Конспект урока по познанию мира на тему Ағза мүшелері (3 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ағза мүшелері, оның қызметі. Сабақтың мақсаты: Адамның табиғаттағы алатын орны, дене мүшелерімен, тері гигиенасымен таныстыру; түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету, сөйлемді дұрыс құруға дағдыландыру; білімін, тілін дамыту; денсаулық сақтауға, тазалыққа тәрбиелеу. Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: (Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу). Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық.

ІІ. Психологиялық дайындық:

  • Не себепті әр оқушы спортпен шұғылдануға міндетті? Ол қандай қасиетке тәрбиелейді?

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу

-Адам мен басқа тіршілік иелерінің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай? Өз ата - анаңнан бала күнінде қандай спорт түрімен айналысты?

IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау : Ағза мүшелері, оның қызметі.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Адам ағзасы мен оның қызметі - біртұтас. Дененің бір бөлігінемеесе бір мүшесі қимыл-қозғалыс жасаса бүкіл ағза жұмыс істейді. Мысалы, «Оны барып көруім керек » деп ойлайды (мидың жұмысы) ; оған барады, ұстайды ( аяқтың, қолдың жұмысы); қарап көреді (көздің жұмысы).

Адамның денесі 4 бөліктен тұрады: бас, мойын, көкірек, құрсақ. Адамның ішкі мүшелеріне: ми, өкпе, жүрек, бауыр, бүйрек, қарын, ішек, қуық ( 9-бет, сурет ) жатады.

Адамның ішікі дене мүшелерінің ішіндегі ең негізгісі ми. Ми - адамның ойлауына, басқа мүшелерінің жұмыс істеуіне қатысады.

Әрбір адам өз ағзасының құрылымын және оның қызметін білуі тиіс. Егер адамның еңбекке қабілеті төмендесе, онда ағзаның қызметінің нашарлауы. Бұл жағдайда дәрігерге көрініп, тексерілуі керек.

VII. Бекіту кезеңі: Ертеде адамдар балаларын кішкене кезінен (4-5 жастан) бастап денесін шынықтыратын, ептілігін, қырағылығын дамытатын жаттығулар мен ұлттық ойындарға баса назар аударған. Атқа шабу, сабақ тарту, найза шаншу, күрес сияқты денені шынықтыратын жаттығулар өте пайдалы.

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 8-10 бет оқу. Бағалау.



© 2010-2022