Открытый урок по граммоте на тему Бір атаның ұрпағы

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Бір атаның ұрпағы. Әліпби.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Әліпби жайлы түсініктерін кеңейту.Оқушылардың мәтінді

дұрыс түсініп оқуға төселдіру.

Дамытушылық: Оқу-жазу дағдыларын арттыру,сөздік қорларын,таным белсенділіктерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке,мейрімділікке,бауырмалдылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: әліпби кестесі,слайд,ребус.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Сабаққа біз даярмыз,

Жалқаулықты қоямыз.

Үздік оқып әрқашан,

Кілең бестік аламыз

II.Үй тапсырмасын сұрау

110-жаттығу.

«Ұланы еркін елімнің» өлеңді мәнерлеп дауыстап оқыту.

-Балалар, біздің Отанымыз қай ел? - Қазақстан

-Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз)

Қазақстан - тәуелсіз мемлекет. Астанасы - Астана қаласы.

Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Өз рәміздері бар.

Қазақстанның табиғаты әдемі.

IІІ. Білімді жан-жақты тексеру.

-Балалар,біздің сыныпқа аққала қонаққа келіпті.Оның бізге әкелген тапсырмалары бар екен.

1 - тапсырма: Дыбыс деген не? (Естиміз, айтамыз) Әріп дегеніміз не? (Көреміз жазамыз) Дыбыс нешеге бөлінеді? (Дауысты, дауыссыз) Дауысты дыбыстар қалай айтылады? (Созылып айтылады) Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? (Қысқа айтылады)

Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?(жуан және жіңішке) Жуан дауысты дыбыстарды ата.(а,о,ұ,ы )

Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.(ә,ө,ү,і,е)

Буын дегеніміз не?

Тасымал дегеніміз не?

Әліпбиде неше әріп бар?

2 - тапсырма:

Ұстай қалсаң еріп кетер, Әуре болма теріп бекер. (қар)

Аяғы жоқ жүреді,

Сылқ-сылқ күледі. (су)

Көлдiң бетi көк әйнек,

Сырғанауға, тым әйбет! (мұз)

IV. Мақсат қою кезеңі

Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

V. Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс:110-жаттығу.

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Ескермес Сәрсенбаевтің

«Бір атаның ұрпағы» әңгімесін оқып,түсіндіру.

СУ

Бу

Қар

Мұз

Қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында жеті атасын үйрету,атадан

балаға жалғасады.Бала өзінен бастап әкесі,атасы,бабасы т. б. жеті

атасының нақтылы есімдерін жаттап өседі.Бұлардан тараған ұрпақтар

бір атаның балалары саналады.

«Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» дей отырып жеті атаның қалай аталатынына көз жүгіртейік. 1. Ата 2. Әке. 3. Бала. 4. Немере. 5. Шөбере. 6. шөпшек 7. Немене.

І топ. Әңгімені дауыстап оқыту.

ІІ топ. Әңгіменің мазмұнын сұрау.

ІІІ топ. Әңгімені рөлге бөліп ойнату.

Сергіту сәті

114-жаттығу.Ребусты шеш.

Бақа". Лақ". Бал. Бірінші әріп әліпбиде 3.

"Жылан'. Қаз". Лақ. Бірінші әріп әліпбиде 16.

115-жаттығу.Жаңылтпашты оқып,жатқа жазып айт.

Ұғымпаз бала

Болар дана.

Ұғымсыз бала

Қалар шала.

Жаңылтпаштағы сөздерді әліпби ретімен жаз.

Бала,болар,дана,қалар,ұғымпаз,ұғымсыз,шала.

VI.Бекіту кезеңі:

Сұрақ-жауап арқылы қорыту.

«Бір атаның ұрпағымыз» дегенді қалай түсінеміз?

Қар не деп мақтанды?Мұз ше?Су не деді?

VIII.Үйге тапсырма

73 бет оқу,мазмұнын айту.Жеті атаны біліп келу.

Әліпбиді жаттау.



© 2010-2022