Әдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелері

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Әдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелеріӘдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелеріӘдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелеріӘдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелеріӘдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелеріӘдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелеріӘдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелеріӘдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелеріӘдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелеріӘдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелеріӘдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелеріӘдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелеріӘдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелеріӘдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелеріӘдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелеріӘдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелеріӘдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелеріӘдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелеріӘдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелеріӘдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелеріӘдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелеріӘдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелеріӘдебиеттік оқу. 2-сынып Сабақтың тақырыбы: Кітап. Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың кітапты түсініп оқу, кітап оқудың пайдасы туралы сөз ете отырып, оқуға деген қызығушылығын арттыру. 2. Оқушылардың түсініктерін кеңейту; белсенділіктерін дамыту 3. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, қима қағаз.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты кітапты түсініп оқу, кітап оқудың пайдасы туралы сөз ете отырып, оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

2. Тақырыпқа көшу кезеңі.(кросворд)

1. Азанда шығып, кешке батады.

2. Құлыптың досы.

3. «Көп» сөзінің басқаша мағынасы. 4. Кітапты көп оқыған адам неге жетеді? 5. Арманға жетудегі асыл жол? (күн, кілт, артық, арман, талап)
3. Тақырыпты түсіндіру. Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

  1. Оқушылардың түсініп оқуы.
Өлеңнің мазмұнына байланысты сұрақтар:
  • Кітап неліктен ескірмейді?
  • Кітап туралы қандай мақал білесің?

Сергіту сәті. Әдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелеріӘдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелеріӘдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелеріӘдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелеріӘдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелері

4. сабақты бекіту. «Кітаптар мұңы» әңгімесін оқып беру.
Дәптермен жұмыс Өлеңнен кітаптың пайдасы туралы теріп жазу

5. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау.

6. үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

7. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

2-сынып, әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Айға аттанам, апа!

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға ғарышкер туралы түсінік беру.

2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, логикасын, ой-өрісін дамыту.

3. Оқушыларды адамгершілікке, табиғатты сүюге, еліміздің қазба байлықтарын бағалауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Түрі: жаңа білім беру.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, талдау, пысықтау.

Көрнекіліктері: ғарышкерлер суреті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты кітапты түсініп оқу, кітап оқудың пайдасы туралы сөз ете отырып, оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3. Қызығушылығын ояту.

-сен қиялмен алыс ғаламшарға ұшар болсаң қандай мақсатпен барар едің?

-Өзіңмен бірге кімді, нені ала кетер едің?

-Онда барғанда кімді сағынасың?

мақсат

«...әкетемін»

«сағынамын»

Мен

Мен

мен

кейіпкер

кейіпкер

кейіпкер

«Мен» деген бөлімге сұрақтың әртүрлі жауаптарын толтыру. Оқушылардың армандары қызық екенін байқап, атап өту.

Ай, Шолпан, Сатурн, Юпитер, т.б. топтарға бөліп, солар туралы білетіндерін жинақтап, баратын жерінің бағытын сызып, қызықты саяхат жасауға болады.

3.Мағынаны тану

-Өзің сияқты баланың қандай армандары бар екенін өлеңнен оқып көрелік

Мен ғарышкер боламын.

Аспан, аспан - арайлым,

Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шоламын...

Мен ғарышкер боламын!

Ғарышкер мен де боламын,

Боламын десем боламын!

Таудай үлкен талабым,

Мен бармақтай баламын.

Көктің жүзін барлайтын

Үлкен ғалым боламын.

Үлкен ғалым боламын,

Боламын десем боламын!

4. Жаңа сабақты бекіту. (Сұрақ-жауап арқылы).

Ғарышкер мамандығы жайлы не білесің?

Болашақта кім болуды арман етесің?№

Ғалым деп кімді айтамыз?

Қандай ғалымдарды білесің?

Ғарышкер, ғалым болу үшін не істеу керек?

Өлеңді жаттап ал.

5. Үйге тапсырма беру.


Үйде өлеңді жаттау, мазмұнын айту. 6. Бағалау


2-сынып, әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Кім күшті?

Сабақтың мақсаты: 1. Ертегінің басты идеясы арқылы білім мен адамның ғажайып күші мен ұлылығын паш ету.

2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, логикасын, ой-өрісін дамыту.

3. Оқушыларды адамгершілікке, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Түрі: жаңа білім беру.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, талдау, пысықтау.

Көрнекіліктері: суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты ертегінің басты идеясы арқылы білім мен адамның ғажайып күші мен ұлылығын паш ету.

тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3. Қызығушылығын ояту.

