Біздің Отанымыз - Қазақстан атты тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Біздің Отанымыз - Қазақстан»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру.
Дамытушылық: Түрлі сұрақтар, суреттер арқылы баланы ойланта отырып, олардың көзқарасын танытуға мүмкіндік жасау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік: Өзіндік көзқарасы бар ұлтжанды азамат тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Байқау-сабақ
Көрнекіліктер: Мемлекеттік рәміздер суреті, суреттер, нақыл сөздер.


Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу, оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.

  • Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ата-аналар және де ұстаздар!

  • 1 қыркүйек, яғни бүгін қандай мереке? Білім күні.

  • Құрметті оқушылар, сендерді бүгінгі білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сендерге жаңа оқу жылыда сабақты жақсы оқып, сайыстар мен іс-шараларға белсенді қатысуларынды тілеймін.

ІІ. Ой қозғау

Балалар, мен сендерге қазір өлең жолдарын оқимын, ал сендер өлеңді мұқият тыңдап отырып, онда не туралы жырланғанын айтыңыздар. Келістік пе?

Көп аузынан түспейтін, Отан - сенің ата-анаң,

Отан деген немене? Отан - досың, бауырың,

Оның тұлға түс кейпін, Отан - өлкең, астнаң,

Досым білгің келе ме? Отан - аудан, ауылың.

-Дұрыс айтасыңдар. Отан туралы айтылған. Отан деген не? Ол қайдан басталады? Отанға нелер жатады? Біздің Отанымыз қай ел, мемлекет? Қазақстан елі, жері, суы қандай? Сендер өз Отандарынды сүйесіңдер ме? Отқа түсуге дайынсыңдыр ма?

Сонымен, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Менің Отаным - Қазақстан». Біздің Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет. Кім біледі тәуелсіздіктің белгісін не білдіреді? Әрине, олар Әнұран, Ту және Елтаңба. Туға канекей назар аударыңдаршы. Туымыз қандай түсті? Көк түсті. Неге ол көк түсті? Өйткені, бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған.

Ал күн нені білдіреді? Күн - қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн - уақыт, замана бейнесi.

Қыран құс бүркіт ше? Қанатын жайған қыран құс - бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Шәкен Ниязбеков авторы.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы - Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.1992 ж. маусымның 4 қабылданған.

Суреттемесі. Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның негiзi - шаңырақ. Ол - елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ - мемлекеттiң түп-негiзi - отбасының бейнесi. Шаңырақ - Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ - киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.

Түндік - таза көк аспанын бейнелейді. Үш-санды айқыш-ұйқыш келген күлдреуіштер қазақтың үш жүздін бірлігі бекемдігін көрсетеді.

Шаңырақтан шыққан уықтар күн арайларын еске салады.

Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.

Тұлпар - дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар - қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi.

Төменде таспа белдігінде ірі әріппен «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуы бар.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторлары - Жандарбек Мәлiбеков пен Шота Уәлиханов.

Әнұран, гимн (көне грекше: hymnos - мадақтау ән) - салтанатты ән, мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі..Оның сөзі де, музыкасы да рух көтеретін салтанатты, үлкен мұраттарға бастайтындай болуы керек.

ҚР Президентінің 2006 жылғы 7 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміз - Әнұранның мәтіні мен оны ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов. Әнұранның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, Атамекенге деген шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен жан - дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейіліміз, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттер басшыларының ресми кездесулері Әнұранның орындалуымен ашылады.

Енді, айтыңдаршы балалар мектепте сендер бірінші жыл келіп тұрған жоқсындар. Мектепте қандай ережелерді білесіңдер? Олар сабақты жақсы оқу керекпіз, сабақтан кешікпеу керекпіз, сабақты босатпауымыз керек, мұғалімнің айтқанын ұғып алуымыз, сынып ішінде алыспауымыз, тағы да сол сияқты. Енді, ҚР-ның әрбір азаматы, адамы сақтайтын өзінің ережелері бар. Бұл ережелер жинақталған кітап Конституция немесе Ата заң деп аталады.

- Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.

Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады.

1995 ж. 30-тамызда өткізілген бүкілхалықтық жиында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы - конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен (98 баптан) тұрады.

Ата Заң
Ата Заңым,
Алтын Заңым - ардағым,
Аялаған адамзаттың арманын.
Жол бастайды болашаққа жасампаз,
Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың.
Алтын Заңда -
Парасатым, пайымым.
Алтын Заңда -
Күш - қуатым, жалыным.
Сен қорғайсың
Бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаны күн.

ІІІ.Жаңа сабақ:

«Санаға сапар»

  • Кең байтақ еліміз - Қазақстанда 120 - дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл деген қазақ халқының ұлылығынан, кеңдігінен, кеңпейілділігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.

  • Балалар, қандай ұлттарды білесіндер? (Оқушының жауабы)

  • Қазақ Халықтарының Ассамблеясы Президенттің жарлығы бойынша 1995 жылы 1 наурызда құрылған. Ассамблея ұлт аралық достықты сақтау, мемлекеттік саясатпен ұштастыру, бірыңғай шешім қабылдауды қарастырады.

  • Алғаш рет республикалық көлемде кәріс, неміс, поляк, ұйғырлардың съездері болды. Татарлар мен башқұрттардың құрылтайы, өзбек, ұйғыр, түрік, дүнген, күрт, немістердің мәдени фестивальдары болып, онда олардың мәдени күндері белгіленген. Міне, осы шаралардың арқасында көп ұлтты қазақ халқының экономикасы жақсарып, халық саны өсіп, түнгі ұйқылары тыныш болуда.


Мемлекеттің барлық азаматтары-үлкендерде, балалар да мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс.Өз еліңнің Туын, Елтанбасын және Әнұранның құрметтеу-өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау.

ІV. Бекіту.

- Балалар, біз қай елде, Республикада тұрамыз?
- Қазақстанның елордасы қай қала?
- Елбасымыз кім?
- Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?

- Қазақстан Республикасында неше ұлт өкілдерері тұрады?

- Қазақ Халықтарының Ассамблеясы қай жылы құрылды?

- Конституция қай жылы қабылданды?

V. Қорытындылау.

  • Балалар, бүгін сабақта не білдіндер? (Оқушылардың жауабы)

  • Қорытындылай келе, бәрімізге айтарым, қашанда жүзіміз жарқын, көңіліміз шат болып жүру үшін ұлтаралық ынтымақтастықты нығайту, жалған айтпай берген уәдені орындау басты парызымыз екенін ұмытпайық.
    Жасасын достықты жақтаған қазақ елі!



© 2010-2022