. 49-дың 7-ге бөліндісі 7

14. Көлемнің өлшем бірлігі куб

15. 90 градустық бұрыш тік бұрыш

4. Мағынаны таныту

-Жақсы қызметкерлеріміз дайын екен, ендеше «Іскерлік пакетті» таратамыз.

Әр топқа 3 тапсырма беріледі.

1) Көбейтудің, бөлудің дұрыс орындалғанын тексереміз. №6,7

Үш таңбалы санға көбейту мен бөлудің алгоритмін еске түсіреміз.

2) 7872/123=64 123728/703=176 17150/175=98

Қалғандары 1-2 нұсқа болып амалды орындау ретін орындайды.

15260/70*60-7751=5329 16320-19936/32*7+876=12835

5.Сергіту сәті

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

Назарларыңызға «Қазақстан көркем өлкем» презентациясын ұсынамын. Әсем тамаша табиғат көрінісін тамашалай отырып, «Қазақтай ел қайда» әнін тыңдай отырып, көркем жерлерге саяхаттау үшін қалай бару керектігін білу үшін арақашықтық өлшемдерін білуіміз керек. Ендеше арақашықтық өлшеміне байланысты есептер шығарайық.

6.Деңгейлік тапсырмалар. «Банк пакеті» әр фирма есепті шығару жолын сызба түрінде көрсетуі керек.

1-деңгей Схемасын сыз, есепті шығар.

Арасы 1400 км екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы бағытты екі жеңіл машина шықты. 7 сағаттан кейін кездесті. Біреуінің жылдамдығы 110 км/сағ екіншісінің жылдамдығын тап?

2-деңгей

Теңдеу құрып шығар. Схемасын сыз.

Қаладан бір мезгілде бір-бірінен қарама-қарсы бағытта шыққан екі жаяу адамның 5 сағат өткен соң ара-қашықтығы 45 км болды. Олардың бірінің жылдамдығы 4 км/сағ болса, Екіншісінің жылдамдығы қандай?

3-деңгей схема бойынша есеп құрастыр

27км

А t=3сағ В

V1=4 км/сағ V2=?

7. «Ой-толғаныс» қайырымдылық

Фирмалар қайырымдылық шарасына қатысып, одан түскен қаржыны өлкемізді қорғауға аударамыз. Қай фирманың қызметкерлері тапсырманы толық орындаса, сол фирма 1000500, Екінші орын-1000000, үшінші орын-500000тг аудара алады.

1-деңгей

1. Адам тәулігіне 8 сағат ұйықтайды. Тәуліктің неше бөлігін үйқы алады? Урок математика 4 класс Өткенді бекіту

2. 432-нің 5-ке көбейтіндісінің мәнін тап. Көбейтіндінің мәнін әр көбейткішке бөліп бөлінділердің мәнін тап.

3. Ауылда 4 түн,4 күн боран соқты. Неше тәулік боран соқты?

2-деңгей

1.Бір аптада 5 жұмыс күні бар. Қандай бөлігін жұмыс күні, қандай бөлігін демалыс алады? Урок математика 4 класс Өткенді бекіту Урок математика 4 класс Өткенді бекіту

2. 2. 432-нің 57-ке көбейтіндісінің мәнін тап. Көбейтіндінің мәнін әр көбейткішке бөліп бөлінділердің мәнін тап.

3. Бір адам қалаға шығып келе жатыр еді, оған жолда қарсы жақтан келе жатқан 3 танысы кездесті. Неше адам қалаға барды?

3-деңгей

1. Қызанақ бақшаның Урок математика 4 класс Өткенді бекіту ал, қияр Урок математика 4 класс Өткенді бекіту бөлігін алып жатыр. Екеуі бақшаның қандай бөлігін алып жатыр? Урок математика 4 класс Өткенді бекіту

2. 2. 2. 432-нің 536-ке көбейтіндісінің мәнін тап. Көбейтіндінің мәнін әр көбейткішке бөліп бөлінділердің мәнін тап.

3. Мараттың кілең 1 теңгелік 100 теңгесі бар. Ол дүкенге 97 тг төлеуі керек. Қалай тез есептеуге болады

Оқушылардың бағалау кестесін әр тапсырма сайын толықтырып, соңында қорытынды бағасы шығарылады.

Үйге: 202 бет, №8,9


© 2010-2022