-Бүгінгі сабағымызды жан-жануарлар әлеміне саяхаттан бастайық. Жабайы жануарларды ата. «Т» кестесін құрайық.

-Осы жабайы жануарларды қандай топтарға бөлер едің? (Мекен ету тұрағы немесе қоректенуіне, т.б. байланысты.) Сол бойынша төрт-төрттен топтарға бөлу.

-Қай топтағы жануарлар күштірек деп ойлайсыңдар? Олай ойлауларыңа не себеп болды?

-ендеше төиендегі ертегіні тыңдап крелік. (ертегі оқылады)

Шын мәнәнде құмырсқа осындай мықты ма?Құмырсқаны өзінен әлсіздермен салыстырып көр, шын мәнінде әлсіз бе?

3.Мағынаны тану.

«Проблемалық саудалас» әдісі бйынша ертегіге талдау жасау.

1-қадам. Ертегіні оқиды.

2-қадам. Жұптасады.

3-қадам. Ертегі ішіндегі талдауға қажет деп табатын мәселелерді айтып беруі.

4-қадам. Әр жұпта осы мәселелер талқыланады(мәтіннің көмегі арқылы)

5-қадам. Осы мәселені жұпта шешеді, сосын топта шешеді.

6-қадам. Әр жұп өзінің жанындағы жұпқа бірнеше сұрақтар жазады

7-қадам. Енді сұрақтарға жауап беріп, ортақ идеяны бірігіп шешеді.

4. Жаңа сабақты бекіту.

Күшті сөзінің синонимін тап. Күшті-мықты, білекті, қауқарлы, белді, қажырлы, әлеуетті, құдіретті.

Берілген синоним сөздерін пайдаланып, сөйлем құрастырып көрелік. Құраған сөйлемдеріміз салыстырмалы түрде болғаны жөн.

-Ал адамдардың арасындағы күштілікті сен қалай анықтар едің? Ол мүмкін бе?

Сергіті сәті.а) еркін түрде тік төртбұрыш сыз;

Ә) оны төртк бөл;

Б) үлгі бойынша нөмірлеп, тиісті сөздерді жазып шық;

1. әдемі

2. батыр

3. жұмсақ

4. сүйкімді

в) әр торкөздің мағынасына қарай жан-жануарлардың суретін сал:

г) әр торкөздің шетін әріптермен белгіле.

1-ж, 2-қ,3-б,4-а

5. қорытындылау.

-Күштілік дегенді қалай түсінесің?

-Ертегіден өзің тани білген жаман қасиеттерді ата: (Арыстан, себебі айтыстың басын ең бірінші бастаған сол).

5. Үйге тапсырма беру. Ертегінің мазмұнын айту. 6. Бағалау



2-сынып, әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Төле бидің батасы.

Сабақтың мақсаты: 1.Төле бидің батасымен таныстырып, мағынасын ашу, ізгі қасиеттерді бала бойына сіңіру.

2.Сөздік қорларын молайтып, тілдерін дамыту, іздену, сұрастыру арқылы халық арасындағы бата үлгілерімен танысу.

3. Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, әдептіарлы болып өсуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, талдау, пысықтау.

Көрнекіліктері:Төле бидің суреттері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты Төле бидің батасымен таныстырып, мағынасын ашу, ізгі қасиеттерді бала бойына сіңіру.

тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3. Қызығушылығын ояту.

Шаттық шеңбері.

Табиғат, сен тіршілік тұнып тұрған.

Сен -т Күнсің, көтеріліп күліп қырдан.

Сен - көлсің.

Сен - ормансың

Сен - бұлбұлсың

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

Жақсы тілектер айту.

-Жақсы тілктерді адамдар не үшін ойлап тапты екен?

-ерекше бағаланатын жақсы тілекті не деп атаймыз?

-Батаны кімдер береді? Сен өзің жатқа білемісің?

«Бата - арабтың «Фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі» дейді Яғни бата - фатекенің мағынасы: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілк білдіру. Ақ бата -ұлтымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз.

Батаның негізгі түрлері:

1. Ақ бата.

2. Теріс (қарғыс) бата.

3. Серттесу батасы (баталасу).

3.Мағынаны тану.

Төле бидің батасымен танысып көрелік.

Әлібекұлы төле би (1663-1756) -қазақтың тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарға» деп аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі ұлы жүздің дулат тайпасының жаныс руынан. Шежірешілер «тоғыз ұлды Құлайберді әулетінен Төлеге дейін бай да, би де шықпаған. Олар «қарашоғыр атанған» атанған қара шаруа болған» деген дерек береді.

