Дүниетану Тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесі 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесі

Сабақтың мақсаты: Балаларға адам организімінің тірегі болып табылатын қаңқа жөнінде жалпы мағлұмат берңп, оның құрылымымен таныстыру; өзіндік бақылаулар мен байқау нәтижелеріне, тәжірибелік жұмыстарға сүйене отырып талдау жасауға үйрету, тазалық дағдыларын, байқампаздық қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: «Адам қаңқасы» плакаты.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылығын ояту.

Өзекті сұрақ.

Біз адам- табиғаттың бір бөлігі екенін білеміз. Ол еңбек етеді,ойлайды және жануарлардан осынысымен ерекшеленеді («Адамның дене құрылымы» атты кестені ілеміз). Адамның барлық дене мүшелерінің бір -бірімен мықты байланыста екенін дәлелде. Адам организмі біртұтас дүние деуге бола ма?

ІІ. Жүзеге асыру.

1.Жаңа тақырып бойынша жұмыс.

Практикалық жұмыс.

Балалар басын, маңдайын, желкесін, шынтағын, тізесі мен қол саусақтарын ұстап көреді.

-Cендер нені ұстап көрдіңдер? (Сүйектерді)

-Олар қандай екен? (Қатты, мықты)

Қорытынды. Сүйектер бір -бірімен мықты байланысып тұр, солардан қаңқа құралады.

2.«Қаңқа» плакаты бойынша жұмыс істеу.

Қаңқаның бөліктерін ажырата білу керек.

Оқулықтағы тапсырма бойынша тәжірибе жұмысы.

3.Мәтінді оқу, адам қаңқасы және дұрыс отыру туралы негізгі ойларын анықтау.

- Мәтін бойынша әңгімелесу.

- Адам қаңқасы қандай рөл атқарады?

4.Негештің сұрағы:

-Адам неге құлаудан, бір жерін соғып алудан сақтану қажет?

Балалар сабақта өздері жасаған бақылау жұмыстарының нәтижесі бойынша қорытынды шығарады, сызба құрастырады.

Қаңқа дене тұлғасын құрайды, қозғалысты қамтамасыз етіп, маңыжды ішкі ағзаларды зақымдаудан қорғайды. Қаңқа қол мен аяқ, бас, кеуде мен барлық дене мүшелері үшін тірек рөлін атқарады. Адам денесінің сымбаттылығы да қаңқаға байланысты.

Адам дұрыс отыруға, дұрыс жүріп - тұруға дағдылану үшін не істеу қажет?

Дұрыс жүріп тұрмауының салдарынан жүрек, өкпе мен ішкі ағзалар қызметі бұзыла ма?Дүниетану Тақырыбы: Тірек- қимыл жүйесі 3 сынып

Дүниетану Тақырыбы: Тірек- қимыл жүйесі 3 сыныпДүниетану Тақырыбы: Тірек- қимыл жүйесі 3 сыныпДүниетану Тақырыбы: Тірек- қимыл жүйесі 3 сыныпДүниетану Тақырыбы: Тірек- қимыл жүйесі 3 сыныпДүниетану Тақырыбы: Тірек- қимыл жүйесі 3 сыныпДүниетану Тақырыбы: Тірек- қимыл жүйесі 3 сыныпДүниетану Тақырыбы: Тірек- қимыл жүйесі 3 сыныпДүниетану Тақырыбы: Тірек- қимыл жүйесі 3 сыныпДүниетану Тақырыбы: Тірек- қимыл жүйесі 3 сыныпДүниетану Тақырыбы: Тірек- қимыл жүйесі 3 сынып


Үй тапсырмасы:Дене сымбатын сақтау ережелерін қалыптастыр. «Қаңқа-дененің тірегі» мәтінін оқу.



© 2010-2022