Ертеңгілік әліппемен қоштасу Әліппемен аштық білім есігін, тербетеміз тәуелсіз ел бесігін 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қ.Нұржанова,
Ынтымақ негізгі жалпы білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Ынтымақ ауылы,
Ертіс ауданы,
Павлодар облысы

Әліппемен аштық білім есігін,
Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін.

( ертеңгілік)

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім, білік дағдыларын көрсету; тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Қош бол, сүйікті Әліппем!», «Әліппем - білім бастауы» сөздері жазылған плакаттар, суреттер, әріптер, сөздер, презентация.

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға..
(Мызыка ойналып,оқушылар кіреді.) (Әнұран айтылады)

Мұғалім: - Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін сіздер 1 - сынып оқушыларының әзірлеген «Әліппемен аштық білім есігін, тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы - Әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Әліппе 42 әріпті танытып, оқуға, жазуға үйретіп сауаттылықтарын арттырды. Сондай жағдайға жеткізген, сүйікті Әліппемен бүгін қоштасқалы отыр.
Сөз кезегін мектеп директоры Тілемісова Алма Садірқызына береміз.

Шашу, шашу шашайық!
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық (шашу шашылыды)
Бала деген шіркін-ай балдай екен, Тәттілігі жая мен жалдай екен. Арып-ашып даладан келгеніңде, Бал иісін таттырып алдайды екен, - дей отыра, кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік. (Балалар өздерін таныстырады.)
1.Жұмсағанда баратын, Айтқан тілді алатын, Мен боламын Әмина.

2. Сәулелі де сымбатты
Сөйлегені тым тәтті
Данэля деген қыздарың
Сіздерге арнап тіл қатты.

3.Желдей жүйрік баламын, Мен Бекжан боламын..
4.Талғат деген баламын, Есепті мен шағамын.
Мұғалім:- Балалар, мына сұраққа жауап беріңдерші Іші толған әріпке, Білімдегі жарық не?
Оқушылар: - Болашаққа жол ашқан, Ол сүйікті Әліппе.
Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге қымбатты дос «Әліппені» ортаға шақырайық.
Оқушылар:- Әліппе, әліппе, әліппе!
(Ортаға әліппе шығады.)
Әліппе:Таудай болса талабың, Айтары көп әріптің. Қуанышы баланың- Қуанышы халықтың. Жақсы білім көрімдік, Болсын бізге халайық. Не үйреніп, не білдік, Қане ортаға салайық.

Әмина: Әліппем, менің әліппем!
Сені қолға алып мен
Есігін аштым білімнің
Ертеңгі күн жарықпен.


Талғат: Келгенде алғаш мектепке, Білмеуші едік әріп те. Оқимыз қазір ертекті,

Үйреткен оны Әліппе!

Данэля: Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке
Риза боп соған жүреміз
Сүйікті біздің әліппе.

Бекжан: Бар кітапқа бас болған.
Әліппе - ғылым анасы.

Әліппеден басталған.

Даналықтың данасы.
Мектебің мынау, класың,
Осында он жыл тұрасың
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.

Ән: «Жарқын жүзді ұстазым»

Мұғалім: - Әліппе, бүгін кешіміздің ең қадірлі қонағысыз. Сондықтан құрмет тағына жайғасыңыз.
-Балалар, білім алу үшін ең алғаш қайда келеміз ?
Оқушылар:
Мектепке келеміз
Мұғалім: Мектеп туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер ?
Оқушылар: Мектеп кеме, білім теңіз.
Мектеп-білім ордасы.

Мұғалім: - Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды, жазуды, санауды үйрендік. Осының бәрін үйреткен кім?
Бәрі: Мектеп, мұғалім, әліппе, ата-ана.
Әліппе: «Әліппе» оқуға Үйреткен әр күні Кім атын атай ғой?
Бәрі: Ол біздің Мұғалім апай ғой.
Әліппе: Үйретіп санауды, Көп еңбек сіңірген Кім атын атай ғой?
Бәрі: Ол біздің Мұғалім апай ғой.
Ән: « Мұғалім ол біздің.»
Жүргізуші: Әріптерді қатар қойып, Алфавитті құраған. Оқу, білім өнерді, Шамшыраққа балаған Кім екен ол данышпан?
Бәрі: Ұлы Ыбырай атамыз, Ұстаздардың ұстазы.
Ыбырай Алтынсарин - тұңғыш қазақ педагогі. Ең алғаш әліппе жазған.
2 сыныптың орындауында "Жаңбыр" әні
Мұғалім: -Ал балалар, қонақтарға оқу сауатымызды көрсетейік! ( Оқушылар кезекпен кітап оқып береді )

Әліппе: - Балалар мен сендердің білімдерінді сынау үшін бірнеше сұрақтар дайындап әкелдім: Кім маған апта аттарын айтып береді.
Оқушылар: Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі.