Қазіргі Жамбыл облысыныңдағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы Леңгір ауданының Ақбұрхан ордасында қайтыс болған. Қазақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, ұлы жүздің бас биі.

4. Жаңа сабақты бекіту.

Дәптерде берілген тапсырмаларды орындату.

«Өнерді үйрен» мәтінімен жұмыс.

-Осы баталарды тыңдай отырып, өздеріне қандай ой түйдіңдер?

5. Сабақты қорытындылау.

Бата дегеніміз не?

-батаның қандай түрлері бар?

5. Үйге тапсырма беру. Төле бидің батасы, әңгімелеухфц 6. Бағалау

Әдебиеттік оқу, 2-сынып.

Сабақтын тақырыбы: Таудай бол!

Сабақтың мақсаты:өлең мазмұны мен идеясын ашуға мүмкіндік жасау.

1) тақырыпты өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру.өлеңді оқылу мәнерін іздету

2) Оқушының шығармашылық мүмкіндігі мен дәстүрден тыс ойлау мүмкіндігі мен дәстүрден тыс ойлау мүмкіндігіне қозғау салу.

3)Дене саулығы мен жан саулығының табиғатпен үйлесімділігін түсінуге, әсемдікті түсінуге жағдай туғызу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, талдау, пысықтау.

Көрнекіліктері:суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты өлеңді өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру. Өлеңнің оқылу мәнерін іздету

Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Әдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелері

3. Қызығушылығын ояту.

-Балалар, сендер күнде ұйқыдан белгілі бір мезгілде тұрасыңдар.

-Үйлеріңде кім ерте тұрады?

Оқушылардың айтқанын тыңдап, қорытындылап, тақатадағы семантикалық картаның бірінші бөлігіне жазу.

-Иә, көбінесе үлкендер ерте тұрады.

-Ал ақын Н. Айтов кімнің ерте тұратынын «Ерте тұрды» деген өлеңде өте қызық жазған екен. Сендер алдарыңдағы картаның 1-бөліміне өздерің өлеңнен ерте тұратындар кім, не екенін ести отырып, кейіпкерлерді түртіп алып жазып отырыңдар ( өлеңді оқып немесе қағазға жазып беру)

4.Жаңа сабақ.

Автормен таныстыру. Өлеңді бір рет іштей оқыту, бірнеше оқушыға дауыстытап оқыту. Оқушының оқу мәнеріне, дауыс ырғағына мән беру.

Өсемін мен, білдім жаңа,

Сағат сайын, барлық уақыт.

Өсем үстелде отырып та,

Сыныпқа да бара жатып.

Терезеге қарап та өсем,

Кино көрсем де, өсемін мен,

Қараңғыда, жарықта өсем,

Өсем күннің әсерімен.

Тазалықты сақтау үшін

Бір кісідей күресемін.

Үй сыпырып, мен өсемін,

Кітап оқып, мен өсемін.

Өсемін мен боранда да,

Өсемін мен аяз сүйіп.

Осы күні анамнан да

Бойым менің аздап биік!

Агния Барто, Ресей ақыны Аударған Т. Молдағалиев

Сымбатты болып өсу үшін не істеу керек?

Ал ойыңды өсіру үшін не істейсің?

Сымбатты әрі ақылды болғысы келген балаға қандай кеңес берер едің?

Өлеңді түсініп оқы.

Спорт пен еңбектің адамға тигізер пайдасы туралы әңгімеле.

5. Сабақты бекіту.

Мақалдарды жинастыру.

1.Ұйқы тынықтырады,

Жұмыс шынықтырады.

2.Ерте тұрсаң, алдыңнан күн шығады,

Жай тұрсаң, алдыңнан түн шығады.

3.Денсаулық - зор байлық.

4.Ауырып ем іздегенше,

Ауырмаудың жолын ізде.

5. Дені саудың - жаны сау.

Дәптермен жұмыс.

6. Қорытынды бөлім. Не білдік? Не үйрендік?

7. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. Өлеңді жаттау.

8. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Әдебиеттік оқу, 2-сынып.

Сабақтын тақырыбы: Таудай бол!

Сабақтың мақсаты:тақырып мазмұны мен идеясын ашуға мүмкіндік жасау.

1) тақырыпты өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру.өлеңді оқылу мәнерін іздету

2) Оқушының шығармашылық мүмкіндігі мен дәстүрден тыс ойлау мүмкіндігі мен дәстүрден тыс ойлау мүмкіндігіне қозғау салу.

3)Дене саулығы мен жан саулығының табиғатпен үйлесімділігін түсінуге, әсемдікті түсінуге жағдай туғызу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, талдау, пысықтау.

Көрнекіліктері:суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты тақырыптыі өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру. Өлеңнің оқылу мәнерін іздету

Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Қызық дәстүр, мазмұндау.

Әдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелері

3. Қызығушылығын ояту.

-Балалар, сендер күнде ұйқыдан белгілі бір мезгілде тұрасыңдар.

-Үйлеріңде кім ерте тұрады?

Оқушылардың айтқанын тыңдап, қорытындылап, тақатадағы семантикалық картаның бірінші бөлігіне жазу.

-Иә, көбінесе үлкендер ерте тұрады.

-Ал ақын Н. Айтов кімнің ерте тұратынын «Ерте тұрды» деген өлеңде өте қызық жазған екен. Сендер алдарыңдағы картаның 1-бөліміне өздерің өлеңнен ерте тұратындар кім, не екенін ести отырып, кейіпкерлерді түртіп алып жазып отырыңдар ( өлеңді оқып немесе қағазға жазып беру)

4.Жаңа сабақ.

Тақырыпты бір рет іштей оқыту, бірнеше оқушыға дауыстытап оқыту. Оқушының оқу мәнеріне, дауыс ырғағына мән беру.

Өсемін мен, білдім жаңа,

Сағат сайын, барлық уақыт.

Өсем үстелде отырып та,

Сыныпқа да бара жатып.

Терезеге қарап та өсем,

Кино көрсем де, өсемін мен,

Қараңғыда, жарықта өсем,

Өсем күннің әсерімен.

Тазалықты сақтау үшін

Бір кісідей күресемін.

Үй сыпырып, мен өсемін,

Кітап оқып, мен өсемін.

Өсемін мен боранда да,

Өсемін мен аяз сүйіп.

Осы күні анамнан да

Бойым менің аздап биік!

Агния Барто, Ресей ақыны Аударған Т. Молдағалиев

Сымбатты болып өсу үшін не істеу керек?

Ал ойыңды өсіру үшін не істейсің?

Сымбатты әрі ақылды болғысы келген балаға қандай кеңес берер едің?

Өлеңді түсініп оқы.

Спорт пен еңбектің адамға тигізер пайдасы туралы әңгімеле.

5. Сабақты бекіту.

Мақалдарды жинастыру.

1.Ұйқы тынықтырады,

Жұмыс шынықтырады.

2.Ерте тұрсаң, алдыңнан күн шығады,

Жай тұрсаң, алдыңнан түн шығады.

3.Денсаулық - зор байлық.

4.Ауырып ем іздегенше,

Ауырмаудың жолын ізде.

5. Дені саудың - жаны сау.

Дәптермен жұмыс.

6. Қорытынды бөлім. Не білдік? Не үйрендік?

7. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. Өлеңді жаттау.

8. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

2-сынып, әдебиеттік оқу.

Сабактың тақырыбы: Бесік жыры.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды өлеңдегі ойды түсініп, оған ат қоюға машықтандыру;

2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауын, логикалық ойлау, сөйлеу мәнерін дамыту;

3. Үлкенді сыйлауға, отбасында бауырмашылдық қарым-катынас жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, талдау, пысықтау.

Көрнекіліктері:суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты өлеңді өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру. Өлеңдегі ойды түсініп, оған ат қоюға машықтандыру.

Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Өс, ұлан!» жаттау.

3. Қызығушылығын ояту

Мұғалім оқушыларды партада отырған орны бойынша 3 топқа бөледі. Бәріне ортақ бір сөз беріледі. Ұсынылған сөзге 1-топ бір сөйлем айтады, 2-ші және З-топтар сол сөйлемдегі әрі қарай мәтін болатындай етіп жалғастырады. Мұғалім әp топтың сөйлемін тақтаға жазғызып оқытады.

Осы сөйлемдердің жиынтығы мәтін бола ала ма?

Олар өзара байланысқан ба екен?

Erep сөйлемдер өзара байланысса, олар мәтін бола ала ма екен?

4. Тақырыпты түсіндіру.

Өлеңге қатысты кіріспе әңгіме.

Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

Оқушылардың өлеңді дұрыс, мәнерлеп оқуы.

Өлең мазмұны бойынша сұрактар мен тапсырмалар:

Өлеңде кім туралы айтылған?

Өлеңді алдыңғы сабақтардағы ана туралы мәтіндермен салыстыр.

Өлеңнің алғашқы төрт жолын көшіріп жаз.Әдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелері

Өлеңге ат қой.

Оқулықтан тыс тапсырмалар:

5. Сабақты бекіту.