Қандай мақал-мәтел білесіңдер?/1. туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

2.Күш - білімде.

3.Оқу - білім бұлағы, білім өмір шырағы.

4.Еңбек түбі - береке.

5.Өнерлі өрге жүзеді.

Жұмбаққа қалайсыңдар?
1. Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса аттама. /кітап/
2. Жаза-жаза арықтаған,Жазудан ол жалықпаған./бор/
3. Өліден тірі туады, Тіріден өлі туады. /жұмыртқа/
4. Үй үстінде ұсақ тас, алайын десем табылмас/жұлдыз/
5. Алты қырлы, алтын сырлы. /қарындаш/

6. Үйреткен ілімді, қырық екі білімді. /алфавит/

Мұғалім:Енді қазір мен сендерге есептер айтып математика пәнінен білімдеріңді тексеремін. Ойланып барып, шешіңдер.
1. Оң қолымда 5 алма,
Сол қолымда 5 алма,
Барлығын қосқанда
Болады неше алма ?
2. 5 алманың үшеуін ,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады ?
3. Сымда 5 үйрек отыр еді, екеуін үркітіп жіберсек, нешеуі қалады ?
Мұғалім:
-Балалар, біз математикадан да білімімізді көрсеттік. Енді Әліппемен қоштасатын да кез келді.
Әліппе бізге қаншама нәрсе үйреткен екен.
Біз Әліппенің арқасында жазу жазуға, өз бетімізбен оқуға, сөз, сөйлем құрауға дағдыландық. Ендеше Әліппеге не деуіміз керек ?
Хормен:
Әліппеге рахмет !

Ертегі "Кім күшті?"

Мұғалім: Біздің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқып, жазуымызға ата-аналардың қосқан үлесі мол. Қане, бәріміз ата-аналарға рахмет айтайық. Бәрі: Рахмет саған ата-ана!
Ортаға 1 және 3 сыныптың қыздарың шығыс биімен шақырамыз.
Мұғалім: Әліппені оқып,білім алдыңдар. Көп нәрсені үйрендіңдер. Қазақстанның болашағы сендерсіңдер. Әр баланың қиял-арманы бар. Солар орындала берсін. (Ақырын музыка ойналып тұрады)
Мен дәрігер боламын. Кез- келген аурудың алдын алып, балалардың денсаулығына көп көңіл бөлер едім.
Мен мұғалім боламын. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге өз үлесімді қосар едім.
Мен полиция қызметкері боламын. Еліме адал қызмет етемін.

Мен спортшы боламын
Туған елімнің атақ-даңқын шығарамын.
Мұғалім: Сендердің айтқандарыңның бәріне жан-жақты оқу, білім, мол тәжірибе қажет. Ендеше, осы әліппеден алған білімдеріңді болашақта толықтырып, армандарыңа жетіңдер балалар.

Уа, халайық, халайық
Мұнда назар салайық.
Бәріміз қол соғып.
Ана тілін қарсы алайық, (Ортаға ана тілі шығады)

Ана тілі: Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.

Бүгіннен бастап сауатты балалар білімдеріңді әрі қарай мына менің арқамда дамытып, тереңдете түсесіңдер.

Әмина: Ана тілі - ұраным
Ана тілім - құралым
Ана тілі болмаса
Мықты болмас тұрағым.

Талғат: Ана тілің - біліп қой,
Бостандығың теңдігің.
Ана тілің - біліп қой,
Мақтанышың елдігің

Бекжан: Өсірген ой, білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.

Әліппе: - Білім іздеу жолында ешқашан шаршамаңдар. «Білекті бірді,білімді мыңды жығар» деген. Мен сендерге сенемін. Қош сау болыңдар! Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)
Бәрі:Қош сау болыңыз.
Мұғалім: Сонымен сүйікті Әліппемізді шығарып салдық, енді кішкене ойын ойнап жіберсек: Ойын «Сөз ойла, тез ойла»
Ата-аналар ортаға шығады оларға әлемдегі барлық жақсылықтарды естеріңізге түсіріңіздер деп тапсырма беріледі Мыс. Адалдық, мейірімділік, тазалық, қамқорлық т. б.
Оларға қарама-қарсы балалары тұрады. Баласы кез-келген әріпті айтқанда ата-анасы сол әріптен келетін сөзді айту қажет.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Әліппені бітірді балаларым,. Әліппеден нәр алған даналарым. Өзі жазып - оқитын халге жетті, Құтты болсын қадамы балалардың! Балалардың білімі құтты болсын, Денсаулығы әрқашан мықты болсын. Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын - дей келе бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Көріскенше күн нұрлы болсын!



© 2010-2022