«Алма жинау» ойыны.

Кел балалар, ойналық!

Тектен-текке тұрмайық

Жемістерді жинайық!

Ойын шарты: Алма ағаштағы алмаларды үлкенінен кішісіне қарай ретімен орналастыр.

1.алма. Менің Әсем деген сіңілім бар.

2.алма. Ол сурет салуды ұнатады.

3.алма. Ол менен үлгі алады.

4. алма. Сондықтан мен жақсы оқушы болуым керек.

- Мәтінде неше сөйлем бар. Мәтінге ат қой.

Дәптермен жұмыс.

6. Сабақты қорыту.

Не білдік? Не үйрендік?

7. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

8. Бағалау.



2-сынып, әдебиеттік оқу.

Сабактың тақырыбы: Мүшел жас.

Сабақтың мақсаты:

1. мәтін мазмұнын түсініп,адам жасынан ерекшеліктеріне мән бере отырып, айтылған ойға, үлкеннің сөзін тыңдай білуге, өзгелердің пікірімен санаса білуге үйрету.

2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауын, өз беттерінше қорытынды шығару дағдыларын жетілдіру.

3. әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүрімізді құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, талдау, пысықтау.

Көрнекіліктері:суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты мәтін мазмұнын түсініп,адам жасынан ерекшеліктеріне мән бере отырып, айтылған ойға, үлкеннің сөзін тыңдай білуге, өзгелердің пікірімен санаса білуге үйрету.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Бесік жыры әңгімелеу.

3. Қызығушылығын ояту

«Туған күнге» өлеңін оқып беру.

Құтты болсын туған күн

Кіндігіңді кесіп ап

Жібек жіппен буған күн

Шілдехана суымен

Алғаш рет жуған күн

Орап алып жөргекке

Ақ сүтін асыл ананың

Емірене емген күн

Әкең келіп төбеңнен

Тебірене төнген күн

Қуанғаннан ел жұртың

Көрімдігін берген күн

Кімге тартты екен деп бетіңді ашып берген күн

Туған күнің жыл сайын

Жүз жыл бойы тойлансын

-Бұл өлең жолдары кімге арналған деп ойлайсыңдар?

-бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болатынын аңғардыңдар ма?

-Батыр атамыз Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесінен алған үзінді «Мүшел жас» мәтінін оқимыз.

Оқушылардың Бауыржан Момышұлы туралы не білетіндері бойынша «топтастыру» құру.

жазушы

Бауыржан Мом. мәтінді мазмұнына сай жүйелі әңгімелеу арқылы түсінгендерін дәлелдеу. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау арқылы идеясын ашу.

ышұлы

жауынгер

қолбасшы

Халық қаһарманы

4. Тақырыпты түсіндіру.

Б. Момышұлы (1910-1982) - екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, Халық Қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері - Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.

Мәтінді түсініп оқу. «Мүшел жас» кестесі бойынша толықтыру.

Халық даналығында мүшел жас деген ұғым бар. Бұл ұғым түркі тілдес халықтар мен Орта Азия халықтарының көпшілігінде кездеседі. Әр мүшелден өткен сайын адам баласы есейіп, бүкіл бір елді басқара алатындай шамада болғанда, оған келер қауіп те көбейсе керек. Өйткені мүшелі жастың да өз алдына қауіптері бар. Ендеше мүшел жасты былай жіктеуге болады.

13-жас - ер жете бастауы

25 жас - жігіттік шақ

37 жас - ақыл тоқтататын кезең

49 жас - орта жас

61жас - немере сүю

73 жас қарттықтың басы

85 жас - кәрілік

97 жас - қалжырау

109 жас - шөпшек сүю

121 жас - немене сүю

Асрономия ғылымының деректері бойынша, әрбір 12 жылда Юпитер өзінің орбитасын бір рет айналып шығады. Адамның мүшелі жасы да әрбір 12 жыл сайын кіріп отырады.

Бір жылда 12 ай бар. Мұнда да бір байланыстың бары анық.

5. Сабақты бекіту.

-Отбасында туған күн мерекесі қалай аталып өтер еді?Бұл мерекенің жақсы не жаманын ажыратып жазайық

Жақсы

жаман

-Осы кестенің жақсы жағы бойынша кім ұтып тұр? Керісінше, жаман жағы бойынша кім ұтылып тұр? Ол неге байланысты екен?

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс.

6. Сабақты қорыту.

Не білдік? Не үйрендік?

7. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

8. Бағалау.

2-сынып, әдебиеттік оқу.

Сабактың тақырыбы: Жеті қазынаның бірі.

Сабақтың мақсаты:

1. мәтінді мазмұнына сай жүйелі әңгімелеу арқылы түсінгендерін дәлелдеу. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау арқылы идеясын ашу.

2. Оқушыларға берілген тақырып, мәтін бойынша талдау жұмыстарын, сөздік жұмысын өз бетімен топта жүргізе білу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

3. үлкендерді сыйлауға, бірін-бірі тыңдауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, талдау, пысықтау.

Көрнекіліктері:жеті қазынаның суреттері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Мәтінді мазмұнына сай жүйелі әңгімелеу арқылы түсінгендерін дәлелдеу. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау арқылы идеясын ашу.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Мүшел жас. 44-бет, әңгімелеу.

3. Қызығушылығын ояту

«Қазына» дегенде көз алдымызға не елестейді?

байлық

ақша

Асыл тастар

Жер астына тығылған көмбе

Жер астынан үңгірден табылған теңгелер

Қазына

Жинаған қор

Сандықтағы бағалы заттар

Алтын күміс

-Өмірдің бар қызығы байлықта ма?

-Өмірі таусылмайтын мәңгілік сақталатын қазына не нәрсе деп ойлайсың?

Топта талқылау арқылы орындау. Орындаған жұмыстарын көрінетін орынға іліп қою.

-Жеті қазына туралы не білесің? (берілген кестені толтыру)

Менің ойым

Ел аузынан

-Ал халқымыз жеті қазынаға не жатқызады екен, мәтіннен оқып көрелік.

4. Тақырыпты түсіндіру.

-Осы қазыналардың бүгін біреуі туралы ғана ертегі оқимыз. Мәтіннің 1,2 абзацын оқып, түсіну.

-Ертегідегі түлкінің сөзінен не байқадыңдар?

-Балалар өздеріңді өмірде біреу мақтаса, қандай сезімде боласыңдар? (қуаныш, рақаттану, кішкене қысылу...)

-Ертегінің осы бөлігіне қандай тақырып қояр едіңдер? Тақтаға жаздыру. Мысалы: аңдар жиналысы. Әрі қарай ертегіні оқу «...Дереу арамыздан аластатыңдар! -депті күндей күркіреп» деген сөйлемнен кейін тоқтатылады. Сұрақтар: -Ит неліктен әңгімеге араласқысы келмеді?-Қалай ойлайсың, Арыстан итті қалай жазалауы мүмкін?-Олай болса осы бөлімді қалай атауға болады? мысалы: Арыстанның қаһары. Т.с.с. сұрақтар қойылады.

5. Сабақты бекіту.

Жеті қазынаның бірі не екен?

-Қалған қазынаға не жататынын білемісің?

(керек дерек) Қазақ халқы жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады: 1. Жүйрік ат; 2. Қыран бүркіт; 3. құмай тазы; 4. Берен мылтық; 5. Қандыауыз қақпан; 6. Майланғыш ау;7. Өткір кездік.т.б.

Дәптермен жұмыс.

6. Сабақты қорыту.

Не білдік? Не үйрендік?

7. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Жеті қазынаның бірі.

8. Бағалау.

2-сынып, әдебиеттік оқу.

Сабактың тақырыбы: Алтын алқа.

Сабақтың мақсаты: мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыра түсінуге мүмкіндік беру.

1. оқуға машықтандыру, мәтін идеясындағы халқымыздың бауырмалдық, адамгершілік қасиеттерін кейіпкерлерді талдау арқылы ашу.

2. оқушыларға бағыт бағдар бере отырып, өз бетінше жұмыс істеуге шығармашылық қиялын ұштауға , қорытынды жасауға машықтандыру.

3. Салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, талдау, пысықтау.

Көрнекіліктері:ұлттық нақыштағы бұйымдар суреттері. Асық түрлері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: оқуға машықтандыру, мәтін идеясындағы халқымыздың бауырмалдық, адамгершілік қасиеттерін кейіпкерлерді талдау арқылы ашу.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Жеті қазынаның бірі. 45-46 бет, әңгімелеу.

3. Қызығушылығын ояту

таға

сақа

Алтын

білезік

Адам, тіс, шаш, алма, бас, белдік, сағат т.б.

қасық

сақина

бесік

Осы сөз тіркестерінің ішінен қайсысы ертегі түрінде жатады? Қызыл дөңгелекшемен белгілейік. «Алтын сақа» ертегісін еске түсірейік.

-шын мәнінде өмірде алтын сақа бар ма екен? (ойлан, жұптас, ортаға сал)

4. Тақырыпты түсіндіру.

Мәтінді дауыстап оқу. Іштей оқып отырып «Түртіп алу» әдісімен мәтіндегі әпкесі мен інісі арасындағы мейірімділік пен жанашырлық сезімдерін жазушының көрсетуі бойынша белгілеп отырады.

-осы сәтті көз алдарыңа елестетіп отырып қалай бейнелеп берер едің?

Топқа тапсырма:

-әпкесі мен інісіне сипаттама бер. Әпкесінің әшекей бұйымынан несі бар? (суретпен жұмыс)

-Мәтіндегі алтын сақа мен ертегідегі сақаның айырмашылығы неде?

-Қай сақаның құны қымбаттырақ болып тұр? Неліктен?

Сергіту сәті:

Асық ойнаған азар

Доп ойнаған тозар

Бәрінен де қой бағып

Қозы өсірген озар.

-Төмендегі мақал жолдарының басты кеіпкерге қатысы бар ма?

Ұқыпты - ұтар

Іздеген - табар

Оқыған - озар

Еріншек - тозар

-сергіту сәтіндегі өлеңді мақалмен байланыстырып көр мақал қай заманға сай айтылған деп ойлайсың?

5. Сабақты бекіту.

Не үйрендің?

Сұрағың

пікірің

(берілген кестені толтыру)

Дәптермен жұмыс

7. Үйге тапсырма беру.

Алтын алқа. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеу.

8. Бағалау.


2-сынып, әдебиеттік оқу.

Сабактың тақырыбы: Қызық дәстүр. Әдібай Табылды.

Сабақтың мақсаты: мәтін мазмұнын түсінуге, сөздік қорын байытуға, сол сөздерді өмірде пайдалана білуге жағдай туғызу.

1. автордың көтерген идеясын жаңғырту арқылы өзінше ой түю, зерттей оқу мүмкіндігін ашу.

2.ой-өрісін, тіл байлығын дамыту арқылы сөз ұтқырлығына баулу, өз сезімдерін тап басып сипаттауға үйрету..

3.ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, талдау, пысықтау.

Көрнекіліктері:ұлттық салт-дәстүріміздің өткізілу іс-шараларынан сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: мәтін мазмұнын түсінуге, сөздік қорын байытуға, сол сөздерді өмірде пайдалана білуге жағдай туғызу.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Алтын алқа. Мазмұндау.

3. Қызығушылығын ояту

-Балалар, дәстүр деген сөзді қалай түсінесіңдер? Оқушылардың жауаптарын топтастыру тізбесіне түсіру.

Әдет-ғұрып

Мәдени мұра

Дәстүр

Қалыпқа түсірген өмір сүру заңы

-Қазақтың қандай салт-дәстүрін білесің?

-«Т» кестесін құру(сынып бойынша біреуін құру)

-Осылардың ішіненөзің білетіндерін дәптеріңе теріп жаз.

-Барлығыңа кездесетін алты түрлі дәстүрді таңдап алып, оқущыларды топтарға бөлу.

-Көрнекі құралдардың көмегімен саяхат минутын өткізу.

-сенің ойыңша бұл қай салт-дәстүр?

-Оған дәлелің қайда?

-Енді Әдібай Табылдының «Қызық дәстүр» мәтінінде қандай дәстүр туралы сөз болмақ екен, оқып көрелік.

4. Тақырыпты түсіндіру.

Мәтінді дауыстап оқу.

Топқа тапсырма:

--Бұл дәстүрді біз атадық па?

«Әдеби үйірме» әдісі арқылы мәтіне талдау жасау.

1-топ. Баяндап беруші(мәтінді мазмұндап береді)

2-топ. Зерттеуші»аталған дәстүрдің өткізілу жолдарын атайды)

3-топ. Сұрақ құрастырушы (мәтінге байланысты қорытынды сұрақтар әзірлейді)

-4-топ. Сілтеме табушы(әңгіменің рухани құндылығын табады)

5-топ. Бейнелеуші, суретші(дәстүрдің жөн-жоралғыларын суретке салады.

6-топ. Дәнекер (дәстүрдің пайдасы туралы сөз етеді)

Керек дерек.

қазақ балалары бес жасынан бастап атқа салт мінуге жаттығады. Ата-аналары баланың алғаш атқа мінуін қуаныш етіп, той жасайды. Атқа мінетін бала жаңа киім киіп, басына үкі тағып, «ашамай» деп аталатыне екі қасы «х» түрінде айшықталып жасалған ерге мініп, туған-туысқандары мен руластарын аралаайды. Туыстары оған шашу шашып, айыл-өмілдірік, құйысқан, жырым-шеттік, шыбыртқы қамшы сияқты ер-тұрмандарын байғазығабереді. Көшпелі тұрмыстың қажетіне сай, қазақта адам басына бірден ер-тоқым болады. қазақ ішінде ат-көлік табу оңай, ер-тұрман табу қиын. Өйткені қазақтың өмірінің көбі ат үстінде өтеді. Қазақтар «ер атымен, құс қанатымен» деп, атты - ер адамның қанаты есептейді. Атқа мінудің бірінші шарты - ер-тоқым, атқа жайдақ мінуді жаяушылықтан жаман көреді. Сондықтан «ат табылады, ер табылмайды» дейді.

Сергіту сәті:

Ойнап-күліп жүру керек

Ойлап жүріп-тұру керек!

Жеті жасқа жетпей бала

«жеті атасын» білу керек, -

Деп, жеті атаны жатқа айтқызу.

5. Сабақты бекіту.

«Аквариум» әдісі арқылы екі топқа бөлінген сынып оқушылары «Баланы неліктен атқа отыруға үйретеді?» сауалына ойланып, жұптасып, топтасып жауап береді.

(Дәптермен жұмыс)

6. сабақты қрыту.

Не білдік? Не үйрендік?

7. Үйге тапсырма беру.

Қызық дәстүр. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеу.

8. Бағалау.

2-сынып, әдебиеттік оқу.

Сабактың тақырыбы: өткен тарау бойынша білімдерін тексеру.

Сабақтың мақсаты:

1. өткен тақырыптардан алған білімдерін пысықтау, авторлардың көтерген идеяларын жаңғырту арқылы өзінше ой түю, зерттей оқу мүмкіндігін ашу.

2.ой-өрісін, тіл байлығын дамыту арқылы сөз ұтқырлығына баулу, өз сезімдерін тап басып сипаттауға үйрету..

3.ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білімді бекіту сабағы.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, пысықтау.

Көрнекіліктері:тест парақшалары, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: өткен тақырыптардан алған білімдерін пысықтау, авторлардың көтерген идеяларын жаңғырту арқылы өзінше ой түю, зерттей оқу мүмкіндігін ашу.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Төрт түліктің кеңесі. Мазмұндау.

3. Тақырыптарды қайталау.

Әдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелері

Әдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелері

6. Сабақты қрыту.

Не білдік? Не үйрендік?

7. Үйге тапсырма беру.

Қайталау.

8. Бағалау.

Оқушылардың еңбектерін бағалау.




Әдебиеттік оқу. 2-сынып. Сабақтың тақырыбы: Атамекен. Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: оқушыларға әңгімені түсініп оқыту Дамытушылық мақсаты: әңгіменің мазмұнын аша отырып, баланың сөздік қорын толықтыру, сөйлеу тілін дамыта отырып, әсерлеп, ма,ынаны әңгімелей білуге дағдыландыру. Тәрбиелік мақсаты: туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін ояту

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу, түсіндіру.

Көрнекіліктері: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: әңгіменің мазмұнын аша отырып, баланың сөздік қорын толықтыру, сөйлеу тілін дамыта отырып, әсерлеп, ма,ынаны әңгімелей білуге дағдыландыру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Туған жер. Мазмұндау.

ІІІ. Қызығушылықты ояту. Жұмбақтар шешкізу. Сулары жоқ, көлдері бар, Үйлері жоқ, елдері бар. Тастары жоқ, таулары бар, Қарбыздай-ақ аумағы бар. (глобус) Көтерейін десем ауыр кілем. Көтермейін десем тәуір кілем. (жер шары) ІҮ. Тақырыпты түсіндіру. Бүгінгі сабақта «Атамекен» деген әңгімені оқимыз.

  • «Атамекен» әңгімесін мәнерлеп оқылады.
  • Түсініксіз сөздерге сөздік жұмысы жүргізіледі.
  • Оқушылар іштерінен оқып шыққаннан кейін, дауыстап, тізбектей бір рет оқылып шығады.
Ү. Сабақты бекіту. Осы әңгімедегі жер аттарын дәптердеріне жазып шығады. Осы атаулардың себебін ашатындай әркім бір жер атауын алып, аңыз-әңгімені өз қиялдарынан құрастырып жазады. Үзіндісі оқылады. Мақалдың мағынасын түсіндіру. Туған жердің жері де көрікті, Елі де сүйікті. ҮІ. Сабақты қорыту. Сабақты қорытындылау. ҮІІ. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. Әңгімені оқу, мазмұнын айту. ҮІІІ. Бағалау. Оқушылардың еңбегін мадақтау.








© 2010-2022